«Арқаға сурет салу» Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады. Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.
|
А4 қағаз суреті
|
|
3-тапсырма (8мин)
топтық жұмыс «Шашу оңай, жинау қиын» мақаласының мазмұнын мазайка арқылы түсіну:
Әр топқа ақшаның суретін таратамын, оны бір оқушы майдалап кеседі, оларды жинап бір бірімен жалғап флипчартқа жабыстырады да, теңгенің суретін шығарады. Әр оқушы
мазайканы жинаған кездегі туындаған қиындықтар туралы айтады. Осы тапсырма арқылы ақша табу қиын оны жұмсау оңай екендігін, ақшаны үнемдеп ұстау керек екендігін тағы бір рет айта кетемін.
Дескриптор:
Мақаланың мазмұнын мазайка арқылы түсінді.
Бағалау:
әр топты теңгенің суреті бар шеңбермен бағалаймын
|
Суреттер, қайшы, желім, флипчарт
|
Аяқталуы (6 мин)
|
Бекіту:
«Қарлы кесек» ойыны арқылы сабақты аяқтаймын. Әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.
Дескриптор:
Әр оқушы осы сабақта алған ақпараттарын тез тез айтып шықты.
Бағалау:
белсенді қатысқан оқушыларды мадақтаймын. Деңгейі сәл жетпеген оқушыларды ынталандырамын.
|
Қағаздар
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |