Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
И. Байзақов. Алтай аясында
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Білімділік: Алтай жерінің сұлу табиғатын, кен байлықтарын және ақын өлеңіндегі бейнелеуіш сөздермен түсіндіру
Дамытушылық: Мәнерлеп оқуға машықтандыра отырып, өлеңді талдай білу дағдыларын, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Алтай тауының суреті, сызба – кесте, автор портреті, интерактивті тақта, слайдтар
Формасы: Жекелей, фронтальды
Сабақтың түрі: Поэзия сағаты
Әдіс – тәсілдер: тренинг, талдау – жинақтау, шығармашылық, сөздік жұмысы, өздік жұмыстар, топтастыру
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі, математика
|
Психологиялық ахуал
|
I. Ұйымдастыру бөлімі:
«Психологиялық тренинг» слайд - 3
II. Сабаққа әзірлеу эмоциясы: Сабақ эпиграфын айту:
Ұқыпты – ұтар, Іздеген – табар,
Оқыған – озар, Еріншек - тозар
III. Үй тапсырмасын сұрау: С. Мұқанов Көкшенің кеудесінде - Түсінгендерін сұрау
IY. Үй тапсырмасын бекіту: слайд - 4
- Жазушы Көкше табиғатын қалай суреттеген?
- Осы мәтінді ауыз әдебиет үлгісіне жатқызуға болама?
- Мәтін авторы кім?
- Сәбит Мұқанов туралы не білеміз?
Y. Жаңа сабаққа дайындық эмоциясы: - Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
«Табиғат – туған үйіміз» деген үлкен тараудың шығармаларының бірі И. Байзақовтың Алтай өлеңін өтетінімізді хабарлай отырып, ақынның қысқаша өмір баянымен таныстыру.
слайд – 5
Байзақов Иса - (1900 - 1946 ж)
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылында туған.
Қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор.
Семейдегі жұмысшылар факультетін, Орынбордағы қазақ халық ағарту институтын, Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері.
YI. Жаңа сабақ «Ассоциациялық аймақ құру» слайд - 6
- Тау деген сөзді естігенде алдымен ойларыңа не келеді? слайд - 7
- Тау суретін көрсету слайд – 8
- Алтай тауы туралы қысқаша мәлімет беру: Алтай тау жүйесі - Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км - ге созылып жатыр. Алтай солтүстік - батыстан оңтүстік - шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөліне дейін жан - жаққа таралған. Алтай таулары 4 мемлекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан: Қазақстан (Кенді Алтай — Шығыс Қазақстан обылысы), Монғолия (Моңғол Алтайы — Баян - Өлгей аймағы, Ховд аймағы, Алтай аймағы, Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы), Қытай (Шыңжаң - Ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай аймағы).
Оқушылардың іздену жұмыстары тыңдалады. «Қазақстан таулары»
Оқулықпен жұмыс: - мұғалімнің оқуы; - оқушыларға тізбектей оқыту; - өлеңді талдау
Сөздік жұмысы: аясында – бауырында, құшағында
қиясында – биігінде
өршіл – биікке құмар
күйік – мұң, қайғы
Шығармашылық жұмыс: Өлең ішінен тау сұлулығын бейнелейтін эпитеттік бейнелеуіш сөз тіркестерін тауып, дәптерге жазу
Талдау жұмысы: Өлең бойынша шумақ, тармақ сандарын анықтау
Тез, ойлан: (Өлең бойынша сұрақ – жауап):
1. Ақын таудың ең биік төбесін неге теңейді?
2. Опалған бұлтты кімге және неге теңейді?
3. Ақшақарды неге теңейді?
4. Тау сұлулығын кімге теңейді?
5. Тауды көргенде адамның көңіл – күйі қандай сезімде болады?
6. Алтайдың биіктігі туралы ақын не дейді?
7. Алтай жерінен қандай кендер шығады?
8. Алтай аясын қандай аңдар мен хайуанаттар мекендейді?
9. Күзде тау да қандай өзгеріс болады?
Рефлексия: Мен қандаймын?
Өзіңізге ұнайтын тау жануарларынан үш жануарды жазыңыз.
Жауабы: 1. Ортада сізді солай қабылдайды
2. Басқалардың сіз туралы ойы
3. Сенің өзің туралы ойың
Өздік жұмыс:
1. Алтай тауының әсемдігі (Жібектей бұлт, сұлудай торғын киген, ақша қары ақ күмістей)
2. Алтай тауының биіктігі (өршіл биік, бұлттан өзге қона алмаған, бұлт жете алмаған)
3. Алтайдың аңдары ( киік, арқар, таутеке)
4. Алтайдың кен байлығы (күміс, алтын, мырыш)
YII. Бекіту: Жұмбақ шешу, мақал – мәтелді жазу
Ой – толғау
Мен, Алтай өлеңін оқып отырып біздің елімізде Алтай тауының бар екенін білдім. Ол тау өте биік, әдемі тау екенін байқадым. Таудың сұлулығы таң қалдырды. Тау алқабында аю, қабылан, елік сияқты аңдар мекендейді екен. Алтай жерінен алтын, күміс шығатынын білдім. Осындай байлықты мен мақтан етемін. Туған жеріміздің табиғатын әрқашан қорғап, қамқорлық жасауымыз керек.
|
Қызығушылықты ояту
|
Сергіту сәті
|
Ой толғаныс
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Көжек (Ертегi)
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Мақсаты: 1. Аңдар тіршілігі арқылы туған жердің ыстық, қымбат екені туралы түсінік.
2. Мейірімділікке, қайырылымдыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
3. Сөздік қор, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту.
Әдісі: СТО технологиялары.
» Автор орындығы», » Үш жақты жазу күнделігі», «Миға шабуыл»,
» Дискуссиялық карта».
Көрнекілігі: кестелер, қима парақша, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, музыка.
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
I. Психологиялық тренинг.
М. Хакімжанова » Оқы, ойна «.
Бөбектерім оқы, ойна.
Оқу – білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.
II. Қызығушылықты ояту.
1. «Автор орындығы»
а) Жер бетінде бар түп жусан қалмасын!
Кімде кімнің өрісі мен жайылысынан бір тал жусан көрсем, менен жақсылық күтпесін!
Мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?
ә)Уа, хан ием , — ашу дұшпан, ақыл дос, сабаңа түсіп, сабыр сақта.
Мені таныдыңдар ма, балалар!
Мен кіммін?
2. » Үш жақты жазу күнделігі».
Р/С
|
Сұрағы
|
Қажеттілік
|
Менің пікірім
|
1.
|
Хан жусанды жұлуға жарлық беруі керек пе?
|
Жусан пайдалы. Ол киелі. Күннің ыстығын қайтарады, жердің дымқылдығын сақтап тұрады. Жерді құрт – құмырсқа қаптап кетуден сақтайды.
|
Келіспеймін.Неге десең ауа бұзылады. Жерді жәндіктер қаптап кетеді.
|
2.
|
Ханның жәндіктерді құртып жіберуі керек пе?
|
Жердегі жәндіктер қырылса, аспандығы ірі құстарға азық қалмай қырылып қалады.
|
Меніңше бұл да дұрыс емес. Олар пайдалы. Бір – бірінсіз тіршілік ете алмайды.
|
3.
|
Жері шүйгін, оты мол
-
Бетпақдала.
|
|
Хан жарлығы кесірінен оты мол, төрт түлігі сай, ғажайып жер, ештеңе жоқ — Бетпақдалаға айналды.
|
Қорытынды ой: Ойлап іс қыл.
III. Мағынаны тану.
1.» Қайсысы артық?» Неге? (суретпен жұмыс) Дәлелде.
2. – Қоянның баласы қалай аталады?
- Көжек.
- Ендеше бүгін, біз «Көжек» туралы ертегімен танысамыз.
(дәптерлерін ашу, күннің жады, тақырып)
3. » Миға шабуыл» стратегиясы.
4. Оқулықпен жұмыс.
а) Бөліп – бөліп оқыту, әңгімелету.
ә) Сұрақ – тапсырмаларымен жұмыс.
IY. Ой толғаныс.
1. «Дискуссиялық карта»
Шаруа көжекті үйге әкелгені дұрыс болды ма?
Иә. (дұрыс)
|
Жоқ. (дұрыс емес)
|
Далада тоңып қалмасын деп ойлады. Мейірімділік, жанашырлық танытты. Үсіп кетуі мүмкін.
|
Ол қолға үйрене алмайды. Адамдардан қорқады. Балалар ойыншыққа айналдыруы мүмкін. Неге десең әркімге өз туған жері артық.
|
Түйін: Ер туған жеріне т.б.
2. «Сұр қоян» әні қимылымен орындау.
|
Үйге тапсырма
|
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |