Сабақтың атауы Кіріспе. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму сипаты Мақсаты



бет2/5
Дата05.11.2016
өлшемі0,5 Mb.
#694
түріСабақ
1   2   3   4   5



Әдебиет

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

«Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегі

Мақсаты

Жаңа сабақты түсіндіру

Көрнекілігі

Әдебиет оқулығы

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу



Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



«Әдебиет танытқыш» — Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық-философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының орны ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек.

Ұлттық әдебиеттану ғылымы қазір қолданып жүрген негізгі терминдер, категориялар, ұғымдардың қазақша өте дәл, ықшам, оңтайлы баламаларының басым көпшілігі тұңғыш рет осы зерттеуде жасалғанын ашып айтатын уақыт жетті. Бұл ретте, Ахмет Байтұрсынов — тіл терминдерін жасауда қандай кемеңгер, данышпан болса, әдебиеттану, өнертану, фольклортану терминдерін жасауда да сондай кемеңгер, данышпан.

Ғасырлар тоғысындағы қоғамдық-экономиканың қалыптасуы, жаңа үкіметтің орнығуы, халықты жаппай сауаттандыру үшін оқу-ағарту шаралары жедел жүзеге асырылған кезең. А.Байтұрсынұлының әдеби-эстетикалық тұжырымдары мен әдебиеттегі жүйелеуге қосқан үлесі туралы әдебиеттанушы-ғалымдар: «ХХ-шы ғасырдың басын-да әдебиеттану салада нақты іс атқарған, өзгелерге үлгі көрсеткен А.Байтұрсынұлы болды» дейді.

Оның «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі-ұлттық әдебиеттанудың әлемдік ғылымдағы зерттеулерге-деңгейлес, әдеби ұғым түсініктердің тұңғыш рет ұлттық ұғымға лайықталған, арнайы «пән сөздері» жарияланған ғылыми зерттеу екенін айтады. Академик З.Қабдолов 1988-ші жылы ғалым есімі, ақталғаннан кейін, А.Байтұрсынұлының әдеби мұрасы хақында «Әдебиет танытқыш» — тұңғыш қазақы трактат, әдебиет теориясының басы» екенін, кітаптың қадірі мен қасиеті, тарихи мәні мен маңызы кешегі кеңес кезінде бұрмаланғанымен, әлем ғалымдары арасын-да ғылыми тұрғыдан мойындалған ғылыми зерттеу еңбек екендігін ашып жазды, бүгінгі таныммен талдап таратты [50, Б. 70–80; Б. 38–41].Академик Р.Нұрғали «Күлтегін» баспасынан жарық көрген өзінің «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атты зерттеу-еңбегінде «Әдебиет танытқыштың» қазір Алматыда сақталған кітаптарының соңғы беттері жыртылғандықтан, еңбектің тексті түгел берілмей отыр.



Мағынаны тану

«Әдебиет танытқыш» 1926ж.
Бұл біздің жыл санауымыздан 326 жыл бұрын Эллада елінде жарық көрген Аристотельдің “Поэтикасы” тәрізді сөз өнерінің болмысы мен бітімін жүйелі байыптайтын қазақ қоғамындағы тұңғыш теориялық зерттеу еді.
“Әдебиет танытқыш” кітабы – әдеби терминдерді қазақша қалыптастырған жаңашыл туынды.

Ой толғаныс

БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді













Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады



Әдебиет

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Міржақып Дулатов, «Оян, қазақ!»жинағы

Мақсаты

Міржақып Дулатов, «Оян, қазақ!»жинағы туралы білімді меңгеру

Көрнекілігі

Әдебиет оқулығы

Топқа бөлу

Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу




Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



Міржақып Дұлатұлы




Лақап аты

Мир Якуб

Туған күні

25 қараша 1885

Туған жері

Сарықопа уезі, Торғай облысы

Қайтыс болған күні

5 қазан 1935 (49 жас)

Азаматтығы

Түркістан автономиясы

Ұлты

қазақ

Мансабы

ақын, жазушы, саясаткер

Бағыты

саяси

Жанры

реализм

Шығармалардың тілі

қазақша




Мағынаны тану

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет