Сабақтың атауы Су Мақсаты



бет2/2
Дата10.10.2020
өлшемі28,04 Kb.
#64137
түріСабақ
1   2
Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Күн шықты,
Жел тұрды
Аспанды бұлт жапты
Жаңбыр жауды.
Найзағай шарт етті.
Біз бұға қалдық.
ІІІ. Орталықтарға бөлініп отыру:
Өнер орталығы
Жазу орталығы
Шығармашылық орталығы
Ғылым орталығы

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сұрақ - жауап.
1.- Қыста мұз үстінде сырғанақ тебесіңдер, ол мұз қайдан пайда болды?
2 - Көктемде жер бетінде қандай өзгерістер болады?
Көктемде жер бетінде қандай жылғалардан жан - жаққа су ағады?
3.- Ол сулар қайдан болады?
4. - Неге суды тіршілік көзі дейміз?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Орталыққа бөліну.


Орталыққа берілген тапсырманы қорытындылау. Гүлдер арқылы орталыққа бөліп отырғызу.
Ғылым орталығы (раушан гүлі)
Шығармашылық орталығы (райхан гүлі)
Өнер орталығы (бәйшешек гүлі
Жазу орталығы (қызғалдақ )
Әр орталықтың тапсырмасымен таныстырып өту.
Ғылым орталығы
а) Тәжірибе жасау арқылы көкөніс құрамындағы судың бар екенін дәлелде.
ә) Суда еритін және ерімейтін заттарды тәжірибе арқылы түсіндіріп көрсет.
Шығармашылық орталығы
* «Су - тіршілік көзі» тақырыбында шағын әңгіме жазу.
* Неге теңіз және мұхит суларымен өсімдіктерді суаруға, ал адамдарға ішуге болмайды? Дәлелде.
Өнер орталығы: Жұмбақтарды шешу. Жұмбақтың шешуін қатыстырып сурет сал. Топпен сурет салу.
Жазу орталығы:
Суретке қарап судың пайдасын анықтап жаз.
«Сулы жер – нулы жер» мақалдың мағынасын ашып жаз.
Орталықтарға сұрақтар:
- Мен күніне қанша су пайдаланамын?
- Су шығынын қалай азайта аламын? Бұл қаншалықты қажет?
Есіңе сақта!
Шүмекті жаппай тіс тазалауға 6 - 8 литр су жұмсайсыз.
Егер де сіз су құбыры шүмегін тіс тазалағанша жауып қойсаңыз, онда сіз 4 литр су үнемдейсіз.
Егер сіз тісіңізді күніне екі рет тазаласаңыз 8литр суды үнемдейсіз.
Сұрақ - жауап арқылы судың жағдайларын пысықтау. Сызбаны толықтыру.
- Су қандай зат? (қатты, сұйық, бу)
- Судың түсі қандай? (ақ, түссіз, мөлдір, иіссіз)
- Судың пішіні бар ма? (қандай ыдыста болса да сондай пішінді болады)
- Пайдасы бар ма? (тазалық, сусын, тіршілік көзі)
Судың пайдасы - Тазалық, сусын, тіршілік көзі
Судың күйі - Қатты, сұйық, бу
Судың көлемі – Пішінсіз, қандай ыдыста
болса да сондай
пішінде болады
Судың қасиеті - Түссіз, мөлдір, иіссіз, дәмсіз
Өтілген материалдарды пысықтау:
Орталықтардың жұмысын бекіту.
(Кестені бірлесе отырып толтырады)
Мен күніне қанша су
пайдаланамын --------------------------- Су шығынын қалай азайта аламын ------ Бұл қаншалықты қажет
а) тамақ дайындау және ыдыс жууға -
ә) кір жууға -
б) шомылу және жуынуға -
в) әжет ыдыс шаюға -
г) ылғалды үй жинауға –

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

 Қандай сулар ішуге пайдалы?
- Судың тазалығын сақтау үшін қандай жұмыстар жүргізу керек?
Судың адам өміріне, жан - жануарларға, өсімдіктерге өте қажет екенін білдік. Суды ластанудан сақтау әр адамның міндеті. Қоқыстарды суға тастауға болмайды. Судың тазалығын сақтасаң, оның ішіндегі жануарларды, өсімдіктерді сақтағаның.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет