Сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құрал Павлодар (075. 8) Ббк 74. 6 я 73 А28


Діни әдет-ғұрыптар тудыратын әндер



бет3/4
Дата20.11.2019
өлшемі447 Kb.
#52100
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
27 ajigalieva u.a. balajanova kh.m. muzikalikh pedagogikadagi halikhtikh salt-dasturler (1)

Діни әдет-ғұрыптар тудыратын әндер


Қазақ халқының өміріндегі діни-наным сенімдердің алатын орны. Шаманизм – күнге, отқа табыну, иабиғат пен адамды қастерлеу. Монотеистік дін – ислам діні. Жаратушы құдайға сенушілік. Мұсылманшылық, имандылық, адамгершілік қағидалары.

Халықтың алғысы, қарғыс, оң және теріс бата беру, күн жайлату, жылан арбау, ауруды емдеу, жерлеу, кәрі жілікті іліп қою, отқа май салу, тілден сақтану т.б. Діни ұғымдардың эпостық, халық әндеріндегі, олардың мазмұнындағы алатын орны.

Бәдік әндеріндегі тотемизм және мифологиялық сарындар. Бақсылардың ұғымындағы ауру жамандық иесі, ол өлмейді, сондықтан оны ауырған адамнан не малдан басқа нәрсеге көшіріп жіберуге болады деген ұғымның мән – мағынасы. Бәдіктің мағынасы – емдеу, аластау.

Бақсы сарындары. Қобызға қосылып салатын бақсы сарындары, пайдалану мақсаты. Ш. Уәлиханов, А. Янушкевич, А. Алектровтың зерттеулеріндегі бақсы сарындары туралы жазғандары. Қазақ музыка өнерін зерттеп, жинақтағандар: А. В. Затаевичтің, З. Жанұзақованың, Б. Қарақұловтың нота жазбаларындағы бақсы сарындарының музыкалық – поэтикалық құрылымын, мазмұнын, өздік ерекшеліктерін талдап, әңгімелесу.


Сауалнама

1 Діни ұғымдарға байланысты туған әндерді атаңдар?

2 Бәдік әндерді қандай мақсаттарға пайдаланылған?

3 Бақсы деген кімдер?

4 Бақсы сарындарын нотаға түсірген кімдер еді?
Үйлену әндері

Дәстүрлі үйлену тойы. Құда түсу, жаушы жіберу, құда түсу тойы, есік көрсету, ұрын келу, қалың мал, жасау, қыз ұзату, келін түсіру тойларының синкретті көрінісі. Үйлену дәстүрінің сахналық – драмалық сипаты. Қазіргі кездегі үйлену тойлары.

Үйлену әндерінің тақырыптары мен мазмұны. Үйлену әндерінің түрлері: сыңсу, жар-жар, беташар. Үйлену әндерінің вокальдық, музыкалық ерекшеліктері.

Сыңсу – қыз атанарды қимас ата-анасы, туған туыстары, ел жұрты, құрбы-құрдастарымен, балғын жастық шағымен қоштасуы. Өткен замандағы теңіне қосыла алмаған, қалың малдың құрбаны болған қыздың мұң-зары.

Жар-жар әндерін қыздар мен жігіттердің бірде қосылып, бірде алма кезек айтылуының сахналық сипаты. Қыздардың ел-жұртымен қоштасқандағы қимастық сезімдері, өкпе-назы, жігіттердің «әке орнына қайын атасы, ана орнына қайын енесі қамқор болады»-, деп басу айтуы.

Беташар әндеріндегі халық педагогикасының өсиеті мен талаптары, өнегелік үлгісі, тәлімдік мағынасы, әуенінің речтативті – декламациялық түрдегі көтеріңкілігі, жүрдектігі.



Сауалнама

1 Сыңсу әндерін білесің бе? Орындап бере аласыңдар ма?

2 Сыңсу әндері қай кезде және қандай жағдайда орындалады?

3 Жар-жар әндерін тыңдаған болсаңыздар, мазмұнын әңгімелеп беріңдер.

4 Үйлену тойларында орындалған беашарды еске түсіріп, мазмұнын, орындаушының шеберлігін сипаттап беріңдер?

5 Беташардағы келінге айтылатын үлгі-насихаттар туралы әңгімелеп беріңдер.

Жаназалау әндері

Халық өміріндегі қайғылы тарихи оқиғаларға, адам қайтыс болғанда естірту, көңіл айту, қоштасу, жоқтау сияқты салт әндерінің ел аузында сақталуы.

Жаназалау әндеріндегі ата-бабаларымыздың өмір құбылыстарына берген бағасы, тоғанысы, дүниетанымдық дәрежесі. Музыкалық-поэтикалық құрылымының өздік ерекшеліктері, өзара байланыстылығы. Жаназалау әндерінің мақсаты.

Естірту – қайтыс болған адамның жайын хабарлаудың әлеуметтік ой-санаға құрылуы. Қайғылы қазаны естірте отырып, көңіл айтылуы. Естірту (дәстүр). «Хабаршылар Ғалидың үйіне, Жамалдың үйіне кісі салып естіртті» (М.Дулатов). Ата-анасы, баласы немесе жақын-жуығы қайтыс болған жағдайд оны айтып жеткізуді «естірту» дейді. Естіртуші адам әлгі кісіге сыпайылап, тұспалдап жеткізіп, тоқтам айтып, оны бекем болуға шақырады. Қайғылы қазаны орынсыз жерде немесе жол-жөнекей, жеңіл-желпі айта салуға болмайды. Халқымызда естіртудің үлкен психологиялқ, классикалық үлгілері бар. Мысалы: «Жиреншеге Қарашаш сұлуды естірту», «Шыңғысқа Шоқан өлімін естірту» сияқты. Естірту қазаға байланысты жерде ған қолданылады.

Жандосұлы Келдібек Шоқан өлімін Шыңғысқа былай естіртіпті:

Ұлы өлмеген руда жоқ,

Қызы өлген Қырымда жоқ,

Қатыны өлмеген халықта жоқ,

Ағасы өлмеген аймақта жоқ,

Інісі өлмеген елде жоқ,

Әкесі өлмеген әлемде жоқ,

Шешесі өлмеген пенде жоқ,

Аққу ұшып көлге кетті,

Дуадақ ұшып шөлге кетті,

Құдай бізге бір гауһар тас беріп еді,

Оны иесі өзі әкетті.

Шоқан деген балаңыз

Бәріміз баратын жерге кетті…

Естірту көпті көрген, жөн-жосық пен сөзді білетін адамдарға тапсырылады.

Жоқтау (салт). «Сен жоқтау айтқалы отырсың, мен тоқтау айтқалы отырмын» (Байдалы би). Жоқтау – аза ғұрпын көтере түсетін, қайғыны басатын, қазаға аса лайықты қаралы салттың бірегей түрі. Қайтыс болған адамның жақсылығын, еліне істеген қызметін, жақсы қасиеттерін паш ететін тұрмыс-салт дәстүрі, жыр, зарлы өлең. Жоқтауды белгілі ақындар немесе сол адамның әйелдері мен ана, қарындастары да шығара беретін болған. Жоқтаудың дінге қатысы жоқ, ол қалыпты халықтық салт, өлімнің берік әдет-ғұрыпы деп ұғыну керек. «Боздағым» атты қазақтың жоқтау жырларында (Алматы 1990ж.) Бұхардың Абылай ханды жоқтауы. Қаз дауысты Қазыбек биді қызы Қамқаның жоқтауы, Абай ұлы Әбішті әйелі Мағыштың жоқтауы сияқты жоқтаудың көркем үлгілері бар. Жоқтау тәрбиелік үлгілі-өнегесі бар, мәдениеттілік пен адамды бағалаудың және оны есте сақтаудың бір белгісі ретінде қалыптасқан. Ол өлген адамның жылына дейін айтылады. Жоқтау азалы, қайғылы, зарлы үнмен жырланады.

Қазір жазба және ауыз әдебиетімізде жоқтаудың үлгілері өте көп. Ондағы парасатты сөздер, жақсыны ардақтау, мадақтау, теңеу сияқты өлең жолдарының көркем қисыны таңданарлық шеберлікпен жырланады. Оның мысалы мынадай:

Алты атасы бай өткен,

Алты атанға жүк артқан.

Жеті атасы бай өткен,

Жеті атанға жүк артқан.

Үйде сұңқар түлеткен,

Қияда сұңқар тілеткен.

Алтайы қызыл түлкі алған,

Қиядан барып теке атқан.

Паршаны бөздей жырттырған,

Жібекті жүндей түттірген.

Қонақ келсе – қон деген,

Қой семізін сой деген.

Шынжырлы қауға тартылған,

Қайыңнан астау шаптырған.

Қаптатып жылқы шаптырған…

(Кеңірбай биді жоқтау)

Айналайын, әкежан,

Қараның болдың ханындай.

Қарайғанды ықтаттың,

Қамысқа түскен жалындай.

Орта жүздің көркі едің,

Қоңыраулы бұйра нарындай.

Ағайынды жинадың,

Алпыс үйлі ауылдай.

Орынды болдың орасан,

«Мыңжылқының» қауындай

Көпке пайдаң көп тиді,

Көктемгі жауындай.

Желінбей қалды жеңсігің,

Жаңа піскен кауындай.

Өте шықты сұм жалған.

Бәйге атының шаңындай.

Адыра қалды ақ ордаң,

Иессіз қалған ауылдай (Әйтекені жоқтау).

.

Қазалы күнде жоқтау айту - ұлттық-дәстүріміздің жақсы үлгісі. Оны айтудың, жалғастырудың ешқандай ерсіліі жоқ. Халық ғұрыпы бойынша жоқтау айтқан әйелдер мен қыздар үш күн бойы аяқ табаққа араласпайды, яғни тамақ әзірлеуге қосылмайды. Біздің қазақ ұлтының осы ырымдарынан-ақ ғасыр бойы жинақталып түзетілген қасиетті салт-дәстүріміздің сыпайы мәдениеті мен әдебінің жоғары болмысы көрініп тұрған жоқ па! Туған халқымыздың осындай тәрбиелік әрі зор рухани мұраларының бірегей де тәлімдік тәсілдер мен жолдарын кейінгі өсер ұрпаққа жеткізе, түсіндіре білу барлық білікті азаматтардың парызы екенін ұмытпағанымыз жөн.



Жоқтау әндеріндегі адам өмірінің мәні мен қортындысының жинақталуы. Жанрлық стилі (метафора, теңеулер). Жоқтау әндерінің өзіндік тілі, өлшемі, көркемдік сипаты, орындаушылары. Қазақ фольклорындағы көркем де, зарлы жоқталардың үлгілері.

«Мұң-шер әндері» - «Жоқтау», «Жылау», «Дауыс» деп түрліше аталғандарымен, бұлар адамның қазасына байланысты келетін азарлы рәсімдер. Қазақ дәстүрі бойынша өлген адамның артында қалған жұбайы, қызы, қарындасы, келіні т.б. ең жақын туыстарының әйелдері оның жылы толып, асы берілгенше қара жамылып үш мезгіл (таңертең, түсте, кеште) жоқтау айтады. Ән 7-8 буынды өлең шумағында құрылып, формасы жағынан жоқтаудың музыкалық-интонациялық әуен-сазы сыңсу, қоштасу, естірту, көңіл айту, т.б. ғұрыптық ән-әуендерінің стиль ерекшеліктерімен сабақтасады.

Жоқтау әндерінің үлгілерін салыстыра қарағанда, дыбыс диапазоны жағынан тар көлемдегі (трихорд, тетрахорд, пентахорд, гексахорд) аралағында және ауыспалы өлшемдер (5/4, 7/8, 3/8, 2/4, 5/8, 6/8) арқылы өрістеумен қатар, көпшілігі дәстүрлі саздарда (ладтарда), секундық, терциялық интонацияларды, дауыс ырғақтарынан құрылатыны анықталады. Поэтикалық мәтіндері 7-8 буынды өлең жолдарымен айтылып , кейде лепті үндермен шығып, «Оу!», «А-ей!», «Ах!» немесе «Ох!» деп, кварта, квинта аралығындағы дыбыстармен көтеріңкі дауыстармен басталып, әр түрлі биіктіктегі дыбыстарда аяқталады.

Қоштасу әндері – жақын адамынын айырудың күйініш-қайғысы.

Көңіл айту әндерінің мазмұнындағы ой тереңдігі мен көркемдік, философиялық дүниетанымы.
Сауалнама.

1 Жаназалау әндерінің қандай түрлерін білесіңдер?

2 Халықтың аяулы ұл-қыздары туралы қандай жоқтау әндері бар? Олар кімдерді жоқтаған?

3 Жәнібек Жиреншеге оның әйелі Қарашаш сұлудың қайғылы қазасын естірткенде не деген?

4 Көңіл айту әндеріндегі халықтың философиялық дүниетанымын қалай түсіндіресіңдер?

5 «Қозы-Көрпеш, Баян-сұлу» эпосындағы Таңлықтың туған жермен қоштасуының мазмұнын әңгімелеп беріңдер.

Нақлият әндер

Нақлият ғибрат әндер - халықтың педагогикалық ой-пікірінің бастауы. Нақлият әндерінің дидактикалық маңызы, ортақ қасиеттері, көркемдік, мәнерлілік ерекшеліктері.

Бата-тілек әндерінің халықтық сипаты, тәрбиелік-тағылымдық мәні. Поэтикалық мазмұндағы ой ұшқырлығы, көсемдік пен шешендік, халықтың ақыл-парасаты.

Өсиет әндер – аса бағалы дидактикалық бай қазына. Адам өміріндегі жақсылық пен жамандық, парықсыздық, моральдық, этикалық ұғымдар, әлеуметтік мәселелердің жырлануы. Халықтың қадірлі ақын-жазушылардың өсиеттері (Асан Қайғы, Қазтуған, Ақтамберді, Бұхар, Базар жырау).

Жұмбақ әндер. Олардағы аллерория түріндегі ақыл-кеңестер, мораль мәселелері, параллелизм, астарлап айту, символика. Мысал әндерінің басты кейіпкерлері.

Сауалнама

1 Нақлият әндерінің бүгінгі жастар үшін үлгі-өнегелік мәні бар ма?

2 Нақлият әндерінің музыкалық-поэтикалық ерекшеліктері неде?

3 Мысал әндерге адамның әлсіз жақтары қалай сипатталған?

4 Өсиет әндерге жақсылық пен жамандық қандай көркем сөз өрнектері арқылы суреттеледі?

5 Жұмбақ өлеңдердің тәрбиелік мақсаттары қандай деп ойлайсыздар?

Қиял-ғажайып әндер

Қиял-ғажайып әндердің дәстүрлі ертегілер мен аңыз-әңгімелердің желісінде құрылуы. Сюжеттік мазмұнының әртүрлілігі, жедел өрістеп, дидактикалық ой-тұжырымдарды қортындылау арқылы, жылдам аяқталуы.

Ертегі әндердің қарапайым адамдардың болашаққа деген үміт-арманы, ақиқат пен шындық туралы сенімі, бақытты аңсауының жырлануы.

Өтірік әндердің мазмұнындағы алғыр ой ұшқырлығы. Қиял қанатының шарықтап, өмірде кездеспейтін ғажайып көріністерді суреттеуі. Тәрбиелік мән-мағынасы.

Әзіл-қалжың, әжуа-мысқыл әндер

Әзіл-қалжың әндердегі сыншылдық, уытты тіл, халық тұрмысындағы келеңсіз, зиянды көріністерді әшкерелеу. Халық ақын-жырауларының әзіл-қалжын әндерінің идеялық мазмұнының тереңдігі.

Әжуа-мысқыл әндеріндегі ащы сарказм. Шернияз жыраудың Баймағанбет сұлтанның әйелі мен қызын мақта дегенде айтқандары. Әзіл-қалжың, әжуа-мысқыл әндердің пәрменді тәрбие құралы екендігі,

Тарихи әндер

Тарихи әндер халық шежіресі. Тарихи әндерді жасаушы ұлы уақиғалардың куәгері халықтың өзі. Тарихи әндерде аса маңызды уақиғалардың көркемдік дәрежеде бейнеленуі, халақтық дәстүр негізінде құрылуы, музыкалық-поэтикалық ерекшеліктері.

1) қазақстан территориясында Александр Македонский және Шыңғыс ханның жорықтарына байланысты туындаған «Ескендір», «Ақсақ Темір» әндері.

2) 1723 жылдағы жойқын жоңғар басқыншылығы тұсындағы «Ақтабан щұбырынды» оқиғасына байланысты туындаған әндер.

3) 1836-1837 жылдардағы Бөкей ордасындағы Исатай Тайманов бастаған халық көтерілісіне байланысты туындаған әндер. Махамбет Өтемісұлының жырлары.

4) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі уақиғаларын жырлайтын әндер.

5) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы тұсындағы халық әндері.

Эпикалық жырлар

Эпос – замана шежіресі. Эпостық жырлардың әдебиет саласындағы жанрларға топтастырылуы (Ә.Қоңыратбаев, Н.Төрекұлов, Қ.Жұмалиев); музыкалық мақамдық ерекшеліктеріне сәйкес жанрларына бөлінуі (Б.Г.Ерзакович, Т.Бекхожина, М.М.Ахметова).

Батырлар жыры (Қобыланды, Алпамыс, Қамбар).

Лиро-эпрстық жырлар («Қыз Жібек», «Қозы-Көрпеш»).

Эпостық жырлардың көркемдік тілі, поэтикалық мазмұны, композициялық құрылымының күрделілігі, әсірелеу арқылы суреттеу, халықтың тарихымен тығыз байланыстылығы, халықтың отансүйгіштік рухы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, философиялық ой тереңдігі, дүниетанымдық қөзқарасы.

Эпостардың музыкалық ерекшеліктері: эпостың ащы айқайымен басталып, әуен қозғалыстарының ерекше көркемдік беретін секірмелі болып келуі, кейде жырдың уақиғаларына байланысты бірнеше әуендердің қолданылуы. Эпостарды орындаушылар: жыршы, жыраулар.

Жырау – жыр, толғау шығарушы, әрі өзі орындаушы. Жырау өз руластарының рухани тірегі, ақылшысы, көсемі, кеңесшісі.

Жыршы – жар салушы ақын, өнер шығармаларын орындаушы.


Әдебиеттер: [28; 29]
7 Музыканы оқыту әдістері

Жоспары:

1) Оқыту әдістері туралы түсінік;

2) Музыканы оқыту әдістерінің ерекшеліктері;

3) Музыкалық білім беру педаогоикасында қалыптасқан жаңа әдістер.


Музыканы оқыту білім беру мазмұны мен мақсатын дұрыс анықтаумен ғана шектелмейді. Оқыту мақсаттарына қандай амал, жолдармен жету керектігі музыкалық білім беру дидактикасындағы ең маңызды мәселе болып табылады. Себебі білім берудің тиімділігі әрдайым оқыту әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты болады.

«Әдіс» термині гректің «metodos», яғни ақиқатқа, күтілетін нәтижеге қол жеткізудің жолы, амалы деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық әдебиеттерде әдіс ұғымына берілген көптеген анықтамаларды кездестіруге болады. Жалпы алғанда оқыту әдістері білім берудің мақсаттары мен міндеттерін шешуге бағытталған жолдар және амалдар жиынтығы болып табылады.

Оқыту әдістері келесі үш белгімен сипатталады. Олар: оқыту мақсаты, меңгерту амалы және оқыту субъектілерінің өзара әрекеттесу сипаты. Демек, оқыту әдістері төмендегілерді қамтиды:

- мұғалімнің оқыту жұмысының және оқушылардың оқу жұмыстарының өзара байланысты амалдары;

- олардың оқытудың түрлі мақсаттарына жетудегі жұмыстарының ерекшеліктері.

Мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістері – ақпараттандыру (мұғалім оқу материалын баяндайды, түсіндіреді); оқушыларға практикалық дағды, іскерліктерді үйрету; оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту; мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекетіне жетекшілік ету функцияларын орындауы.

Оқыту процесінің мәні және оқыту мақсаттарының көп аспектілігі «оқыту әдістері» ұғымын түсіндіруде сан түрлі трактовкалардың қалыптасуына ықпалын тигізеді:

- «…білім мазмұнын меңгертуді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланыстағы бірізді әрекет ету жүйесі (Педагогикалық энциклопедиялық сөздік); »

- «…білім мазмұнын меңгертуге тұрақты түрде жүргізілетін, яки мақсатқа қол жеткізетін оқушының танымдық және практикалық іс-әрекетін ұйымдастырудағы мұғалімнің бірізді әрекеті « (И.Я. Лернер);

- «…мұғалімнің оқушының танымдық әрекетіне жетекшілік ету амалы» (Т.А.Ильина);

- «…мұғалімнің зерттелетін материалды меңгертуге бағытталған, түрлі дидактикалық тапсырмаларды шешу бойынша оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқыту жұмысының амалы» (И.Ф. Харламов);

- «… білім мазмұнының белгілі бір бөлігін жеткізуге бағытталған және нормативтік жоспарда көрініс тапқан, оқу жұмысының нақты формаларында жүзеге асырылуы мақсатындағы оқыту мен іс-әрекеті үлгісі» (В.В. Краевский);

- «… оқу процесінің жетекші міндеттеріне, мақсаттарына сай пәннің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары» (Э.Б. Абуллин);

Жоғарыда келтірілген тұжырымдарды салыстырмалы түрде талдау, арқылы оларда мұғалім мен оқушының іс-әрекеті (оқыту процесінің мәні, оның екі жақты сипаты), оқыту процесінің нәтижесі (дамытушылық, білімділік, тәрбиелік) көрініс тапқанына көз жеткіземіз. Осы ретте музыканы оқыту әдістерін оқу процесінің жетекші міндеттері мен мақсаттарына сай музыка пәнінің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары деген анықтаманы негізге алуға болады. Себебі онда музыкалық білім мазмұны сияқты оқу процесінің негізгі құрылымдық компоненттері көрініс тапқан.

Мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін бейнелейтін оқыту процесінің екі жақты сипаты оқыту әдістерінің де дәл осылай екі жақтылығын анықтайды. Осыған байланысты мұғалім тарапынан ақпараттық, басқарушылық, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, т.б. және оқушылар тарапынан білімді алу, меңгеру, тыңдау, бақылау, практикалық, лабораториялық жұмыстар орындау сияқты әдістерді атап кетуге болады.

Сөздік әдістер. Бұл әдістің көмегімен ақпараттар жеткізетін құралдар мұғалімнің сөзі және баспа сөздері болып табылады. Оларға әдістер жүйесінде жетекші орын алатындар кіреді: әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру,дискуссия, лекция, кітаппен жұмыс.

Көрнекілік әдістер әр түрлі суреттер, репродукциялар, кестелер, үлгілердің көмегімен табиғи түрде немесе символдық түрде бейнеленген қоршаған ортадағы құбылыстармен қылылығын, өнердің, қоғамдық сананың басқа да түрлерімен ұқсастығы мен айырмашылығын ұғындырады.

Талдап қорыту әдісі музыкалық сабақтарды ұйымдастырудың жетекші әдісі ретінде оқушылардың музыка өнеріне саналы қарым-қатынасын дамытуға, көркемдік ой-өрісін қалыптастыруға бағытталады. Музыкалық талдап қорыту әдісі, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру аиалдарының жиынтығы ретінде, олардың музыка жөніндегі негізгі білімін меңгертуде, жетікші іскерліктерін қалыптастыруда қолданылады. Бұл әдіс бірізділікті әрекеттерден құралады.

Бірінші әрекет оқушылырға тән бағдарламасының тақырыптарымен танысу, тереңдете меңгертуге қажетті музыкалық тәжірибесін белсенділікпен пайдалануға талпындыру мақсатын жүзеге асырады.

Аталған әдісті қолдануда мұғалімге нақты жағдайға сәйкес ең қолайлы, тиімді, қажетті жақтарын таңдай білу міндеті жүктеледі. Педагогикалық бақылау және баға беру тәсілдері музыка сабақтарында оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін есепке алуды қолданылатын әдіс. Олар оқушылардың музыкалық даму барысында түзетулер енгізуде қосымша роль атқарады. Бақылау мен тексеру оқу процесінің өзінше жеке элементі болып шет қалмауы, керісінше білімділік, дамытушылық, тәрбиелік, талпындыру функцияларын атқарып отыруы тиіс.

Музыкалық білім беру жетістіктеріне қол жеткізу оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдап алуға байланысты. Ол үшін келесі өлшемдерді негізге алуға болады:


  • оқу материалының мазмұны мен жалпы мақсаттары;

  • оқу пәнінің ерекшелігі;

  • дидактикалық талаптар;

  • оқушының жас ерекшелігі;

- оқушылардың музыкалық білім саласындағы теориялық, практикалық даярлық деңгейі;

  • оқушылырдың музыкалық тәрбиелік деңгейі;

  • оқушылардың жеке дара ерекшеліктері;

- мектептің әлеуметтік ортасы, материалдық-техникалық базасы;

  • музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлік және тәжірибе деңгейі.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1 Музыканы оқыту принциптері және «Музыканы оқыту әдістері» ұғымдарының айырмашылығы неде?

2 «Музыканы оқыту әдістері» және «Музыканы оқыту тәсілдері» ұғымдарына түсініктеме беріңіздер?

3 Музыка пәні сабақтарында түрлі музыканы оқуту әдістерін кешенді түрде қалай қолдануға болады?

4 Музыканы оқыту әдістерін музыкалық білім беру тұрғысынан сипаттайтын жіктемелерге түсініктеме беріңіздер.

5 Музыканы оқытудың сөздік, көрнекілік, практикалық әдістерін музыканы оқыту дидактикасының қандай міндеттерін жүзеге асыруда қолдануға болады?

6 Музыканы оқыту әдістерін жіктемелеуде бірыңғай көзқарастардың жоқтығын қалай түсіндіруге болады?
Әдебиеттер: [30; 31;]

8 Музыканы оқытуды ұйымдастыру
Жоспары:

1 Музыканы оқытуды ұйымдастыру формалары жайлы түсінік;

2 Музыка сабағы - музыканы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы және оның өнер пәні ретінде ерекшеліктері;

3 Музыка сабақтарының дәстүрлі емес жаңа түрлері.


Мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары педагогика тарихындаең пікірталасты проблеме болып келді. С.И. Ожеговтың түсіндірме сөздігінде «форма – белгілі бір мазмұнымен шарттасатын түр, ұйымдастыру, құру, тип, құрылым, түзіліс» деп пайымдалса, философиялық энцоклопедияда бұл термин «мазмұнның іштей ұйымдастырылуы» - деп тұжырымдалған. Ал, оқытуға келсек, форма – ол оқыту процесінің арнайы түзілімі. Бұл түзілім оқу процесінің мазмұнына, әдістеріне, тәсілдері мен құралдарына, оқушылардың іс-әрекет етуіне сипат алады. Яки оқытудың осындай түзілімі оқу материалын меғгеру барысындағы мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінде көрініс алады. Олай болса, оқыту формасы деп белгілі бір оқу материалын және іс-әрекет ету амалдарын меңгеруде мұғалім мен оқушының өзара әрекет етуінде жүзеге асырылатын оқыту процесі бөліктерінің түзілімі мен циклдарын айтамыз.

Оқытуды ұйымдастыру формалары дидактика саласындағы түрлі өлшемдерге байланысты былайша жүйеленген:



  • оқушылардың саны;

  • оқу орны;

  • оқыту дәрістерінің ұзақтығы.

Оқушылардың санына байланысты көпшілік, ұжымдық, топтық, микротоптық, жеке оқыту формалары; оқыту орны бойынша мектептегі, мектептен тыс ұзақтығына байланысты классикалық сабақ, қосарлы сабақ, қысқартылған сабақ және бастауыш сыныптарда қолданылатын «қоңыраусыз» еркін созылатын сабақтар болып бөлінеді.

Педагогика ғылымы мен практикасында уақыт талаптарына сәйкес сабақты өткізудің түрлі жолдары қарастырылып, оны жетілдіруде қыруар ізденістер жүзеге асырылды. Сабақта ұйымдастыруда оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру, ақыл-ойын дамыту, шығармашылықты өздік ізденіске баулу және т.б. проблемалар бойынша толассыз ғылыми ізденістер жүргізілді.

Өнер пәні ретінде ән-күй сабақтарын ұйымдастыру проблемалары жөнінде О.А. Апраксина өз еңбектерінде тұжырымды пайымдаулар жасады. Оның пікірінше, музыка мектеп пәні ретінде өзге сабақтармен ортақ ұқсастығы бар болуымен қатар, оған мынадай ерекшеліктер де тән:

1) Өзге пәндер сияқты музыка сабақтарының құрылымы психологиялық-педагогикалық заңдылықтарға сүйенеді;

2) Өзге пәндерді оқыту сияқты музыка сабақтары жалпы дидактикалық принциптерді ұстанады;

3) Музыка пәнін оқыту өзге пәндермен және ұйымдастыру формаларымен байланысты болады;

4) Ұйымдастыру формаларының әртүрлілігіне қарамастын, музыка сабағы бір тұтастықта болуы тиіс;

5) Өзге пәндермен ортақтастығы – онда негізгі оқыту әдістері де қолданылатындығында.

О.А. Апраксина музыка сабақтарының басқа да ерекшеліктерін ашып көрсетті:

- Бірінші ерекшелігі – музыка сабағы өнер сабағы. Себебі музыка өнері оқушының сезімі мен эмоциялық сферасын қамтитын болмысты бейнелейтін ерекше формасы. Музыкаға оқытуда танымдық процестің өзі тек ой-сананың әрекеті ғана емес, эмоция мен ойдың, сана мен сезімнің бірлігінде жүзеге асырылады;

- Екінші ерекшелігі – музыка адамның психикасына, моторикасына және физиологиялық процестерге кешенді түрде ықпал етеді. Яки адамды түрлі психикалық кейіпке түсіреді, оның бойында түрлі психикалық процестер мен физиологиялық процестер жүріп жатады;

- Үшінші ерекшелігі – міндетті түрде саналылық пен эмоционалдық бірлестік болуына байланысты, сабақтың әр элементі балалардың белсенді қызығушылықты қарым-қатынасын тудырады;

- Төртінші ерекшелігі – музыка сабағында эмоционалдық пен саналылықтың бірлігі ғана емес, көркемдік пен техникалық бірлік те орын алады. Сондықтан тыңдауға, ән салуға арналған репертуар мен қатар жаттығулар да көркем болуы тиіс. Тіпті унисонда орындалған бір дыбыстың өзі де әдемі, әрі көркем орындауды талап етеді. Ондай көркемдік орындаушылық техникасын меңгеруге тікелей тәуелді болады. Сондықтан оқу материалдары ретіндегі музыкалық шығармалардың мәнері образдылығы, көркемдік пен техникалықтың бірлігінде жүзеге асырылуы тиіс.

Сонымен, музыка сабақтары мектептегі өзге пәндермен ортақ белгілерін сақтай отырып, өзіндік ерекшеліктерін де сақтауы тиіс. Ондай ерекшелік, біріншіден, оқу материалы; екіншіден, оқушының танымдық, сондай-ақ оқушының жалпы жалпы және арнайы қабілеттерінің дамуы; үшіншіден, оқыту әдістері; төртіншіден, қолданылатын техникалық құралдар; бесіншіден, музыка пәні мұғалімінің тұлғалық, кәсіптік мүмкіндіктері арқылы көрініс табады.

О.А. Апраксина өнер пәні ретінде музыка пәнінің өзіне тән ерекшеліктерін және оқыту заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын білім беру, тәрбиелік, ұйымдастыру талаптарын былай қарастырады:

- музыка сабағының білім беру міндеттерінің нақты айқын болуы;

- музыка сабағының мазмұны оқу бағдарламасына, сабақтың мақсатына, оқушының даярлық деңгейлеріне сәйкес анықталуы;

- музыка оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдау;

- педагогикалық байланыстардың болуы;

- музыкалық білім беру педагогикасының ғылыми жетістіктерін пайдалану;

- жеке тұлғаның барлық сферасын дамыту;

- жалпыпедагогикалық іскерліктердің дамуы;

- музыкалық білім, іскерлік, дағдыларын меңгерту;

- музыкалық тәрбие міндеттерінің нақты қалыптасуы;

- музыкалық дүниетанымын дамыту;

- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру;

- музыканы оқытудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

- педагогикалық әдеп, оқушылардың адамгершілік сапа- қасиеттерін дамыту;

- музыка сабақтарын нақты жоспарлау;

- музыка сабақтарының белгіленген құрылымын сақтау;

- музыка оқытудың түрлі құралдарын қолдану;

Музыкалық білім беру педагогикасында музыка сабақтарын өзінің дидактикалық мақсаты, мазмұны және оқыту әдістемесіне қарай түрліше жүйелеу ұсынылған. Соңғы жылдары педагогикалық технология идеясының жандануы, білім беру саласына ғылыми-техникалық жетістіктердің ендірілуіне байланысты сабақ беруді жетілдіру, оны ұйымдастырудың тың жолдары іздестірілуде.

«Музыкалық білім беру педагогикасының жанры» - дегеніміз музыкалық-педагогикалық туынды ретіндегі сабақтың өзіне тән образын, эмоционалдық сферасын, музыкалық-педагогикалық құрылымдарын бейнелейтін мазмұны мен ұйымдастырылуының жиынтықты сипаттамасы. Сөйтіп, сабақтың музыкалық-педагогикалық поэма құрылымдарына сәйкес, ода, аңыз, фреска, вернисаж сияқты түрлі жанрларды тиімді пайдалана білуге болады. Сонымен бірге рондо, вариация, реприза сияқты музыкалық формалардың құрылымы музыка сабақтарының құрылымына сай келеді.

Музыка сабағы - музыкалық білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оның мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері музыка сабағының типтері мен құрылымын анықтауға арқау болады. Басқа да оқу пәндері сияқты музыка сабақтары мұғалімнің жоғары музыкалық-педагогикалық даярлығын, оқушылардық педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін білуді, музыка сабақтарын ұйымдастырудың бұған дейін белгілі болған амал-жолдарын біліп қана қоймай, оның жаңа жолдарын іздестіруді, сөйтіп музыка сабақтарын оқыту тәжірибесін үнемі байытып отыруын талап етеді.

Музыка пәні мұғалімінің сабақтарды өткізуге даярлығы басты екі кезеңнен оқу пәнін жүргізудегі жалпы және әрбір жеке сабақты өткізуге даярлығынан құралады. Жалпы даярлық барысында мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, қарым-қатынасын, бейімділіктерін және музыкалық даму деңгейлерін зерттейді. Музыка пәні мұғалімінің әрбір жеке сабаққа даярлығы да едәуір ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Бұл жұмыстың алғашқы кезеңінде оқу материалының мазмұны ойластырылады. Әрине, мұғалім тек бағдарламада қарастырылған оқу материалымен шектелмей, оқулықтарда, көмекші құралдарда берілген дидактикалық материалдарды мейілінше терең меңгеруі тиіс.

Музыка сабақтарын жүргізу үшін типтік бағдарлама негізінде құрылған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда бірізділікпен жоспарланған тақырыптардаң білімділік, тәрбиелік мақсаттары, қысқаша мазмұны, сабақтың түрі, әдістері, қолданылатын көрнекіліктері, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары, білім жетістіктерін бақылау және тексеру формасы, әр тақырыптың өтетін мерзімі көрініс табады.

Музыка пәні мұғалімі сабақты жоспарламас бұрын, ең алдымен оқушылар белгілі бір тақырыпты зерделеу барысында, яки есте сақтау, білу оқу дағдылары және алған білімдерін түрлі ситуацияларды қолдану сияқты нәтижелерге қол жеткізуі керектігін нақтылап белгілеп алғаны жөн.

Жеке сабақтарды ұйымдастыру күнтізбелік-тақырыптық жоспардың негізінде жүзеге асырылады. Әсіресе, қызметін жаңа бастаған оқытушылар сабақтың мазмұнын, оқыту әдіс-тәсілдері нақтылы белгіленген конспект дайындаған дұрыс.

Оқытудың нәтижелерін бақылау мен тексеру оқыту процесінің міндетті компоненттерінің бірінен саналады. Оның мәні пән бойынша оқушылардың меңгерген білім деңгейлерінің білім стандартына сәйкес құрылған бағдарламалық талаптарға сай болуын анықтау болып табылады. Кеінгі кезде оқыту процесінде осы жұмысты тиімділікпен жүзеге асыруда «педагогикалық диагностика» жиі қолданылып жүр:

1) алдын-ала тексеріс, мұғалімнің сабақты өткізуге дайындаған жоспары, материалдары қаралады және түсіндірудің, бекітудің, оқушылардың өздік жұмыстарының тәсілдері, әдісі, формалары жөнінде әңгімелесу жүргізіледі;

2) ағымдағы тексеріс, сабақтардың жүргізілу барысы тікелей бақыланады, оқушылардың білімі, дағдыларының деңгейі, оқушылардың шығармашылық тапсырыстарды орындау сапасы тексеріледі. Бұндай тексерудің барысында оқушылардың ұжымдық топпен бірге және жеке орындайтын музыкалық іс-әрекеттері есепке алынады;

3) қорытынды тексеріс, жарты жылдықта немесе оқу жылының аяғында оқушыларға білім мен тәрбие беру жұмыстарының нәтижелері сарапталады. Оларды сабақ-концерт түрінде де өткізуге болады. Себебі музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттер негізінен ұжымдық түрде жүзеге асырылатындақтан, тексеруді де ұжымдық формада ұйымдастыру мүмкіндіктері бар.

Дидактикалық тесттер оқыту нәтижелерін тексеру мен баға беруде кейінгі жылдары көптен қолданылуда. Оларды жалпылама төрт типке бөліп қарастырымыз:


  • есте сақтауға және еске түсіруге тиісті мағлұматтар, фактілер, ұғымдар, заңдар, теория туралы білімдерді тексеру;

  • зерделенген материалдарға өз бетімен сыни тұрғыдан баға беру іскерліктерін тексеру;

  • алынған мағлұматтар негізінде білімдерін жаңа нақты ситуацияларды пайдалана білу іскерліктерін тексеру.

Оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін тексеру, оқыту процесінің құрамдас бөлігі бола отырып, оқушылардың оқу жұмысын тек қана тексеру емес, тәрбиелік, дамытушылық қызметтер де атқарады.

Тексеру әдістерін таңдау иексерушінің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне тікелей байланысты. Оқушылардың үлгерімі мен білім сапасын тексеруде, оның жүйелілігі мен тереңдігін қамтамасыз ету үшін, бұдан да басқа қалыпты емес түрлері, айталық, өздік баға беру, өзара баға беру сияқты әдістер қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет