Сабақтың атауы Орындалған арман С. Көбеев Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы
Сабаққа өзіндік талдау Сабақтың мақсаты етіп «әңгімені түсінік бере отырып, оқуға, кейіпкерлердің мінез –құлқының іс-әрекетінің мәнін ашуға, оқырмандық көзқарасын қалыптастыру» деп алдым, себебі әңгімені түсіне отырып, оның міндеттерін іс-әрекетінің мәнін ашуға, оқырмандық көзқарасын қалыптастыру деп анықтадым. Сабақтың типі аралас сабақ, негізгі кезең ретінде блум таксономиясын атаймын, оның міндеті оқушы тақырыпты толығымен меңгеру болып саналады. Сабақ барысында мен оқытудағы қол жетімділік принципіне сүйендім. Мақсатқа жету үшін , менің таңдауым сұрақ-жауап, топтық тапсырмалар және жаңаша әдіс-тәсілдер болды. Сабақ материалы оқушылар үшін жеңіл әрі қызықты болды. Әр кезеңде мен мына әдістерді қолдандым: «Шахмат» әдісі, «Ирек» әдісі, ЛОТО әдісі, «Бумеранг» әдісі себебі сабақ барысында бірізділіктен қарағанда ойын балаларды ынталандырып серпілтеді деп білдім. Әрі солай да болды. Оқушылар сабақ барысында сергек әрі ширақ қатысты. Бұл тапсырмалар оқушылардың дамытуға бағытталды. Сонымен қатар тапсырмаларды орындау барысында қиындықтар болған жоқ, менің ролім тек бағыттаушы, бақылаушы болды. Оқушылардың тапсырмаларды таңдауына мүмкіндік берілді. Аздаған уақыт тапшылығын сезіндім, себебі 45 минутқа жоспарлап үйреніп қалған 40 минут аздап тапшылық байқалды. Бұл сабақта мен мақсатыма жеттім, себебі оқушылар тапсырмаларды тиянақты орындап, нақты жауап беріп отырды. Бұл сабаққа қосқан менің жаңалығым латын әріптерін беріп сөз құтаттым. Бар көрнекіліктерді толығымен пайдаландым. Үй тапсырмасын оқушылардың деңгейіне сай бердім, себебі кейбір оқушыларға жай ғана оқып, мазмұндау аздық етеді. Сондықтан шығармашылық тапсырма бердім. Жалпы алғанда, сабаққа өз бағам өте жақсы,себебі сабағым мақсатына жетті деп есептеймін. Назарларыңызға рахмет! Қарағанды облысы Осакаров ауданы «Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ Әдебиеттік оқу Тақырыбы:“Орындалған арман” С. Көбеев 4 «б» сынып жетекшісі: Байхазан Алмагул 2017жыл,16-қараша жүктеу/скачать 0,74 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |