Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Білімділік: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың құрал - жабдықтары: компьютерлер, SIN. kz бағдарламасы, тест сұрақтары т. б. б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
«Жүректен - жүрекке» шеңбері
– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Топқа бөлу
|
Геометриялық фигуралар үлестіріледі
|
Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.
|
Қызығушылықты ояту
|
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
1. Жалпы
2. ДК - де жұмысты бастау алдында
3. Жұмыс істеу кезінде
4. Авариялық жағдайларда
5. Жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал - жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штеккерге тиісуге тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
ДК - де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК - де жұмыс істеуге тыйым салынады.
Үстелге, ДК - дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК - де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК - дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ДК - мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
ЭЕМ - да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60 - 70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.
Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
ДК - де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:
Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.
АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру);
2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек
көрсету;
4. Дәрігер шақыру {мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Күйгенде көмек көрсету:
1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);
2. Күйген жеріне май жағу (винилин);
3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын - ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;
4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Талып қалғанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;
2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Демі тоқтағанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған
болса. қолмен орнына келтіру;
2. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жақын жердегі емдеу мекемесінен).
3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан - ауызға) керек.
КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР1 - жаттығу
- Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
- Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4 - 5 рет қайталаңдар.
2 - жаттығу
- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
- Көздеріңді талдырмаңдар.
- Алысқа қадалын қараңдар.
3 - жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалын қараңдар.
4 - жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілендер.
- Алысқа қадалып қараңдар.
5 - жаттығу
- Бастарыңды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.
- Алысқа қадалып қараңдар.
|
Сергіту сәті
|
Жаңа сабақ
|
Ой толғаныс
|
БББ кестесі
Білем
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру. Компьютерде жұмыс істеу кезіндегі санитарлық және гигиеналық нормалар
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
1. ЕТ-мен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерімен танысып , оны білу.
2. Компьютермен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесін үнемі естен шығармау дағдысын қалыптастыру.
3. Оқушы мәдениетіне, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі : Топпен жұмыс
Көрнекіліктер: MS POWER POINT ортасында жасалған слайдтар , таратпа материалдар, плакат « Қауіпсіздік ережесі»
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
«Жүректен - жүрекке» шеңбері
– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Топқа бөлу
|
Геометриялық фигуралар үлестіріледі
|
Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.
|
Қызығушылықты ояту
|
Бүгін бізге сендермен достасуға қонаққа « Компьюша » келді. « Компьюшаның» өзімен әкелген кереметке толы қоржыны бар екен. Информатика сабағында қоржыннан алынған кереметтерді оқып, үйренсек, « Компьюшаның» айтқандарын бұлжытпай орындасақ
«Компьюша» сендермен жақсы дос болады және сыйлықтарын таратып береді.
|
Сергіту сәті
|
«Халықтар» биі
|
Жаңа сабақ
|
« Компьюшаның» қоржынынан шыққан бірінші керемет:
Компьютерде жұмыс істеу кезіндегі арнайы ережелерді есімізде сақтауымыз керек екен.
(MS POWER POINT ортасында жасалған слайдтар презентациясы)
2.Көзге арналған жаттығулар.
Компьюшаның әңгімесі:
Көбелек қанатын қалай қағады? Көзімізбен көрсетейікші.
( балалар көзін жиі – жиі ашып жұмады)
Көзімізбен көбелектің ұшу бағытын көрсетейік
( басымызды бұрмай оңға, солға, жоғары, төмен қараймыз) 3-4 рет қайталап көрсету
5. Түсініктерін алғашқы тексеру. Миға шабуыл стратегиясы.
Суретке қарай отырып компьютермен жұмыс істеу кезінде қандай іс-әрекетке тиым салынатыны туралы айтып беруді өтіну.
6. Түсініктерін бекіту.
« Компьюшаның » ертегісі.
Күз айы. Ауа райы қолайсыз, жел соғып, жаңбыр жауып тұрды. Асан асығып мектепке келсе бірінші сабақ информатика екен. Ол су болған сыртқы киімін шешпестен , информатика кабинетіне жүгіріп кірді. Мұғалімге назар аудармастан компьютерді қосты. Қоңырау дауысын ести салысымен асығыс сумкасынан кітап, қалам , дәптерлерін және мамасы салып берген тоқашын да бірге алып пернетақтаның үстіне қойды. Сабақ ортасында Асанның келесі математика сабағы екені және одан есеп шығармай келгені есіне түсті. Асан тыпыршып, қозғалақтап отыра алмады. Соның салдарынан электр тогына қосылған сымды аяғымен қозғап, компьютерді өшіріп алды.
Сұрақтарға жауап беру:
Асан қанша кате жіберді ?
Неге сырт киіммен кіруге болмайды ?
Неге мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайды ?
Неге пернетақтаның үстіне зат қоюға болмайды ?
Неге жалғасып жатқан электр сымдарына жақындауға болмайды ?
7. « Ой ашар » сергіту сәті.
Егер сендер шаршасаңдар,
Көбелек болып ұшайық,
Секірейік қоян болып,
Суда жүзіп балықтай,
Отырайық асықпай.
8. Дәптермен жұмыс . Түртіп алу стратегиясы
Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай « болады » немесе « болмайды » сөздерін қосып жазыңдар.
Мұғалімнің рұқсатынсыз
информатика кабинетіне кіруге ...
Компьютер сыныбына
Сабырлықпен кіріп
өзінің жұмыс орнына
отыруға ...Информатика кабинетіне сырт киіммен кіруге ...
Компьютер сыныбына кірерде бір – біріңді есікте
итермелеуге ...
Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсең мұғалімге хабарлауға ...Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге ...
Компьютерде жұмыс істеуді
тек мұғалімнің рұқсатымен
бастауға ...
Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге ... Компьютерде су қолмен жұмыс істеуге ...
9. Қорытындылау. Не білдік? Не үйрендік? Не білгіміз келеді?
Суретпен жұмыс
9. Бағалау « Компьюшаның » сыйлықтары
( жауап берген балаларға баға жазылған « компьюшаның » суретін таратып беру )
|
Ой толғаныс
|
БББ кестесі
Білем
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Информатика (5– сынып) ОМЖ
№
|
Тақырыбы
|
Сағат
|
Оқытуда қолданыла-тын әдіс-тәсілдер
|
Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
|
Нені білуі керек?
|
Үйрену мақсатында бағаны қоса, бағалау
|
Негізгі дереккөздер немесе ресурстар
|
Мерзімі
|
1
|
Есептеуiш техника кабинетiнде техника қауiпсiздiгiн сақтау ережелерi.
|
1
|
Түстер арқылы бөлу.
Кім жылдам,Миға шабуыл,Жигсо, Ойлан тап, Өмірлік ахуалды талда
|
Талантты және дарынды балаларды оқыту
|
ЕТ кабинетинде орындалатын ережелерді
|
Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі бағалау. Сонымен қатар жиынтық бағалау.
Рефлексия арқылы білімдерін тексеру.
|
Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
|
|
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат)
|
2
|
Информатика. Ақпарат.
|
1
|
Топқа бөлу:
Түстер арқылы,
Миға шабуыл
Салыстыру кестесі, Жиго,Эссе
|
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау,
|
Ақпарат және ақпараттың берілу жолдарын
|
Критерийлер бойынша топтар бір-бірін бағалайды және өзін-өзі бағалайды.
|
Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
|
|
№ р/р
|
Сабақтың тақырыбы
|
С/с
|
Күні
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқып-үйренудің нәтижесі
|
Оқытуда қолданылатын
әдіс-тәсілдер
|
Бағалау түрлері
|
|
Кіріспе (1 сағат)
|
1
|
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
|
1
|
01-06.09
|
ЕТ кабинетіндегі ережелер
|
ЕТ кабинетіндегі ережелерді жатқа біледі
|
Топтық,
жұптық әдіс.
Рефлексия «бағдаршам»
|
Өзін-өзі бағалау.
Формативтік бағалау.
|
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (4 сағат)
|
2
|
Информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
|
1
|
8.09
13.09
|
«Информатика» пәнінің зерттеу обьектілерімен танысады ақпараттық кеңістік терминінің ортақ түсінігі қалыптастыру. Ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгерту
|
Ақпараттық қоғам орнатудың негізгі шарттарымен танысады. Әлемдік ақпараттық ресурстардың ұйымдастырылған құрылымы-мен танысады
|
Әңгіме-дебат, Топтық әңгіме
|
Критерий бойынша бағалау. Рефлексия
|
Достарыңызбен бөлісу: |