білімділік: Оқушыларға дала өсімдіктері мен жануарларының өміріндегі зор пайдасы, күнделікті тұрмыста қолданылуы туралы жан – жақты мәлімет бере отырып, білімдерін кеңейту және тек пайдаланып қоймай қорғау керектігін ұғындыру.
дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын, ізденімпаздық, ойлау қабілетін дамыту.
тәрбиелік: Табиғат байлықтарын қорғап, сақтауға, ұқыпты пайдалануға, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Ой қорғау, жинақтау, болжау, іздену, сұрақ – жауап, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, өсімдіктер топтамасы, кеспе қағаздар, суреттер топтамасы.
Психологиялық ахуал 2мин
Ана, бала, қала, дала, айнала,
Ай менен күн, жұлдыз, аспан, табиғат,
Шөбі жұпар, суы кәусар, сай – сала.
Бүкіл әлем аманбысың, жамағат?
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Жоспар:
1. Дала түрлері
2. Қуаң даладағы өсімдіктер
3. Қуаң даладағы жануарлар
Дәптермен жұмыс
1 - бөлім
Бұл не? (дала)
Даланың түрлері: Шалғынды, Қуаң, Егістік
Шалғынды. Шөптекті өсімдіктер жыл бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шалғын үлескілерді әдетте – көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін – шалғын дейді
Егістік. Егістік дегеніміз – егін егетін алқапты айтамыз. Еліміздің солтүстік және орталық аймақтар оның топырағы ылғалды, әрі құнарлы келеді. Сондықтан арнайы суармай – ақ өсірілетін егістік алқабы. Ол жерде бидай, сұлы, арпа сияқтылар мол өнім береді.
Алғашқы егістік алқаптар:
Мексика
Қытай
Египет
Жерорта теңізі.
Солтүстік Индия Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарындағы далалардың топырағы ылғалды әрі құнарлы келеді. Сондықтан арнайы суармай – ақ өсірілетін ондай егістік жерлер бар. Онда бидай, сұлы, арпа сияқты дақылдардан мол өнім алуға болады.
Қуаң дала. Қуаң даланың сәнге де бөленетінін кезі – көктем. Топырағы көктемге қар суымен ылғалданып, шөбі көкмайса болып, көз тартады.
Бұл өсімдіктер сабағының топырақ арасындағы бөлігінде қоректік заттар жинақталған жуашықтар бар. Жер кеуіп, құрғақшылық басталған кезде өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелері қурап қалады. Ал жуашықтары топырақ арасында құрғақ күйінде жаз, қыс бойы сақталып қалады да, көктемде тағы да көктеп гүлденді.
Осы шырынды тышқан, қосаяқ, саршұнақ сияқты кеміргіштер сүйеніп жейді.
Сортаң жерінде:
Қуаң дала өсімдіктері: Көкпек, Қара Жусан, Теріскен
Далада көп өсетін: Боз, Мыңжапырақ, Ботакөз, Қазжуа, Бетеге
Қуаң дала да көбінесе мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
Қосымша дерек: (өз облысымыз жайында)
Ақтөбе облысы бойынша өсімдіктің түрлері өте көп. Мұнда тамыр түрлері өсімдіктердің 417 түрі, 92 тұқымдасына жататын 1057 түрі шығады. Шөп текті екі түрмен сипатталады. Далалықта – дақылдың, қуаң далада – жусанды өсімдіктер.
Облыстың солтүстік құрақ далалығында дақылдық бетеге, ақ сексеуіл шөбі өседі. Сортаң жерлерінде ақ және қара жусан өседі.
Дала жануарлары
Ақбөкен, Түлкі, Суыр, Тасбақа, Тышқан, Ор қоян, Бозторғай, Бүркіт, Сарышұнақ, Қарсақ
Суреттер арқылы түсіндіріледі;
Қосымша дерек:
Облысымыз бойынша дала жануарларының құстардың көптеген түрлері кездеседі.
Сүтқоректілер – 62
Құстардың – 214, оның 187 түрі ұя салады.
Сүтқоректілердің 10 және құстардың 35 түрі Қазақстан Республикасының «Қызыл Кітабына» енгізілген.
Тұяқтылар ішінде ең көп тарағаны киік. Жаз айларында Шалқар, Ырғыз, Байғанин, Темір, Мұғалжар ауданында кездеседі.
Қыс қатаң болса, одан әрі оңтүстікке көшеді. Бұрын киікті аулау аңшылық кәсіп болып, кейін тоқтатылды. Облыс жерінде киік саны 1000-ға жуық.
Жер – жерде борсық, түлкі, қасқыр мекендейді. Бұлардың саны тұрақты. Бұларға аңшылыққа рұқсат берілген.
Облыстың солтүстік бөлігінде Әйтеке би, Мәртөк аудандарында суыр мекендейді. Оның саны – 35 – 40 мың, ал кәсіптік ауланатын аң барлық аудандарда ор қояндар, оңтүстікте құм қояндар бар.
Құстардың 27 түрі қыстайды. 80 түрін аулауға рұқсат берілген. 35 түрі сирек және жойылуға қалған санатқа жатқызылып, Қазақстан Республикасының «Қызыл Кітабына» енгізілген.
Дала құстары: Үкі, Тырна, Дала қыраны, Бүркіт, Дуадақ
Сергіту сәті 2мин
Туысқан бес кісі,
Бірінен-бірі кіші
Бәрінің аты бір
Ең кішісі шеткісі
(бес саусақ)
Ой толғаныс 10мин
Қуаң дала мен шалғында даланы салыстырып кестені толтыр.
Қуаң дала ------------------------- Шалғынды дала
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Оқушылар қорытынды жасайды.
Олай болса қоршаған ортаның өсімдіктері мен жануарларын қорғап сақтауда сендер де өз үлестеріңді қосуларың керек.
Үйге тапсырма 1мин
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Шығармашылық тапсырма. Кестесөз жасап келу