Тексерілді:
Пәннің аты Ана тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Тасымал Балаларыма
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Кірістірілген модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
|
1. Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын ұғыну, өлеңді мәнерлеп оқу, мәнін ұғыну, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорларын молайтуға, тілдерін дамыту арқылы ой қорытуын жетілдіру.
2. Оқу - жазу дағдыларына, сөздерді буын жігімен тасымалдауға жаттықтыра отырып, түрлі тапсырмалар орындау барысында шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа
дағдыландыру.
3. Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сыныптық жұмыс, түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кестелер,
Амандасу,түгендеу,дайындық
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
а/ Қазақ халқының аты аңызға айналған қаһарман батыры, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының өмірі, ерлігі, еңбегі туралы әңгімелеу,
ә/ өмірбаянынан сыр шерту.
|
Мағынаны тану
|
Жаңа тақырыпқа көшу. Оқулықпен жұмыс./67 - бет/
а/ Кезек тізбектеп оқу,
ә/ Мазмұнын әңгімелеу.
б/ Түртіп алу әдісін қолдану арқылы Б. Момышұлының балаларға қалдырған өсиетін тауып оқу.
«Отан сүйер ұлан болыңдар! Өз Отаныңа лайықты азамат болып өсіңдер!»
Сөздікпен жұмыс
Қаһарман - ешнәрседен қорықпайтын батыр
Дүниежүзілік - жер бетіндегі барлық халық.. Өздік жұмыс.
. Тасымалдауға болмайтын сөздердің астын сыз.
Ар, ұят, намыс, әке;
Шығармашылық жұмыс (сөйлем құрастыру).
Ержан, немересі, Бауыржан, атаның.
|
«Қазақ, намыс, батыр» сөздерін тасымалда.
а) тасымалданатын сөздер;
ә) тасымалданбайтын сөздер;
1. Қосымша дәптермен жұмыс. 103 - жаттығу.
а) Ребус шешу
ә) Ребустың шешуіндегі сөзді тасымалдап жаз (қа – йық).
1) тасымалдауға болмайтын сөздерді жаз: әке, от, ар, нан, ұят, бір, он, Отан, ат, ата, ана, т. б.
2) «Балаларыма» мәтінінен Б. Момышұлының балаларға айтқан өсиетін тауып, көшіріп жаз.
|
Сергіту сәті
|
Шеге қағар шеберге,
Ең қажетті құралмын.
«Б»-ны өшірсең егер де,
Жігер берер ұранмын.
(Балға-Алға)
***
Қатты соғып жүрегім,
Қорқып, үркіп жүремін,
«Қ» орнына «Н» қойсаң,
Күшке толар білегім.
(Қоян-Ноян)
|
Ой толғаныс
|
Оқулықпен жұмыс
1. Оқушылардың кезекпен оқуы.
2. Мәтін бойынша сұрақтар:
Әңгіме кім жайында айтылған?
Авторы жайлы не білесің?
Б. Момышұлы сендерге қандай өсиет қалдырған?
Сабақты бекіту.
- Бүгінгі сабақта не үйрендік?
- Мәнерлеп оқуды.
- Әдемі жазуды.
- Сөзді тасымалдауды
- Халқымыздың аты аңызға айналған Қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы Отан сүйгіш, батыл, ұлтжанды батыр екенін білдік.
- Олай болса, біз де Бауыржан атамыздай батыл, күшті, өжет, қайратты болуға үйренеміз.
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау,автор туралы мәліметтер жинақтау.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Тексерілді:
Пәннің аты Ана тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Қазақ әліпбиі Әліпбиі
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Кірістірілген модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
|
Білімділік: Оқушыларға әліпби туралы түсініктерін қалыптастыруына мүмкіндік жасай отырып, әріптердің реті мен дұрыс тәртібін меңгерту, алғашқы әліпби грамматикасының ашылу жолы жайлы мәлімет беру, әліпби сөзін үш тілде айту.Ой қозғау, тілдік қорларын байытуға жол салу.
Дамутышылық: Оқушыларға бағыт -бағдар бере отырып өздерінің жұмыс істеуге, ойлауға, шапшаң ой қорытуға, ұқыпты жаза білуге, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ерінбей еңбек етуге, бір-бірінің еңбегі мен уақытын бағалай білуге тәрбиелеу.
Сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың типі: Білім мен білікті қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі:оқулық,алфавит
Амандасу,түгендеу,даярлық
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Қазақ әліпбиі туралы мағлұмат
Біздің алғашқы оқулығымыз қалай аталды? Әліппе
Қазақ әліпбиінің негізгі қалаушы Ахмет Байтурсынов
Ø Суретші
Ø Қазақ әліпбиі 1912 жылы басылып шыққан.
|
Орыс әліпбиі (алфавит)
1574 жылы Иван Федоров жазып шығарған.
|
|
|
Мағынаны тану
|
Оқулықпен жұмыс.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу, түртіп алу.
2. Оқушының түсіндіруі.
3. Дыбыстарға тоқталу.
Дәптермен жұмыс
Грамматикалық кезең
әліпби
жаттығу орындау
105-жаттығуды орындау
|
Қазақ әліпбиі А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Е, Ё, Ж, З, И, Й, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П, Р, С, Т, У, Ұ, Ү, Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ы, І, Ь, Э, Ю, Я.
Барлығы: 42
2 таңба
15 дауысты
25 дауыссыз
|
Сергіту сәті
|
Желбіретіп үкімді,
Сулы жерде жайқалам.
«Қ» орнына «Т» қойсаң,
Қоныстанып жай табам.
(Құрақ-Тұрақ)
Сұйықпын да тазамын,
Басамын жер тозаңын.
«С» орнына «Б» қойсаң,
Бозғылт боп тозамын.(Су-Бу)
|
Ой толғаныс
|
Қос басы жұмыр,
Жiңiшке құбыр,
Iшiне жиған,
Дәмi де шымыр. (Жiлiк майы)
Аппақ су – дәмi тәттi,
Iшсең сусын қандырады,
Шөлдегенде қатты. (Қымыз)
Терi құдық қауғасын,
Тарттым да,
Қанып iштiм дәмдi асын. (Саба)
|
Үйге тапсырма
|
106-жаттығу.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |