Сабақтың атауы Сөйлеу Көзге көрінбейтін бала Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет64/65
Дата02.07.2018
өлшемі1,8 Mb.
#45432
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жау,жаңбыр

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: 
1. Жаңбырдың жаууын саусақпен сурет салу тәсілі арқылы бейнелеуге үйрету.
2. Көктем мезгіліне тән құбылысқа қызығушылығын арттыра отырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу
3. Есте сақтау қабілетін, сөздік қоры мен ұсақ қол моторикасын дамыту.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Кітаптар мен көрнекі иллюстрациялық жабдықтардан жаңбыр бейнесін көріп тамашалау. Жаңбыр жайлы әңгіме, дыбыс, музыкалық шығармалардан тыңдату.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру көрсету. Сұрақ - жауап, тосын сәт «Жаңбыр биі» видио көрсету. Саусақ, қол жаттығуы. Өлең.
Көрнекті құралдар: Сурет құрал - жабдықтары су бояулар., қылқалам, Суреттер «Жаңбырлы күн», дыбыстық сурет слайды, қолшатыр. Үлгі«жаңбыр» суреті. «Бұлт» бейнеленген альбом парақтары.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Балалар «Күн шықты!»- деген сөзге серуендеп, «Жаңбыр жауды! – деген сөзге қол шатыр астына жиналуы керек
- Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай болады?
- Күн ------
- Жаңбыр -----
- Ағаштар бүршік -----
- Құстар жылы жақтан ---
- Жерге жасыл шөптер ----
Көктемде қандай мерекені тойлайды?
- Біздерде наурыз тойын тойладық.
Педагог: Балалар мен сендерге қазір өлең оқимын, сендер тыңдаңдар.
«Жаңбыр»
- Тырс! Тырс!
Жаңбыр кеп жауады,
Терезе қағады.
- Тырс! Тырс!
Жылғалар ағады,
Сылдырап әуенге салады.
- Балалар бұл тақпақта не туралы айтылды?
- Жаңбыр туралы.
Жаңбыр қайда жауды?
- Кім жаңбырдың астында жүріп көрді?
- Балалар, қазір сендермен жаңбыр туралы суреттер қарайық.
«Жаңбыр биі» видио ролик
Балалар жаңбыр суреті мен дыбысын тыңдап болғасын педагог былай деп сұрақ қояды.
- Балалар, біз жаңбырды немізбен көрдік?
- Жаңбыр дыбысын немізбен естідік?

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

316-тапсырма

Мәнерлеп оқу.

Сұрақтарға жауап беру.

317-тапсырманы орындау.


Сергіту сәті

Аппақ сұйық,

Қалса ұйып,

Шөлiң қанады,

Iшсең құйып.   (Сүт пен Айран)


Ең мықты дәрi,

Жұрттың бәрi.

Аусап iшер,

Бал татыр дәмi,

Ненiң нәрi.    (Шұбат)
Әжем уыстап сығып,

Далада кептiрген.

Қатты әрi тәттi дәмiн,

Кiм бар жеп көрген?   (Құрт)



Ой толғаныс

Жаңбыр — бұлттан бөлініп жерге түсетін атмосфералық сұйық тамшылардың жиынтық атауы. Тамшылардың диаметрі 0,5 — 7 мм болады. Тропосфераның жоғарғы қабатында қалыптасқан қар, мұз түйіршіктері оның жер бетіне жақын қабатынан өткенде еріп жаңбыр тамшыларына айналады. Кейде жаңбыр бұлт арасындағы тым ұсақ тамшылардың бір-бірімен қосылуынан пайда болады. Жаңбырдың бірнеше түрі бар. Ақ жаңбыр — қатпарлы бұлттардан жауады, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Нөсер жаңбыр — будақ бұлттардан қатты жауып тез аяқталады; олар, көбінесе, төменгі ендіктерге тән. Диаметрі 0,5 мм-ден аспаған тамшыларды сіркіреме жаңбыр деп атайды, ол, негізінен, қатпарлы бұлттан шығып, өте баяу жауады.[1]
Жаңбыр — атмосфералық сұйық ылғалдың тамшыға айналып (0,5- тен 0,7 мм дейінгі) жерге себелеп түсуі. Жаңбырдың ұсақ тамшылы түрі: "ақ жауын" немесе "сіркіреген жауын", ал ылғалдың белгілі бір уақытта көп түсуі "нөсер" деп аталады. Қазіргі гидрологиялық есептеулерде жаңбырдың барлық жиынтығы есепке алынады

Үйге тапсырма

318,319--тапсырмалар

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет