Әдебиеттік оқу
|
Уақыты: 16.02.16.
|
Кабинет: 116
|
Мұғалім Бишенова А.Р.
|
Сабақтың атауы
|
Қ.Мұқышев. Көктем Қ.Аманжолов. Көктем
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
|
Білімділік. Ертегіні оқи отырып, Көктем ерекшелігімен таныстыру.
Дамытушылық. Жыл мезгілдері туралы түсінік, табиғат құбылыстарының ерекшеліктері, олардың бір - бірімен байланысты екенін аңғарту.
Тәрбиелік. Оқушының сөздік қорын молайту, түсініктерін айта білуге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, табиғатты қамқорлауға, қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес «Бестігіміз аналарға» шығармашылық сабақ
Принциптері: бірізділік, жүйелілік, ғылымилық.
Әдістері: қорытындылау, сұрақ - жауап, тест, ойындар.
Көрнекілігі: кестелер, тапсырмалар жазылған парақшалар, сюжетті суреттер, жауап парақтары,
|
Жалпы мақсаттар
|
Оқыту нәтижесі
Сабақтың жабдығы
|
Топқа бөлу
|
Көктем айларымен топқа бөлу. Наурыз, мамыр, сәуір
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Анаға да сіз,
Балаға да сіз
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
«Көктем сән» ертегісінің мазмұнын сұрау
«Кубизм» әдісі бойынша өткен сабақты бекіту.
- Қасым Аманжолов деген кім?
- Қасым Аманжоловтың қандай шығармаларын білесіңдер?
- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?
|
Қызығушылықты ояту
|
Жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу.
1.Үлкен алтын табақтан, Әлемге нұр таратқан (Күн)
2.Сарғыш түсті дөңгелек, Ортасында дәні бар
Көрсең егер оны жеп, Балдай тәтті дәмі бар. (Өрік)
3.Екі бала қатар тұрса да, Бірін-бірі көрмейді. (Көз)
4.Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айқай да шу. (Түлкі)
5.Басында таяғы бар. Төрт аяғы бар, иегінде сақалы бар. (Ешкі)
6.От басына қонған, Екі көзін жұмған. (Мысық)
Жаңа сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау, күннің жадын жазу
«КӨКТЕМ» сөзіне топтастыру жүргізу.
2.Қабыкен Мұқышев «Көктем» өлеңімен танысамыз.
Қабыкен Мұқышев өмірі, туған жері, шығармалары жайлы таныстырып өту.
(1920-1976) - Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Балықты деген жерде дүниеге келген. Орта білімді өз ауылында алды. Бұдан соң Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тіл және әдебиет факультетінде оқиды.
1940 жылы Нұра ауданының орталығындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 1944 — 1949 жж. Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы болып істеді. 1950 — 1960 жж. Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстарының ауыл-селолық мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарды. Кейін таза шығармашылық жұмыспен айналысты.
Қасым Аманжолов — (1911-1955) қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны.
Қасым Аманжолов 1911 жылдың 10 қазанында қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов атындағы ауылдың Қызыл тауының баурайындағы Ақтайлақ елді мекенінде кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1918 жылы 6 қаңтарда әкесі Рақымжан 43 жасында қайтыс болады. Оны анасы Айғанша 1923 жылы Семейдегі бастауыш мектепте, 1927 - 1930 жылдары Семей мал дәрігерлік техникумында оқытады. 1931 жылы Ленинград қаласында орман шаруашылығы институтына оқуға түседі. Денсаулығы жарамағандықтан оқуды тастап, Орал қаласындағы «Екпінді құрылыс» газетінде жұмыс істейді. 1933 жылы Алғашқы өлеңдер жинағы «Өмір сыры» 1939 жылы жарық көреді. Қызыл Әскер қатарына шақырылып, Орал қаласында әскери бөлімде қызмет атқарады. 1935 жылы Алматыға қайтып келіп «Лениншіл жас» газетіне орналасады. Осы кезеңнен бастап оның қаламгерлік дарыны ашылып шығармашылықпен айналысады. Көп оқымаса да зеректігінің арқасында қазақша да, орысша да бірдей жазады. Аманжолов ақындығының үстіне композитор да. Оның «Дариға, сол қыз», «Туған ел» сияқты өлеңдерінің сөзі де, музыкасы да өзінікі. Майданнан еліне оралған ақын сүйген қызы Дарианы іздейді. Соғыстан қайтып келгеннен кейін қатты ауырып содан айыға алмай өмірден өтеді. «Ақын», «Қазақстан», «Сауыншы жеңгей» деген өлеңдерінде еңбек адамдарын биікке көтере жырлайды.
Оқулықпен жұмыс
А) Қ.Аманжолов. Көктем өлеңін мәнерлеп оқыту
Ә) Қ.Мұқышев. Көктем өлеңін мәнерлеп оқыту
1-топ “Жуып жердің омырауын” тіркесінің мағынасын түсіндіріңіздер
2 - топ “Дегдіді” сөзіне мағыналас сөздерді табыңыздар
3 -топ Гүлдің түсін білдіріп тұрған сөздерді тауып оқыңыздар
1-топ Қ.Аманжоловтың «Көктем» өлеңінде бұлақ, тау, өзен қалай суреттелген?
2 - топ Көктемгі жаңбыр қалай сипатталады? Еңбек ата деген кім?
3 -топ «Қысты қуып тастады Асқар таудың басына» деген жолдарды
қалай түсіндіңіздер?
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
Сергіту сәті
|
Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
|
Ой толғаныс
|
Шығармашылық тапсырма
1-топ – Көктем туралы мәтін құрастыру
2-топ – Көктем мезгіліне постер
3-топ – «Көктем» 5 жолды өлең
- .........................әніміз
- ..........................сәніміз
- ..........................құсымыз
- ..........................қарымыз
- ..........................бәріміз
|
Қорытыныды
|
Қ.Мұқышев кім?
Қ.Аманжолов кім?
Қандай көктемгі еңбек түрлері бар екен?
Көктем туралы тағы кімдер жырлаған?
Көктемнің тағы қандай атауы бар екен?
Көктемнің ерекшеліктері қандай?
|
Үй тапсырмасы
|
Қалаған өлеңінің біреуін жаттау. Қ.Аманжолов пен Қ.Мұқышев туралы кітапханадан қосымша дерек жазып келу.
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын толтыру.
|
Достарыңызбен бөлісу: |