Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Заттың қимылын білдіретін сөздер Қайдан келдің бауырсақ?
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Мақсаты: Балаларға нан туралы білім беру. Балалардың нан туралы түсінігін ертегі арқылы жеткізе отырып, өлеңнің мазмұнын айтып беруге жаттықтыру, үлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай білуге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: наубай-нан пісіретін орын; диірмен-ұн тартатын жер; дала-егін өсіретін алқап; диқан-егін өсіретін адамдар; қырман-астықты жинайтын орын.
Көрнекі құралдар: нан туралы әр түрлі суреттер, нанның дастарханға қалай келетіні жайлы, ертегі бойынша суреттер.интербелді тақта
Әдіс-тәсілдер; түсіндіру,оқу, әңгімелеу, жаңа сөздер мағынасын түсіндіру.
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
-Балалар бүгін біз сендермен «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен танысамыз.
-Өлең Өтебай Тұрманжановтікі.
-Сендерге мен тамаша бір ертегі айтып берейін сендер мұқият тыңдаңдар, ертегі не жайлы екен.
-Бәріміз мына сыйқырлы тақтаға қарайық.
- Ертегінің аты «Бауырсақ пен тышқан».
-Ертеде тауық пен тышқан керемет дос болыпты.
-Бір күні тауық бір уыс бидай тауып алады да, досы тышқанға бидайды үгітіп беруін сұрайды.
-Ал тышқан болса мен үгіте алмаймын дейді.
-Амалсыздан бидайды тауық өзі үгітеді.
-Диірменнен шыққандай мап-майда ұн жасап, одан қамыр илейді.
-Илеген қамырдан енді бауырсақ пісір дейді- тышқанға.
-Әлгі еріншек тышқан өзің пісіре салшы- дейді
-Содан тауық бір табақ қылып бауырсақ пісіреді.
-Әлгі табаққа салынған бауырсақты жоғары көтеріп- бауырсақты кім жейді- дейді?
-Мен, мен,-деп тышқан жүгіріп келеді.
-Сонда тауық:
-Бидайды үгітуге де, бауырсақты пісіруге да ешқандай үлес қосқан жоқсың. Еңбек етсең ерінбей- тояды қарның тіленбей,- дейді де тышқанды үйінен қуып шығады.
-Содан бері тауықтар тышқанды көрсе, үрке қарайды екен.
-Балалар ертегі ұнады ма?- ия.
-Ертегі не туралы айтылған?- «бауырсақ» дұрыс
-Ендеше балалар біз бүгін сабақта «Қайдан келдің бауырсақ» өлеңімен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс
- Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ,
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрды көзін сап;
-Қайдан келдің бауырсақ?-
Деп сұрады қуыршақ
-Дүкеннен келдім нан сатқан,-
Деді оған бауырсақ.
-Дүкенге келдің қай жақтан?
-Наубайдан келдім нан жапқан.
-Наубайға келдің қай жақтан?
-Диірменнен келдім ұн тартқан
-Диірменге келдім кең жақтан
Жер- анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Балалар өлең не туралы айтылған?
-Бауырсақ
-Балалар дастарханға бауырсақ қалай келеді? -Дүкеннен
-«Дүкенге қалай келеді»? -Наубайдан.
-«Наубайға қайдан келеді?» -Диірменнен
-«Диірменге қайдан келеді?» -Диқаннан
-Дұрыс балалар.
Балалар сендердің үйлеріңде бауырсақты апаларың мен мамаларын қайда пісіреді?
-Пешке от жағып, қазанға май құйып пісіреді.- Дұрыс.
Нан туралы нақыл сөздер
Нан қасиетті де,қадірлі тағам.
Ас атасы -нан.
Нан болса ән де болады,сән де болады.
Арпа бидай ас екен,
Алтын күміс тас екен.
Дастархан басында айтылатын ырым-тыйымдар:
-Нанды бір қолыңмен үзбе.
Нанды аяқпен баспа.
Нанның қиқымын баспа.
Бірінші дастарханға нан қойылады.
Сергіту: Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Дәптермен жұмыс
-Сендердің алдарыңда сыйқырлы тақтада карточкалар тұр. Сол карточкаларға қарап сөйлем құрайық.
|
Мағынаны тану
|
Сергіту сәті
|
«Ш»-дан бастап жазғанда,
Шай қайнатып аласың,
«Ш»-ны орнынан алғанда,
Терезеге саласың
(Шәйнек -Әйнек)
***
«К»-ден бастап оқысаң,
Құс атауы, қарашы!
«Е»-ден бастап оқысаң,
Жалқау бала бағасы.
(Кекілік-Екілік)
***
Егер «И»-ден бастасаң,
Хайуанаттың түрімен.
«И»-ді алып тастасаң,
Әріптердің бірімін
(Ит-Т)
|
Ой толғаныс
|
Бүгінгі сабағымыз туралы қаншалықты меңгергенімізді байқату үшін барлығымыз бір ойын ойнайық.
Ойын: «Қайдан келдің бауырсақ»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ойын арқылы сабақты бекіту, ретімен орналастыруға үйрету.
Ойын барысы: Бауырсақты домалату арқылы, аңдардан құтқару,ол үшін төмендегі сұрақтарға жауап беруіміз керек.
-Балалар кәне бәріміз сиқырлық тақтаға қараймыз.
1.Нан болса ойнап күлеміз,
Нан болса еркін жүреміз.
Тіршілік көзі нан ғана,
Нан қадірін білеміз.
Өлең не туралы,өлеңнің ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді тап?
2.Ұн неден алынады?
3.Қуыршақ нені білгісі келді?
4.Нан туралы мақал мәтел айт.
5.Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
|
Үйге тапсырма
|
224,225-тапсырмалар
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Заттың қимылын білдіретін сөздер Кел, балалар, оқылық!
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
1. Оқушылардың заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау
2. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру, оқушылардың сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, сөздік қорын, инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушының танымдық қабілетін
дамыту.
3. Білімсүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ереже.
Әдіс – тәсілі: көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, талдау, жинақтау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Өзектілігі: оқушының өткен тақырып пен жаңа білімді ұштастыруы, үйренушінің белсенділігін арттыру, сұраққа жауап беретін сөздерді ажырата білгізу, өздігінен жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру
Оқушылар тақтадағы суреттердің не екенін тауып, кім? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, не? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтастырып жазады.
Ереже:
Заттың атын білдіретін сөздерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады.
- Балалар, бізге сонау ертегі әлемінен Алдар Көседен хат келіпті.
Алдар Көсенің кім екенін білесіңдер ғой!
- Қане, хатты ашып оқиық, мұқият болыңдар.
« Сәлеметсіңдер ме, 1 - сынып оқушылары. Сабақтарыңды жақсы оқып жүрсіңдер ме? Мен үлкен қиыншылыққа жолықтым. Бар үмітім сендерде. Көмектесулеріңді өтінемін, сендерді ең жақсы сынып деп ертегілер әлемінде мақтап жүр ғой.
Жағдайымды баяндайын. Мен Шығайбай деген баймен бәсекелескен едім. Ол маған бір параққа жазылған хаттан жылқының, тазы иттің атын тапсам, жіберген қатені тауып, түзетсем, сол жылқы мен итті маған сыйлайтындығы жайында айтқан еді. Сол бір қатені таба алмай басым қатты, балалар, маған көмектесіңдерші!»
Менің ақтөс деген итім және құлагер деген атым бар. Олар өте тату дос. Менің айтқанымды бұлжытпай орындайды.
Ереже: Үй хайуанаттары мен жануарларының аттары бас әріптен басталып
жазылады. Ақтөс, Құлагер.
|
Мағынаны тану
|
Жаңа сабақ: 246 жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар:
- Өлең туралы?
- Өлеңнің авторы туралы не білесің?
- Оқу не үшін қажет?
Ыбырай Алтынсарин – Қостанай облысында дүниеге келген. Қазақ хрестоматиясын жазған жазушы, ағартушы, педагог.
Сөздік жұмыс:
Ықылас – ынта, көңіл.
Сиса – мата түрі.
Ықыласпен тоқу – көңілге түю.
Дәптермен жұмыс:
247 жаттығу. Мақалды жатқа жаз. Өзіндік жұмыс.
Жол жолға жалғасады,
Ел елге жалғасады.
Қимылды білдіретін сөздердің астын сыз.
Ертеде «Балалар әлемі» деген үлкен шахар болыпты. Ол шахарда үлкенді - кішілі балалар өмір сүріпті. Олар әрбір жыл мезгілінде гүл отырғызды, көбелек ұстады, сары жапырақ жинады, аққала соқты. Осындай жаймашуақ күнде аю қонжығын ертіп, осы үлкен балалар әлеміне келеді. Келсе балалар ойынның қызығына берілген екен. Аю да қонжығымен бірге ойнады, секірді, мәз - мейрам болды. Кеш батып, барлығы тарады.
- Балалар осы ертегіден заттың қимылын білдіретін сөздерді табайық.
Қазір заттың қимылын білдіретін сөздер туралы ойымызды жинақтап, сызбаға түсірейік.
|
Сергіту сәті
|
Қиғылықты қыңыр қылды,
Құрықты қиды, қырықты.
Құрықты қырқып құртты.
***
Қайратжан қой бағады,
Қойы егізден табады.
***
Оңға қарай,
Оқысаң да – бір халық.
Солға қарай
Оқысаң да – бір халық.
Бір буыным – құс,
Бір буыным – түс.
(Қазақ, Қаз, Ақ)
|
Ой толғаныс
|
Орыннан-орынға ауысқан,
Ұшқалақ қарала… (Сауысқан)
Есек құлақ,
Ол не? (Құрақ)
|
Үйге тапсырма
|
Кел, балалар, оқылық! өлеңін жаттау.249-тапсырма
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |