Сабақтарда қолданатын «50 әдіс-тәсіл»



бет1/7
Дата30.11.2022
өлшемі224,5 Kb.
#160591
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
методы


«МҰРЫН ЖЫРАУ СЕҢГІРБЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»МКҚК



Сабақтарда қолданатын
«50 әдіс-тәсіл» түрлері


Жасақтаған: Бейсенова М.Б.-


колледж әдіскері
Осы жинақталған әдіс- тәсіл түрлері колледж оқытушыларына және жас мамандарға ұсынып отырмын. Біз үнемі үйрену мен ізденіс процесіндеміз. Мына ұсынып отырған әдіс- тәсіл түрлерінің авторлары бар және авторлық құқықтары сақталған. Әдістерді пайдаланғанда сілтеме жасап кетулеріңізді өтінемін. Аз ғана болса да әдістемелік деңгейімізді дамытуға үлес қосылса деймін. Барлықтарыңызға сәттілік, педагогикалық шеберліктеріңіз өсіп, шыңдала берсін!
«5 әдістен» - «50 әдіске»!!!





Әдіс-тәсіл түрі

Мақсаты

Тиімділігі

Қолданылуы

Кіріктірілген модульдер, идеялар

1


«Миға шабуыл»


(әдіс)

Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу.

Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.

Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.

СТО, Диалогтік оқыту

2


«Шаттық шеңбері»
(сергіту сәті)

Бұл әдіс оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.

ЖАДА

3


«Ақылдың алты ойлау қалпағы» Эдвард де Боно бойынша



Оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Мәселені барынша мұқият талқылап, оқушының жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолдану.



Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай біледі, толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсетеді, таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі артады.

Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған), олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді, бағыттайды.

СТО, диалогтік оқыту, кері байланыс

4

«Гүлмен тілек»
(сергіту және топқа біріктіру)

Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

ЖАДА

5


«Сұраққа жетіп ал»
әдісі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет