1. Оқушыларға ас тұзы, және құм, саз туралы адамдар мен жануарларға пайдалану қажеттігі, ас тұзының негізгі көздері көлден тұз өндіру туралы түсінігін қалыптастыру.
2. Логикалық ойлау қабілетін, біл байлығын дамыту.
3. Табиғатты аялауға тәрбиелеу, ел байлығын үнемдеп пайдалануға үйрету.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Бас бармақ бауға барды,
Бір дегенім бүркіт,
Қалады аңдар үркіп.
Екі дегенім есік,
Білмейді ол есеп.
Үш дегенім үкі,
Ұстап жеді түлкі.
Төрт дегенім тиін.
Бес дегенім бұлбұл,
Сайрағанда дүл–дүл.
Алты дегенім арғымақ,
Бір дегенім таяқ қой,
Дөңдеу жерден қарғымақ.
Жеті дегенім жайын
Жайынның жейміз майын.
Сегіз дегенім серке.
Енесіне ерке.
Тоғыз дегенім–түлкі,
Жүрген жері күлкі.
Он дегенім оймақ,
Осымен сөзді қоймақ..
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Құм Саз
Құм,саз тұз туралы не білесіңдер?
Оз ойларын айтқызу
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Құм табиғатта жиі кездесетін сусымалы тау жынысы.Ол қатты тау жыныстарының үгілуінен пайда болады.Ол ақ,сары,сұр және басқа түрдегі ұсақ түйіршіктерден тұрады.Саз тау жыныстарының желге мүжіліп,көлдер мен теңіз түбіне шөгіп,жиналуынан пайда болады.