Сабақтың атауы Батырлар жыры. «Қамбар батыр»


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті



бет2/4
Дата23.08.2017
өлшемі352,4 Kb.
#25677
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.


Пазл арқылы топтарға бөлу

Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


Жаңа тақырып

Сөйлем туралы түсінік. Сөйлем дегеніміз - сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақталған ойды білдіруі. Сөйлем адамдардың бір-бірімен түсінісіп, пікір алысуы үшін, қарым-қатынас жасауы үшін қажет.

-Оқып жүргеніңді Кенжетай айтып еді. Оқуларың бүгін басталды ма?

-Бүгін төрт сағат оқыдық. (С.М.)

Мұнда екі адам сөйлесіп, қарым-катынасқа түскен, пікір алысқан. Бұл сөйлесуде біршама тиянақты ойды білдірген үш сөйлем бар. Алғашқы сөйлемде— Кенжетай-дың айтқаны туралы ой, екіншісінде - оқуларының басталған-басталмағанын білуді мақсат еткен ой, соңғысында тыңдаушының оған қайтарған жауабы түріндегі ой берілген. Сөйлем өзімен сырттай ұқсас тілдік құбылыстардан, ең алдымен, коммуникативтік қызметі (қарым-қатынас жасау құралы болу), яғни бірдеме жайында хабарлау қызметі жағынан ажыратылады. Мысалы, сүт пісірілді деген мен сүт пісіру деген мысалдарды салыстырудан мынаны аңғаруға болады: біріншісінде (сүт пісірілді) бастауыш пен баяндауыштың құрылымдық үлгісі бар, ол бірдеме жайында хабар беру үшін кұрастырылған. Ал екінші мысалдағы синтаксистік құрылым бірдемені атау үшін құрастырылған. Сондықтан біріншісі – сөйлем, екіншісі - сөз тіркесі. Сөз тіркесінде номинативті қызмет болса, сөйлемде хабарлау қызметі бар. Сөз тіркесі сөйлем құраудың материалы болады: сөздер өзара тіркесіп, белгілі синтаксистік қарым-қатынасқа түсіп, сөйлем құрамында жұмсалады.

Тілімізде әр түрлі мағыналарды білдіретін, мысалы, сәлем беру, рақмет айту, тілек білдіру, кешірім сұрау (Кеш жарық! Кешіріңіз! Жаңа жылыңызбен! мақұлдау мен теріске шығару (Иә, солай, жарар), әр түрлі эмоцияны білдіру (Бәрекелді! Ойпырмай!), жалпы сұрақты білдіру және оған жауап айту (Бұл қалай? Ештеңе емес, т.б.) сияқты айтылыстар бар. Бірақ бұлар өздігінен мәлімет бере алмайды, сөйлем бола алмайды, өйткені оларға бастауыш-баяндауыштық құрылым тән емес. Сөйлем болу үшін, оның грамматикалық негізі, яғни тұрлаулы мүшелері болу керек.


Қосымша

1-топ

9-жаттығу

2-топ10-жаттығу

3-топ


11-жаттығу

12-жаттығу



Мәтіндегі сөйлемдердің бастауыш-баяндауыштық құрылымын табыңдар. Осы құрылымның санына қарай сөйлемдердің жай немесе құрмалас сөйлем екенін ажыратыңдар.

Шығармашылық жұмыс


Топтастыру



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды



Үйге тапсырмасын беру

13-14 жаттығулар


Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »



Уақыты:

Қазақ тілі


Мұғалім:Апиева Панар Сансызбаевна

Сынып:8

Сабақ тақырыбы:

Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш

Жалпы мақсат:

Тұрлаулы мүшелер туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;


Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

Үлестірме материалдары


Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау




Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет