Мағынаны тану
|
Байқоңыр туралы бейнебаян көрсету.
Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.[1] Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы ескерілді. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырыдды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды.Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.[2]
Күннің жадын жазу. Сәуірдің он тоғызы
Сынып жұмысы
Ғарышқа ұшу.
Көркем жазу. Ғарыш, ғарышкер.
158-жаттығу.
Байқоңыр. (Есентай Ерботин туралы түсінік беру)
Өлеңді оқып, көшіріп жазу.
Ал, балалар. Байқоңыр аймағынан ғарышқа ұшқан кімдер екен сол туралы түсінік алайық. «Ғарышқа ұшу» мәтінін 3-4 оқушы оқып, түсінігін айту.
Ғарышкерлер туралы бейнебаян тамашалауТоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988),Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан “Союз ТМ-13” кемесімен ғарышқа ұшты. 17 тәулік 22 сағат болады. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды.
Талғат Мұсабаев 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.. 1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген. 1994ж ғарышқа ұшады. Ол 3 рет ғарышқа ұшады. 314 тәулік ғарышта болады. ТМ-19 кемесімен ұшады. ),Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы.
Гагарин Юрий Алексеевич (9 наурыз 1934 жылы, Гжат (қазіргі Гагарин) ауданы Клушино ауылы Смоленск облысы — 27 наурыз 1968 жылы, Владимир облысы) – КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961)
1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды. Гагарин ұшақпен жаттығу кезінде қаза тапты (Владимир обл. Киржак ауд.Новоселово селоның маңында). Мәйітінің күлі Мәскеудің Қызыл алаңындағы Кремль қабырғасына қойылған.
|