Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны: аппараттық және программалық қамтамасыз ету: мобильдік құрылғылар сипаттамасы. Программалық қамтамасыз ету: Виртуалды машиналар; аппараттық және программалық қамтамасыз етудің даму заңдылықтары;
ақпараттық процестер мен жүйелер: ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер: машина оқыту қағидаттары, нейрондық желілер; жасанды интеллект; нейрондық желілерді жобалау; "мұғаліммен оқыту" әдісі; Blockchain технологиясы; Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістері; электрондық үкімет порталы; "заттар интернеті";
ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру: 3D – модельдеу: виртуалды және кеңейтілген шындық; олардың адам денсаулығына әсері; бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау;
қосымшаларды әзірлеу: мобильді қосымшалар: мобильді қосымшалар интерфейсі; мобильді қосымшаларды әзірлеу және орнату; ақылды үй, ақылды үй құрылғысымен басқару үшін программаларды әзірлеу. IT Startup (ай-ти стартап): Crowdfunding (краудфандинг) платформаларының жұмыс қағидалары; маркетингтік жарнама, өнімді өткізу және сату жолдары;
компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттарды және зияткерлік меншікті қорғау; электрондық цифрлық қолтаңба, сипаттау, пайдалану алгоритмі.
«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны «Информатика» пәні бойынша оқу жылының тоқсандарындағы бойынша жиынтық бағалау саны 81-кестеде көрсетілген.
кесте. «Информатика» пәні бөлімдері бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны
1 четверть
2 четверть
3 четверть
4 четверть
10 сынып ЖМБ
2
1
1
1
10 сынып ҚГБ
2
1
1
1
11 сынып ЖМБ
1
2
2
1
11 сынып ҚГБ
1
1
2
1
2020-2021 оқу жылының І тоқсанында ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы
№345 бұйрығына сәйкес аптасына 1 сағат жүргізілетін пәндер бойынша БЖБ өткізілмейді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 18 наурыздағы
№ 125 бұйрығына (2019 жылғы 26 қарашаға № 509 өзгерістер мен толықтырулармен) төмендегі пункт енгізілген:
14-4. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады.
Осылайша, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы "Геометрия" және "Информатика" оқу пәндері бойынша 10-11-сыныптарда тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.