Сабақтар топтамасы № «Республикалық 45 minut kz газеті»



бет2/2
Дата19.11.2016
өлшемі0,79 Mb.
#2119
түріСабақ
1   2

VІІ .Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

70 -жаттығу.

Төмендегі синонимдік қатардағы сөздерді басқа сөздермен тіркестіріп, олардың қанша сөзбен тіркесе алу мүмкіндігін анықтаңдар.

71 – жаттығу



      1. ғажап, шақ, қараулық, уәде, айла, жан сөздерінің синонимдерін тауып,олардың орнын ауыстырып қолданыңдар.



VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма:

1 Синоним туралы түсінік

2.Ар – намыс туралы білетін қанатты сөздерді, мақал-

мәтелдерді жазу
Сыныбы: 9 «а»

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров. Күйші поэмасына әдеби талдау

«Жандырып қыз күйігі, сырланған күй»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Поэманың көркемдік ерекшелігін ашу, құдіретін тану, мәнерлеп көркем оқи білуге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой қабілетін шыңдау, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге деген эстетикалық қызығушылығын арттыру, өнерге, өнер адамына деген құрмет сезімін қалыптастыру, халқымыздың мәдени мұрасының дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту

Сабақтың әдісі: Мұғалім сөзі, сұрақ-жауап, проблемалық сұрақ, шығармашылық жұмыстар.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру

ә) Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы туралы не білесіңдер?

Ілиястың өнер тақырыбына жазылған қандай шығармалары бар?

Олай болса, сіздерге үйге «Күйші» поэмасының мазмұнын танысып келу болатын. Поэма мазмұны бойынша композициялық талдау жасаймыз.


Композициялық талдау:

Басталуы: Алатау күй тыңдады ауылдай боп,

Тас болып, толқып жатты бауырдай боп.

(күй құдіретіне тамсанған табиғат)
Дамуы: Өзінің ордасында батыр Кене

Тарттырып домбыраны отыр Кене.

(Хан Кене ордасындағы жиын)
Шиеленісуі: Ордадан бұдан артық тілемеймін,

Бер маған осы адамды басы бүтін.

(Қарашаштың Кенеге қолқа салуы)
Шарықтау шегі: Соғады кейде суық мұздың күйі,

Толғанған жар сағынып қыздың күйі.

(Қарашаштың күйшіге деген сезімі)
Шешімі: Домбыра бостандықтың ырғағын тарт!

(Күйшінің бостандық алуы)

Оқушылар біз І.Жансүгіровтың «Күйші» поэмасының мазмұнымен таныс болдық. Бүгінгі сабағымызда поэмаға әдеби талдау жасаймыз.
Жаңа сабақ: Қазақ поззиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І.Жансүгіров пен теңдесер қаламгер жоқ. Ілияс асудан-асу бел асып келіп, 1934 жылы өзінің әйгілі «Күйші» поэмасын жазды. Поэма оқырманды салғанжерден тау өзенінің арынды ағысындай үйіріп әкетеді: оқиға Арқадан ауып Жетісуға келген хан Кененің ордасынан басталады. Абылайдың арыстан жүректі немересін ардақ тұтып, сыйлаған халық. Жетісудың ығайы мен сығайы оның құрметіне ту бие сойып, той жасап, ерулік беріп, тарту-таралғы ұсынып, жік-жапар болуда. Поэманың қаһарманы Сарыүйсін руынан шыққан салт атты, сабау қамшылы бір жігіт сондай той –думанның біріне тап болды. Бір жақыны – жар дегенде жалғыз шешесі ғана. Ел оны күйші деп қана атайды. Адам түгіл жан-жануар, өлі, тірі табиғатты манауратқан Күйшіні ханның қарындасы – «Ақылы дария, алтын басты, әйелдің ақ сұңқары, ханзадасы» Қарашаш ағасынан басы бүтін сұрап алады. Бишара күйші не күйге ұшырағанын аңғара алмай, ханшаның соңынан сүмірейіп кете барады. Поэмаға өзек болған негізгі идея – қазақ халқының тоқсан тарау, яғни мың сан күйінің терең өмірлік сырын, көп қырлы эстетикалық қасиетін ашып көрсету. Бұл Қарашаш пен Күйші арасындағы терең психологиялық тартыс, адам сезімдерінің алапат шарпысуы арқылы беріледі.
Поэмадағы негізгі кейіпкерлерге талдау жасаймыз


Кейіпкерлер

Іс-әрекеті

Өзгелердің пікірі

Мінезі


Қарашаш

Кенесарыдан қолқа салып сұрап алады, күйшіні өзінің меншігі деп қарайды

Беу, жаным, жігіт екен, Бағлан торы.

Сүйкімді жігіттің бұл бұл-бұлы ғой

Алдымда жігіт емес, жылан отыр,

Айнытты жүрегімді, құстырады.



Қу, қатал, айлакер

Күйші

Қарашашқа бата алмайды, қарадан шыққан ханшаның бодандығындағы құл

Адамның арғымағы осы шығар,

Пендеге бітеді екен мұнша көрік



Төзімді, сабырлы

Сонымен қатар поэмадағы басты кейіпкерлердің бірі Кенесары хан.. Біз Кенесары ханды тарихтан білеміз. Қасымұлы Кенесары хан (1802-1847) – Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт азаттық көтерілістің әйгілі басшысы. Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан. Бабасы- қазақтың атақты ханы Абылай. Арғы аталары Шыңғыс ханның Жошы деген үлкен баласынан тарайды. Абылайдың әйелі қалмақтың Хочу мерген нойанының қызы Топыштан Қасым сұлтан туады. Кенесары осы сұлтанның баласы. Кенесары Қасымовтың сіңірген тарихи еңбегі – ол қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырады. Кенесары ханның саясаты және идеялогиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.Поэмада ақынның халқымыздың азаттығы жолында күрескен Кенесары ұлы тұлғалар туралы бірер жылы лебіз білдірген. (слайдтан сурет көрсетіледі)

Қазақ әдебиетінде өнердің құдіреттілігі туралы, өнер иелерінің тағдыры туралы жазылған шығармалар аз емес. Тағы күй өнері туралы қандай шығармаларды білесіңдер?

Салыстыру:

«Күй аңызы» Аты «Күйші»

Авторы

Жанры


Кейіпкерлері

Оқиға кезеңі

Шешімі

Идеясы
Міне балалар, қазақ әдебиетінде өнер тақырыбында жазылған шығармалар аз емес. Бұл шығармалардың идеясы қазақ халқының тоқсан тарау , яғни мың сан күйінің терең өмірлік сырын, көп қырлы эстетикалық қасиетін ашып көрсету. Ілияс «Күйші» поэмасында ақындық биігінен көрінген. Дастанда кейіпкерлердің сыртқы келбет-пішінін, мінез-құлықтарын бейнелеудегі ақынның зергерлігі, мүсіншілдігі сүйсіндіреді. Ақын дамыту, үдету тәсілдерін шебер қолдана отырып, оны өзінің эстетикалық мұратын, кейіпкер мінезін ашу кәдесіне жарата білген. Олай болса, ақынның поэмадағы суреттеу шеберлігіне тоқталайық.




Теңеу

Эпитет

Кейіптеу

Метафора


Күлдірлеп қоңыраудай

Жүйрік аттай

Қымыздай балға ашытқан

Оймақтай аузы

Сұлтандай сүйігімді


Зарлы күй, ащы күй, алтын

күрек, мақпал бау, құс мамық, қылаң қабақ, қара шаш, алма сағақ, текті құс, теріс азу, ақиық қыз



Күн тыңдап кірмей тұрды ұясына, бұлт тыңдап мінбей тұрды тау басына, жолбарыс жымың қағып, сылқ-сылқ күлді, ауырып домбыра да ыңыранды, жүректей сандыраған, күй жынданды

Кенем-құтым, мен-тұйғын, мынау сұлу сұқсыр болып, жаңа толқын-жасыған күй


Поэмада бірнеше жер-су аттары, күй аттары берілген. Поэмадан аттарын табу.

Күй – қазақ халқының ежелден келе жатқан музыкалық жанры. Күй - махаббат, құлдықтың зары мен мұңы, азаттықтың,еркіндіктің жаршысы. Әр күйдің өзіндік шығу тарихы бар. Қазақ даласында қазанғап, Дина, Құрманғазы, Тәттімбет сияқты атақты күйшілері шыққан. Күй қазақ халқының екінші тілі десек те болады. Ал, небір от тілді, орақ ауызды шешендер Шыңғыс ханның ұлы Жошының өлімін естіртуге батылы жетпегенде, «Ақсақ құлан шошынған, хан ием ау, хан ием, түсінбейсің бе осыған» деген «Ақсақ құлан» күй еді.

(Күйшілердің суреттері слайдтан көрсетіледі.)

«Сарыарқа» күйі тыңдатылады.



Шығармашылық жұмыс.

Ой толғау: «Аққуды аспандағы қондырған күй»
Қорытындылау:

Жалындап, жанын өртеп, сарылған күй,

Қылқылдап қызған қатты жалынған күй,

Ерте-кеш маза көрмей, маза бермей,

Аһылап, арманында жарылған күй.

«Тарта бер, домбыраңды, жаным күйшім,

Татымас бір өзіңе барлық Үйсін.

Балбырат, әсіресе бал күйді тарт

Өртеніп, жүрек жанып, бауыр күйсін».
Үйге тапсырма: 1.Поэмадан үзінді жаттау

2. «Ел іші – өнер кеніші» тақырыбында ой толғау жазу

3. Хан Кене жайлы тарихи деректер жинау

Бағалау.

«Тіл білгірі» сайысы

Мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білуге, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, суреттер, слайдтар.



Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, мектебімізде « » деген атпен қазақ тілі апталығы өтіп жатқаны баршамызға белгілі. Бүгін 9 сыныптар арасында өтетін «Тіл білгірі» танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!

Тілден асқан асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден асқан теңіз жоқ, дей келе бүгінгі сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық.

Сайыскерлеріміздің білімін, шешендік шеберліктерін бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырайық

Сайысымыз бес турдан тұрады. Әр жауап бір ұпаймен белгіленіп отырады. Сұрақ барлығына бірдей қойылады. Кім бірінші көк жалауды көтерсе, сол оқушы жауап береді. Сұрақтар қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қойылады.



І тур «Бәйге»

  1. Қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған сөздерді қалай атаймыз? (архайзм)

  2. Лексикалық мағынасы бойынша қарама қарсылықты сөз қалай аталады? (антоним)

  3. А.С.Пушкиннің «Евгений Онегинін» ең алғаш қазақ тіліне кім аударған? (Абай)

  4. Лебіздің тілдесу үстінде сөйлеуші қойған коммуникативтік мақсатқа лайық құрылған түрі? (стиль)

  5. Анықтама, түсінік хат шешім шығару қай стиль түріне тән? (ресми іс қағаздары)

  6. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? (үш: ашық, тұйық, бітеу)

  7. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздерді қалай атаймыз? (неологизм)

  8. Жалғаудың неше түрі бар? (төрт)

  9. Сөздің түпкі мағыналы бөлшегі қалай аталады? (түбір)

  10. Зат есім тұлғасына қарай неше түрге бөлінеді? (Екіге: негізгі, туынды)

  11. Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (екіге: дара, күрделі)

ІІтур «Жеті жұрттың тілін біл»

Бұл ойында мақал-мәтелдің түсіп қалған сөздерін тауып, үш тілдегі баламасын айтады. Бір сұраққа жауап беріп, бір нұсқасын айтса 5 ұпай, қазақша, орысша, ағылшыншасын айтса 15 ұпай жинайды.



  1. Өнер алды – қызыл ... ( тіл, язык,language)

  2. Тіл ... жарады... жармаса бас жарады. (тас, камень, stone)

  3. ... тамған жерден у да тамар (бал, мед, honey)

  4. Жүз теңгең болғанша, жүз ... болсын. (дос, друг, friend)

  5. Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің ... тәтті. (нан, хлеб,bread)

  6. Таяқ еттен өтеді, ... сүйектен өтеді. (сөз, слова, word)

  7. Атпаз көрген ат таныр, ұстаз көрген ... таныр. (хат, письмо, letter)

  8. ... аласынан сөз аласы жаман. (көз, глаза, eye )

  9. ...кілті – тіл. (білім, знание, knowline)

  10. Жеті қазынаның бірі. (ит, собака, dog)

ІІІ тур «Әдебиет әлемі»

  1. Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім,

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Қай ақынның өлеңі? (С.Торайғыров)



  1. Гүлбаршын қай батырдың жары? (Алпамыс)

  2. «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің авторы кім? ( Дулат Бабатайұлы)

  3. Ақжүніс қай батырдың жары? (Ер Тарғын)

  4. Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі. Кімнің сөзі? (Төле би)

  1. ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр,асқан күйші? (Қорқыт)

  2. «Еділ бол да, Жайық бол,ешкімменен ұрыспа», деп жырлаған ақылгөй?

(Асан қайғы)

  1. «Келер заман» өлеңінің авторы? (Дулат Бабатайұлы)

  2. «Қызыл жебе» романының авторы? (Ш.Мұртаза)

  3. Жасырмай ойымды айттым талай-талай,

Қайтейін кетті бәрі қарайламай.

Айтарын ашып айтқан қарайламай,

Дариға – ай,

Махамбеттер, Абайлар – ай!!! (Мұқағали Мақатаев)



ҮІ тур «Тапқырлық»

Сөз құрастыру.

Қанағаттанарлық , әділеттілік, еңбекқорлық

Ү тур «Жорға»


  1. «Абай жолы» романының авторы кім? (М.Әуезов)

  2. Қазақ тілінде неше септік бар? 7

  3. Қазақ тілінде сөйлемнің неше тұрлаусыз мүшесі бар? 2

  4. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

  5. «Менің атым Қожа» шығармасының авторы? (Б.Соқпақбаев)

  6. «Төбе шашы тік тұру» тұрақты сөз тіркесі қандай мағына береді? (қорқу)

  7. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің авторы? (Абай)

  8. Одағайдың неше түрі бар? (3: жекіру, қөңіл күй, шақыру)

  9. «Жусан иісі» повесінің авторы? (Сайын Мұратбеков)

  10. Сын есімнің сұрақтарын ата? (қандай? Қай?)

Екінші сайыскерге сұрақ

  1. «Күй аңызы» әңгімесінің авторы кім? (Т.Ахтанов)

  2. Зат есімнің сұрақтарын ата? (кім? Не?)

  3. Қазақ тілінде сөйлемнің неше тұрлаулы мүшесі бар (2)

  4. «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңінің авторы кім? (Абай)

  5. «Қас пен көздің арасында» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы? (жылдам,лезде)

  6. Сөмкеге бақа салатын кейіпкер? (Қожа)

  7. «Қайдасың, қаска құлыным» повесінің авторы кім? (О.Бөкей)

  8. Күлдір,күлдір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екенбіз,

Күдеріден бау тағып, қамқапты киер ме екенбіз?! Деп жырлаған жырау? (Ақтамберді)



  1. Етістіктің сұрақтарын ата? (не істеді? Қайтты? Қайтеді?)

  2. Тау дейтін алып жүрек Ана туған

Мен – таулықпын!

Таудан мен жаратылғам, деп жырлаған мұзбалақ ақын? (М.Мақатаев)

Сайыс қортындысы шығарылып, о йын жеңімпазы анықталады.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, - деп Қадыр ағамыз жырлағандай, ана тілінің мәртебесін көтеріп, құрметтейік! Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі! Осымен «Тіл білгірі» атты 9 сыныптар арасында өткізілген сайыс өз мәресіне жетті! Жеңісті күндерде жүздескенше!

Сабақ жоспары

Пән аты: Әдебиет

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Тұмыс – салт жырлары

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға тұрмыс – салт жырлары туралы әдеби білім беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің тарихын қастерлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік

2. Ертегілер оқу

ІІІ. Білім тексеру:


  1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

  2. Ауыз әдебиеті деген не?

  3. Жазба әдебиет деген не?

  4. Ауыз әдебиетінің үлгілері бізге қалай жеткен?

  5. Ауыз әдебиеті қалай пайда болды?

  6. Ауыз әдебиетінің бізге берері не?

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Қазақ әдебиетінің үлкен бір саласы – тұрмыс – салт жырлары. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың ең қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді, жырларды сондықтан да тұрмыс- салт жырлары деп атаған.

Тұмыс – салт жырларында халықтың өзіне тән тұрмысы, тіршілігі салт – дәстүрі сөз болады, төрт түлік мал және басқа жануарлар туралы, наурыздағы, көктемдегі ел қуанышы туралы жырлар айтылады. тұрмыс – салт жырларының түрлері:


  1. Бесік жыры.

  2. Тұсау кесер жыры.

  3. Жар – жар

  4. Той бастар.

  5. Беташар.

  6. Бата-тілек.

  7. Жоқтау.

Тұрмыс- салт жырларының төрт түлік малға, басқа жануарларға арналған түрлері көп.

Тұрмыс – салт жырларының ең көп тараған түрі – наурыз жырлары. Көктемнің келуін жаңа жылдың келуі деп түсінген халық, күн жылып, мал көкке тойынған шақты қуаныш көріп, жауын көп болсын, ақ мол болсын, елге тоқшылық болсын деп өлеңдер айтқан. Оны біз наурыз жырлары деп атаймыз.



VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ - жауап

  1. Тұрмыс – салт жырлары дегеніміз не?

  2. Оларды неген тұрмыс – салт жырлары деп атаған?

  3. Тұмыс – салт жырларының қандай түрлері бар?

  4. Тұмыс – салт жырларының ең көп тараған түрі қандай?

  5. Наурыз жыры дегеніміз не?

Оқулықпен жұмыс.

  1. «Малдың баласын сүюі» атты өлеңді мәнерлеп оқу

  2. «Төрт түлік мал туралы» атты өлеңді тізбектеп оқу

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Өлеңнен төтр түлік маоға қазақ халқының қалай қарағанын аңғарыңдар

  2. Әрбір түлік төлінің сипатын ақындық тілмен айтыңдар.

  3. Өлеңдегі әрбір төлдің сипатына лайықтап шағын суреттемелер жазыңдар.

  4. Өлең шумақтарын жалғастырып жазып көріңдер.



VІІІ.Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру.

  1. Тұрмыс – салт жырлары туралы түсінік.

  2. «Малдың баласын сүюі» атты өлеңді жаттау

  3. Төрт түлік мал, жан – жануарлар, табиғат құбылыстары туралы жырларды оқу.

Сабақ жоспары

Пән аты: Әдебиет

Сыныбы: 5

  1. Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға жұмбақтар туралы әдеби білім беру, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын,ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал – тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: қосымша әдебиеттер.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. 17-22- беттегі мақал – мәтелдерді жаттау

2. Мақал – мәтелдер туралы түсінік.

ІІІ. Білім тексеру:

Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.





Мақал – мәтелдер

Тақырыптары

1

Денсаулық – зор байлық

.....

2

.....

Өнер – білім

3

Досы көпті жау алмайды,...

...

4

....

Еңбек

5

Ата көрген оқ жонар,...

...

6

....

Ынтымақ, бірлік

7

Ерді намыс өлтіреді,....

...

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жұмбақ – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол адамдардың бір нәрселердің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ мақал – мәтел сияқты тақпақтап, ұйқастырып айтылады. жұмбақтар өте ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. М.Әуезов «Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген. Жұмбақ болатын заттар: аспан әлемі, жыл мезгілдері, қоршаған табиғат, тұрмыстық заттар,мал, жан – жануарлар, адам оның дене мүшелері, еңбек құралдары,т.б. әр түрлі заттар мен құбылыстар, білім өнер ұғымдары. Жұмбақтар соған байланысты тақырыбы жағынан да сан алуан. Өздерің де кез келген нәрсені жұмбақтап, ұйқасын келтіріп құрастыруларыңа болады.



VІ. Түсінік тексеру:

    1. Жұмбақ дегеніміз не?

    2. Жұмбақтар қалай пайда болған?

    3. Жұмбақ болатын заттар нелер?

    4. Жұмбақтардың тақырыбы қандай болады?

    5. Жұмбақтарды қалай құрастыруға болады?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

    1. Жұмбақтарды оқып, олардың тақырыбын, нені танытатындығын айтыңдар.

    2. Жұмбақтың қысқа да, ұзын да болатынын, оны біреу айтып, енді біреу шешу керектігін ескеріңдер.

    3. Жұмбақ болған нәрселерді екінші бір затқа теңеп ұқсатып, қарама – қарсы қойып айтқан сөздерге мысал келтіріңдер.

    4. Өздерің жұмбақ құрастырыңдар.



VІІІ.Сабақты қорыту:

      1. Бағалау

  1. Үй тапсырмасын беру.

1. Жұмбақ туралы түсінік

2.23-24 – беттегі жұмбақтарды жаттау.



Сабақ жоспары

Пән аты: Әдебиет

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: «Ер Төстік» ертегісі және оның тақырыбы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Ер Төстікертегісінің тақырыбын аша отырып, кейіпкер туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушыларды мәтінмен жұмыс істеуге, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, әдебиетке қызығушылығын ояту.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Ертегілер туралы түсінік.

2. Қалаған ертегі оқып келу

ІІІ. Білім тексеру:


  1. Ертегілерде нелер баяндалады?

  2. Ертегілер бізге қалай жеткен?

  3. Ертегілердің қанша түрі бар?

  4. Хайуанаттар туралы ертегілер деген не?

  5. Қиял – ғажайып ертегілер деген не?

  6. Ер Төстік ертегісі қандай ертегіге жатады?

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

* Жоспар құру. Осы жоспар бойынша бөлімдерге бөлу.

1. Ер Төстіктің дүниеге келуі

2. Өрмек тоқып отырған кемпір

3.Ер Төстіктің ағаларын іздеуі

4.Ерназардың ұлдарының елге келуі

5. Ерназардың келін алуы

6. Бекторының тұсау құруы

7. Ерназардың жалмауыз кемпірдің құрсауына түсуі

8.Ер Төстіктің достары

9.Жер асты оқиғасы

10.Кенжекейдің ақылы

11.ЕрТөстіктің әкесін құтқаруы

* Ерназардың тоғыз ұлына келін іздеген жерін тауып оқу.

* Кенжекейдің Ер Төстік туралы жаман ойлап, зарлана бастаған жерін тауып оқу.

VІ. Түсінік тексеру:

Топтастыру стратегиясы:

жанашыр


адал

қайырымды мейірімді


Ер Төстік

айлалы кішіпейіл



VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

1. Ер Төстіктің көмекшілеріне сипаттама жасаңдар

2. Ертегіден халық тұмысына, сенім – нанымына байланысты әдет – ғұрып, салт – сана көріністерін тауып, әңгімелеңдер.

3. Ертегінің ұнаған жері туралы шығарма жазыңдар.

4.Ертегі кейіпкерлерінің суретін салыңдар.

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1.Ер Төстік ертегісі туралы түсінік

2. ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.

Сабақ жоспары

Пән аты: Қазақ тілі.

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздердің түрлері

Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік: оқушылардың көнерген сөздердің түрлері туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, көнерген сөздер туралы түсініктерін жазба жұмысы арқылы бекіту.

  2. кеңейту, лексикалық талдау дағдыларын арттыру, жазбаша және ауызша тіл мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Көнерген сөздер туралы түсінік

  2. 150 - жаттығу

ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

Көнерген сөздерді қатыстырып, «қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбына мәтін құра.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Көнерген сөздер тарихи сөздер және архаизмдер болып екіге бөлінеді.

Тарихи сөздер –қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Тарихи сөздерге ел басқаруымен байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан, т.б., қазір пайдаланылмай тын қару жараққа байланысты сөздер: садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна, т.б., кеңес дәуірі тұсында қолданылған әкімшілік сөздер: қызыл отау, қызыл әскер, отарда, т.б. сөздер жатады.

Архаизмдер – халықтың тұрмыс – тіршілігіне, салт – сана, әдет – ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесеескіріп кеткен сөздер. Архаизмдерге мата атаулары: торқа, биқасап, дүрия, патсайы, т.б., әдет – ғұрып атаулары: сауын айту, ұрын бару, бесік құда, барымта, т.б., үй тұрмысы, киім – кешек, ыдыс – аяқ атаулары: лашық, жаппа, шидем, күпі, сәукеле, саптыаяқ, кебеже, т.б. сөздер жатады.

V. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І деңгей


      1. Көнерген сөздер деген не№

      2. Жырдан көнерген сөзді тап

Бадана көзді кіреуке

Жауға қарсы жетпеген,

Жел айырдың оғы өтпеген,

Сатуға басын сұрасаң,

Мың ділдә да жетпеген. ( «Ер Тарғын»)

ІІ деңгей



      1. Тарихи сөздерді бір бөлек, архаизмді бір бөлек жаз.

Торқа, дүрия, қөқер, болыс, шиден, сәукеле, жаушы, қызыл отау, найза, жебе, бұзаушық.

2.Тарихи сөздер мен архаизмдердің

айырмашылығы неде?

ІІІ деңгей



        1. Көнеріп барып қайта жаңарған сөздерді жаз.

        2. Көнерген сөздерге байланысты өлең – жырлардан мысалдар жаз.

VІІ .Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс

151 -жаттығу.



  • Қандай тағамдардың атаулары көнерген? Қазір олар қалай аталады?

152 -жаттығу.



  • Суреттер топтамасындағы 9- суретке қараңдар. Сонан соң мәтінді оқыңдар.

  • Мәтіндегі қолданылып тұрған көне сөздердің түрін ажыратып, мағынасын дәлелдеңдер.

153- жаттығу

  • Мәтіннен ұлттық ұғымды білдіретін сөздерді теріп жазыңдар

  • Көне сөздерді тарихи және архаизм түріне ажыратыңдар.

  • Мәтінді мазмұндаңдар.

2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау.

  2. Үй тапсырмасын беру:

1. Көнерген сөздердің түрлері туралы түсінік.

2. 154, 155 -жаттығулар.

Сабақ жоспары

Пән аты: Әдебиет

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі,кейіпкерлеріне талдау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға «Аяз би» ертегісіндегі кейіпкерлер туралы түсініктерін кеңейту,кейіпкерлерге мінездеме беру, мазмұны мен құрылымын талдату.

2.Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, татулыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Ер Төстік ертегісі туралы түсінік

2. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.

ІІІ. Білім тексеру:

1. Ер Төстіктің ертегінің ұнаған жері туралы шығарма жазыңдар.

2. Ер Төстіктің ертегі кейіпкерлерінің суретін салыңдар.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

* Сабақтың шарты : Сабақ негізінен үш ойыншымен жүргізіледі. Қалған оқушылар сарапшылар болып табылады.



І бөлім: «Табалдырық» Ойыншылар өздері конверт таңдап алып, сұрақтарға жауап береді.

Бірінші ойыншыға:



  1. Уәзірлер не үшін Жаманда адамның жаманы деп шешті?

  2. Хан уәзірлерімен келісіп, Жаманның әйелін алу үшін Жаманды қайда жұмсайды?

Екінші ойыншыға:

  1. Уәзірлер не үшін құстың жаманы деп қырғауылды таңдады?

  2. Хан Жаманды қайда көшіріп жібереді?

Үшінші ойыншыға:

  1. Жаман не үшін шөптің жаманы қарақоға деді?

ІІ бөлім: Қозыкөш.

Бірінші ойыншыға:



  1. Барсакелместегі «інжілі қой» ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?

  2. Жаман тұлпардың сиырға шатыс екенін қалай білді?

Екінші ойыншыға:

  1. Барсакелместегі «інжілі үйрек» ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?

  2. Жаман гаухар тастың ішінде құрт бар екенін қалай білді?

Үшінші ойыншыға:

  1. Барсакелместегі «дәудің інжілі қара арғымағы » ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?

  2. Жаман ханның наубайдың баласы екенін қалай білді?

ІІІ бөлім: Беласар.

  1. «Е, шырағым, жасым сексенге келгенде біреудің қанын жүктеп не қылайын? Бір сыр бар еді, оны тәңірінің өзі ғана білетін еді, мен білетін едім». Осы сөз кімнің сөзі?

  2. Ертегіде Жаманды дарға асып өлтіргелі жатқанда кеген адам қалай бейнеленген?

Екінші ойыншыға:

  1. Ханның әкесінің аты кім еді?

  2. Жаман неліктен ханға шынын айтпаған еді?

Үшінші ойыншыға:

  1. Меңді сұлу Жаманды өлімнен құтқарып, дардың жібін қиып, көкірегіне қылышын тастап кеткені оның не дегені? (Мен үшін күнәсіз өлме, ерлігіңді көрдім. Қылыш үстінде серт жүрмейді деуші еді, антыңды қайтып ал , дегені еді).

  2. Уәли байдың қызы Меңді сұлуға келген бай балалары мен бай балалары қыз берген заттарды көргенде неге ашуланатын? («Менің үйімде пышағым жоқ па, болмаса қазынамда гауһар тасым жоқ па, я тіпті қайрақ таба алмай жүрмін бе?)

ІV бөлім: Мәре

Бірінші ойыншыға ІҮ бөлімнің сұрағы



  1. Хан шаңыраққа қарап , ойланып жатып, қырық уәзіріне қандай жүмбақ жасырады? (жау шапты, ел бүлінді, апат соқты)

  2. Жаман Барсакелместен келгенде ханға не дейді?(Уәзірлер шығарып салған соң, бір аш арыстан соңымнан қалмады. Мына жауды мұқатайын деп, қылышымды суырып алып қуып кеттім. Осы сіздің ордаға кірді ме деп отырмын)

Екінші ойыншыға ІҮ бөлімнің сұрағы

  1. Жаманды шақыруға хан бір адамды жібереді. Жіберген жігітті барып, үйден сығалап қараса, төрде төсек үстінде Жаман жатыр. Ал Жаманның әйелі оы уақытта не істеп отыр еді?(әйел төрдегі айнаға қарап, өз көркіне таңғалып отыр екн).

  2. Жаман өзі хан болған соң ордасының маңдайшасына не шегелеп қойды? (жыртық тоны мен жаман тымағын)

Үшінші конверттегі ІҮ бөлімнің сұрағы

  1. Шегелеулі тымағы мен тонына қарап, Жаман не деп өз көңілін басатын? (« Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл)

  2. « Аяз би» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

VІ. Түсінік тексеру:

Топтастыру стратегиясы:

адал қайырымды

айлалы ж мейірімд

кішіпейіл

жанашыр

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1 «Аяз би» ертегісі туралы түсінік2. Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу.



Сабақ жоспары

Пән аты: Әдебиет.

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Ә Тәжібаев «Толағай». Толағайдың ерекше сипаты, ерен ерлігі.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Әбділдә Тәжібаев туралы сөз, әдеби ертегінің ауыз әдебиетіндегі ертегі жанрынан айырмашылығы мен ұқсастығы туралы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ержүректілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың өз ойын жүйелі айта білуін, шапшаңдыққа, сөздік қорының молдығына назар аудару.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Әдеби ертегілер туралы түсінік.



ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ жауап

1.Әдеби ертегілер деген не?

2. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар?



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:


  1. Ертегінің түрлерін оқушылар өздері жазады.

Хайуанаттар

туралы қиял-ғажайып ертегілер

шыншыл ертегі әдеби ертегілер
Ертегі



  1. Әдеби ертегі авторы Ә.Тәжібаев өмірі, шығармашылығы.

  • 1909 жылы 4- ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

  • 1998 жылы 23 – қыркүйекте 89 жасында дүниеден өткен.

  • Ә.Тәжібаев – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші,Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор.

  • Қарсақбайдағы «Қызыл кенші», республикалық «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет атқарған.

  • Тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» 1933жылы жарық көрген. 50 шақты кітаптың авторы.

  • «Толағай» әдеби ертегісі 1978 жылы жазылған

  • «Жамбыл» кинофильмінің сценарийін жазған.

  • Марапаттаулары: «Октябрь революциясы» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен.

  1. « Толағай» ертегісін оқушылардың өздеріне жекелеп оқыттыру.

VІ. Түсінік тексеру:

Суретпен жұмыс: Суреттерге қарап оның ертегіге қандай қатысы бар екені анықталады, суретке тақырып қойылады.(жұппен)



VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Салыстыру (Венн диаграммасы)




Керқұла атты Кендебай

Толағай


VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Ертегіні оқып, түсінгенін өз сөзімен айту.



2.Жоспар құру, бөлімге бөліп ат қою.

Сыныбы: 11 Пәні: қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: «Қамар сұлу»романы. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Сұлтанмахмұт Торағыровтың «Қамар сұлу» романы бойынша ғылыми бағыттағы ізденіс жұмыстары, деңгейлік тапсырмалар арқылы пікірталас ұйымдастыру, ой түйінін кейіпкерлер арқылы дәлелдеу.

ә) дамытушылық: шығармашылық жұмыс арқылы таным түсініктерін дамыту.

б) тәрбиелік: оқушыларды адами қасиеттерге, әйел адамын құрметтеу сезімін жетілдіруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Оқыту әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау, сөздікпен жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Кезекші мәлімдемесі.

б) Журнал бойынша түгелдеу.

Үй тапсырмасын сұрау.

  1. «Туған еліме», «Сарыарқаның жаңбыры» өлеңдерін сұрау.

  2. Қосымша сұрақ қою.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

«Қамар сұлу» - ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің кесек туындысы, алғашқы қазақ романдарының бірі. «Қамар сұлуда» ескі қазақ өмірінің шытырман қарым- қатынастары, ғұрып-салттары, жаңалыққа оңай жол бермейтін қағидалары, осыдан туатын қайшылықтар, күрестер, қайғылы халдер көрініс береді. Романның мазмұны: ақыл, білім, парасаты бір - біріне тең – Қамар мен Ахмет сынды сауатты, саналы жастардың ескілік ғұрпын бұза алмай, сүйіспеншілігін тежеуге мәжбүр болғаны, жас Қамарды әкесінің қарсылығына қарамай Қалтан қажы, Оспан би деген туыстары қатыны өлген Нұрым болысқа айттырып, қалыңмал алғаны, қызды зорлап алып кеткені, басқа түскен қасіреттен аурулы болған Қамарды надан бақсы балгерлердің «емдейміз» деп көрсеткен азабынан өлгені, мұншама озбырлыққа шыдамаған Ахметтің Қамарды іздеп келіп, зорлықшылдан кек алмақ болып әрекеттенгенімен, өзі де ажал тұзағына душар болғаны секілді оқиғалық өрілімдерге саяды. «Қамар сұлудың» көркемдік кестесі қазақ халық поэзиясының дәстүріне жақын. «Қамар сұлу» романы ескі қазақ қоғамының көптеген шындығын таныта алатын, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерінің бірі әйелдердің бас еркіндігін барынша өткір, батыл көтерген, қалың мал алу рәсімдерінің сорақы түрлерін әшкерелеген, танымдық мәні бар туынды.

Кейіпкерлер: Қамар – негізгі кейіпкер. Ахмет – Қамардың сүйген жігіті, Жәукенің баласы. Омар – Қамардың әкесі. Қасен – Қамардың ағасы, Оспан би – Қамардың күйеуі. Қалтан қажы, Оспан би - Нұрымның жемтіктес достары.

ІІІ.Оқулықпен жұмыс.

Композициялық құрылымы

Басталуы-

Дамуы-

Байланысы-

Шиеленісуі-

Шарықтау шегі-

Шешімі-

IV. Бекіту.



қоғам қайраткері көрікті, ақылды, төзімді



ержүрек, батыр Қазақ әйелі оқыған, көзі ашық, білімді.



ер азаматтың ақылшысы отбасының тірегі

V.Сабақтың қорытындысы:

а) Сабақ соңында сұрақ қою арқылы қорытындылаймын.

ә) Окушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

VІ.Үйге тапсырма: "Қамар сұлу" романынан үзінді жаттау.

Сыныбы: 10 Пәні: қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Қашаған Күржіманұлы. «Есқали сұпыға айтқаны», «Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңдері. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Қашаған Күржіманұлы және оның шығармашылығы туралы түсінік беру;

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, тіл мәдениетін дамыту;

б) тәрбиелік: оқушыларды Қашаған шығармашылығына деген қызығушылығын ояту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Оқыту әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау, сөздікпен жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Кезекші мәлімдемесі.

б) Журнал бойынша түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Қосымша сұрақтар қою, қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

XVIII ғасырдың екінші жартысынан ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген ірі тұлғалардың бірі -

Қашаған Күржіманұлы.

Қашаған Күржіманұлы 1841 ж Түрікменстанның Ташауыз қаласының маңында туып, 1929 ж Маңғыстау түбегіндегі Қырықкез деген жерде қайтыс болған. Ол жалшы отбасында дүниеге келіп, жастай жетімдік, жоқшылықтың тауқыметін тартқан.

Қашағанның шығармалары 1935 ж «Әдебиет майданы» журналында (№5) жарияланды.



«Есқали сұпыға айтқаны» деген өлеңінде қолында билігі барлардың іс әрекетін, оның жағымсыз қылықтарын әшкерелейді.

Ақын «Оразалыға», «Байларға» дейтін өлеңдерінде де бай-манаптардың зорлық- зомбылықтарын ашық айтады.

Қашағанның адамгершілік, ізгілік қасиеттерді дәріптейтін «Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны» дейтін өлеңдерінде көрінеді.

Ақын Қашаған Күржіманұлы «Адай тегі», «Атамекен», «Топан» атты дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын толғайды.

Қашаған Күржіманұлы – өз кезінің белді ақыны, дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақын.



IV. Оқулықпен жұмыс.

Сөздікпен жұмыс.

Шарғы – шариғат.

Бақырған – Сүлеймен Бақырғани кітабындағы өсиет.

Барсиса – діни кітаптардағы сұпы болып жүріп, шайтанға еріп азғындық жолға түсіп, Құдайдың қарғысына ұшыраған адам.

Насуха – бұл адам әуеліде күнәкар, қанішер адам бола тұрып, соңынан адалдық жолға түсіпті.

Қағба – мұсылмандардың Меккедегі ғибадат ету орны.

Жебірейіл – періште.

Жәннет – жұмақ.

Мәсуәк – сауап үшін ауызды, тісті жуатын тұт ағашынан істелген ағаш.

Ағуз, алхам – діни аяттар.

Біләл – Мұхаммед пайғамбардың азаншысы.

Қонаша – қонып шығатын бас қала.

Зауық – сауық, сайран, думан.



«Осы күні жолдас болдым сексенменен»

Осы күні жолдас болдым сексенменен,

Кез болды кәрілік, шіркін сескенбеген.

Қартайсаң күнің қандай аянышты,

Талтақ бұт, ойдық желке, күртік жаурын,

Тартылып бауыр шандыр бүкшеңдеген.

Кесірі болады екен қартайғанның,

Өлеңді қартайған соң айта алмадым.

Айт деген қатар, құрбы, жеңгейлердің,

Назарын ол күндерде қайтармадым.

Жатқаным – жанға жақсы жантайғаным,

Шаршатты сексен деген майталманың.

Қасымнан қыз- келіншек кетпеуші еді,

Қарасам осы күнде біреуі жоқ,

Япыр- ай, қайда кеткен «сайтандарың»?!

Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.

3 шумақ, 14 тармақ, 3 бунақ, 11-12 буын, аралас ұйқас.

V. Бекіту.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім










VІ.Сабақтың қорытындысы.

1.Қосымша сұрақтар қоямын.



2 .Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын

VII.Үйге тапсырма: «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңін оқып мазмұндау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет