Мұғалім — болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.
Сынып жетекші –сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог.
Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдептікөзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі.
Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Глоссарий:
Кіріспе
Басқарудың әкімшілік мектебі пайда болуы-нан бастап мамандар ұйымды басқару тәсілдерін жетілдіруді үнемі іздестіруде болады.
Бұл мектептің авторлары үлкен бизнес саласында басқарудың жоғарғы деңгейінде бас-шы болып көп еңбек тәжірибесін өздері жинаған жандар.
Мәселен, Анри Файоль – осы мектептің негізін қалаған, оны менеджменттің атасы деп те атаған.
Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару əрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді.