Сабақтың атауы Жаз. Мақсаты І. Балаларға жайқалған жаз мезгілінің ерекшелігі туралы түсіндіру



Дата27.12.2016
өлшемі0,64 Mb.
#6199
түріСабақ


Пәннің аты:

Тіл дамыту



Уақыты:25.04.16

Кабинет

Мұғалім:

Сармолдаева М



Сабақтың атауы

Жаз.

Мақсаты

І.Балаларға жайқалған жаз мезгілінің ерекшелігі туралы түсіндіру.

2.Берілген сұраққа толық жауап беруге, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету.

3.Табиғатты сүюге баулу.


Әдіс тәсіл:

Көрнекіліктер:



көрсету,түсінік беру,ойын,сұрақ-жауап

жаз мезгілі бейнеленген сурет.



Психологиялық ахуал

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн, болсын!

Бисенбінің күні сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

Өткен сабақты қайталау.

Жаңа тақырыппен таныстыру.



Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге

жаттығу жасайды.




Қызығушылығын ояту

а) Жаз мезгілі туралы әңгіме төмендегі ретпен жүргізіледі:

жаз мезгілінің ерекшелігі;

• жаз айлары;

• ойналатын ойындар;

• жаздағы мереке.



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын оянып,ерекше ынтамен кіріседі

Мағынаны тану

2.Негізгі бөлім.

а) Гүл алаңына сырттай саяхатқа шығу, тапсырмаларды орындату. Гүл алаңы бейнеленген сурет ілінеді.суреттің бірнеше жеріне ілінген тапсырмалар жазылған қағазды алып, оны балаларға оқып береді.

1 - тапсырма. Қазір қай мезгіл?

2 - тапсырма. Гүл алаңында өсіп тұрған гүлдердің аттарын ата. Сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыр.

4 - тапсырма. Гүлдерді қалай күтеді?

Әр тапсырманы орындату арқылы «Гүл алаңы» деген әңгіме құрастырады.

Үлгі:

Жаз. Балалар гүл алаңына келді. Гүл алаңында түймедағы, раушангүлі өсіп тұр. Арықтан сылдырлап су ағып жатыр. Құстар сайрайды. Балалар гүлдерге су сепкішпен су қояды. Арам шөптерін жұлады.



ә) Дәптердегі сурет бойынша «Жазғы демалыс» тақырыбында әңгіме құрастыру.

б) Сөздік жұмысын жүргізу. Шалғын — қалың өскен көгорай, шөп. Шалғын сөзін қатыстырып, сөйлем құрату.

в) Жаз мезгілінде пісетін жеміс - жидектер, көкөністер ту¬ралы тақпақ - өлеңдер оқыту.

г) Жаңылтпашты жатқа айтқызу.

Келді жаз, Жазға бала мәз.

Көлде қаз, Көл жағасы саз.



«Не артық »ойыны



Сергіту сәті

Бір,екі,үш қарлығаш болып ұш

Төрт,бес,алты қарлығаш болып қалқы

Жеті,сегіз,тоғыз,он

Қайта орныңа қон!



Балалар қимыл қозғалыспен жаттығуды қайталайды.

Ой толғаныс


Сұрақ –жауап арқылы алған білімдеріне қорытынды жасалынады

«Жаз қызықтары» дидактикалық ойыны.

Шарты: балаларды бірнеше топқа бөліп, әр топқа тапсырма беріледі.

1 - топ жаз мезгілінің ерекшелігін әңгімелейді.

2 - топ жаз мезгілінде демалыс туралы әңгімелейді.


Үйге тапсырма

Жаңылтпашты жаттау.

Келді жаз, Жазға бала мәз.

Көлде қаз, Көл жағасы саз.





Бағалау

Балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтау.







Кері байланыс







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет