Бірлесіп ойлау мақсатында оқушылар арасында қарым-қатынасты ынталандыру үшін топтағы жұмысты пайдалану;
Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін жинақтау, жетістіктерін ескеріп, біліміндегі олқылықтарды анықтау мақсатында формативті бағалауды пайдалану;
* Оқушыларды сыни ойлауға жетелеу, жоғары деңгейлі сұрақтар дайындау.
Тақырып
«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырындағы кейіпкер келбеті
Мақсаты
Шығарманың мазмұнын ұғына отырып, тәрбиелік мәнін анықтау. Кейіпкерлердің мінезін саралау, іс - әрекеттеріне баға беру.
Оқытудың нақты нәтижесі
Оқушылар жырдың мазмұнымен толық танысады. Әңгіменің тәрбиелік мәнін ұғынады. Кейіпкерлер бейнесіне талдау жасайды, іс - әрекеті арқылы оларға баға береді.
Уақыты
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Ұйымдастыру Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылармен амандасу
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Ауыз әдебиетінің түрлері бойынша топқа бөлінеді.
Жыр желісі бойынша жоспарды және салт-дәстүр туралы жазғандарын оқиды.
1. Мұғаліммен сәлемдесу.
2. Өздері суырған сөздер бойынша топтарына барып отырады.
Кестені толтырады, кейіпкерлеріне мінездеме береді.
Топпен жұмыс
Қолдану
1 –қалпақ. Ақ. Ақпарат беруші. Жырдың басты кейіпкерлері Қозы мен Баян қашан аттастырылды?
2-қалпақ. Қызыл.Әсершіл.
Жырдың сізді ерекше толқытқан тұсы.
3 –қалпақ. Қара. Сыншы.
Қозы Көрпеш пен Баянның махаббатына кедергі болған адам қандай жан? Сипаттама бер.
4- қалпақ. Сары. Позитив.
Қозы мен Баянның махаббаты туралы сипаттап бер
5-қалпақ. Жасыл. Креатив.
Егер сен Қозы мен Баянның махаббатына кедергі болған Қодарға қандай жаза қолданар едің?
6-қалпақ. Көк. Түйінді ой.
Жырдада көтерілген негізгі мәселе қандай?
Сергіту сәті
«Кубизм»
1 – топ Салыстырамыз
2 – топ Талқыланыз
3 – топ Суреттеңіз
Оқушылар қздеріне берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді.
Топпен талқыланады, суреттейді, салыстырады, ортаға шығып қорғайды.
Талдау
Жырды композициялық құрылымына талдау
Сұраққа толық жауап береді. Өз пікірлерін білдіреді.
Сөздер банкісі
Келесі қолданылатын әдіс – «Тақырыптық түйінді сөздер»
Сұрақ: Берілген сөздердің қайсысы ғашықтық жырлар ұғымына жатады?
Сөздер банкісі
Біздің тақырып
Ержүрек, қоштасу, махаббат үшін құрбан болу,мақтаншақ,бақытқа кенелу, сезім, махаббат,енжар,мейірім.
Оқушылар сөздер банкісін толтырады. Өтіп жатқан тақырыпқа қатысты сөздерді теріп жазады.
«БҮҮ»
Қорытындылау
Білетінім
Үйренгенім
Үйренгім келеді
Оқушылар білетінін, үйренгендерін, алдағы уақытта үйренгісі келетіндерін айтады.
2 минуттық эссе
Бағалау
Шығармадан алған әсерін жинақтап «Махаббатсыз дүние бос» эссе жазу.
Үйге тапсырма
«Байшынар неге күңіренеді?» тақырыбында шығарма жазу.
«Екі бетті күнделік» толтыру
Жырдан алған әсерім
Пікірім
Кері байланыс
Рефлексия
- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз? Оқушылардың лебіздерін білдіріп ілулі тұрған суреттерге салады.
Кері байланысты іске асырады.
Қорытынды сөз
Оқушылар, біз бұл жырды талдай отырып, Қодар секілді қатыгез, аяушылық сезімі жоқ адамдардың бар екенін білдік. Өз махаббаттары үшін өмірдің зардабын көріп, құрбан болған екі жас туралы білдік.