Сабақтың атауы Тақырыбы: Мәншүктің жұлдызды сәті Сілтеме Слайдтар



бет2/2
Дата23.08.2017
өлшемі141,82 Kb.
#24794
түріСабақ
1   2



  • Біздер жалпы кімдер туралы өтіп жатырымыз?

  • Ұлы тұлғалар

- Ендеше, сіздердің өткен тақырыптардан алған білімдеріңізді сұрақ-жауап арқылы пысықтай түсеміз. Сіздер сұрақтарға жауап беру арқылы, сұрақтардың артында не жасырынғанын көре аласыздар.
Сұрақтар:

1. Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім?

2. «Қырдың жас түлегі» мәтіні кім туралы?

3. «Қазына көтерген бала» мәтіні кім туралы?

4. Әліби Жангелдиннің кім туралы жазған мәтінімен таныстық?

5. «Жетім» әңгімесін жазған кім? Ондағы жағымсыз кейіпкерлер кімдер?

6. Ш. Мұртазаның Т. Рысқұлов туралы жазған шығармасы қалай аталады?

7. Ж. Жабаев «Балама хат» өлеңін кімге арнаған?

8. М. Ғабдуллиннің қандай әңгімесін өттік? Әңгіме кім жөнінде жазылған?
- Оқушылар, кімдердің портреттерін көріп отырсыздар?

- Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Б. Момышұлы т.б.

- Бұлар кімдер?

- Ұлы Отан соғысының батырлары.
Сұрақ-жауап:

  • Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?

  • Ол туралы не білеміз? ( мұғалімнің толықтыруы)

  • Осы портреттердің ішінде өзіміздің жерлесімізде бар. Кәне, кім айтады? Ол кім?

  • Хиуаз Доспанова

  • Дұрыс айтасыңдар, тағы басқа Атыраулық батырлардан кімдерді білесіңдер?

- Полынин Евгений Михайлович, Смағұлов Қайырғали, Шамин Гавриил Петрович, Александр Афанасьев Никифорович, Баймұқанов Мұса, Еркінов Шүкір, Канцев Георгий Федорович.

- Ендеше, сіздердің берген гүлдеріңіздің қойылу орнын түсіндіңіздер ме?

ІІІ. Ой қозғау

  • Өлеңнен үзінді оқылады.

Қасында пулеметі «Максим» оның,

Бойында күш жігері тасқын оның.

Ерлермен тізе қосып шабуылда,

Оғымен қырғын майдан ашты жолын.

(Сәду Машақов)

  • Өлең кім туралы жазылған?

  • Мәншүк Мәметова

  • Мәншүк Мәметова туралы не білеміз?


Мәншүк

- (Қосымша дерек беру)
І V. Жаңа сабақ

А. Халимулдина, Ә. Халимулдин «Мәншүктің жұлдызды сәті»



- Автор туралы мағлұмат беру.

Бұл естелікті жазған Александра Халимулдина және Әкентай Халимулдин – ерлі-зайыпты майдангерлер. Олар Мәншүкпен қан майданда қатар жүріп, соғыс тауқыметін бірге көрген қарулас достары.

- Оқулықпен жұмыс

- Мәтінмен танысу.

- Түсініп оқу.

- Дауыстап, жалғастыра оқу. (Оқушылар түсініксіз сөздерін түртіп алып отырады.)
- Сөздікпен жұмыс

Шинель-қалың шұғадан тігілген, ұзын етікті әскери сырткиім.

Шұға- майда түкті биязы жүн мата

Пулемет- қару түрі

Окоп- жерден қазылған қорғаныс шұңқыры

Генерал- әск. Армиядағы командалық құрамның ең жоғарғы атағы және осы атақты иемденуші адам.

Подполковник- майор мен полковник аралығындағы аға офицерлік әскери атақ.
- Мәтін бойынша сұрақ-жауап

  • Мәншүк бөлімшесінің пулеметшілері қандай бұйрық алды?

  • Олар бұйрықты қалайша орындады?

  • «Жарайсың, пулемет бөлімшесінің командирі... өзі кіп-кішкентай екен" деген жолдар кімге арнап айтылған?

  • Әңгіме неліктен «Мәншүктің жұлдызды сәті» деп аталған? Басқаша қалай айтуға болады?


- Тауып оқу

- Мәтінен Мәншүк бөлімшесінің ұрыс кезіндегі қимылын суреттейтін тұсты тауып оқы.

- Мәтіннен генерал Галицкиийдің бейнесін беретін жолдарды тауып оқы.

- Шығармадан генералГалицкий мен Мәншүктің арасында болған әңгімені тауып, рөлге бөліп оқыңдар.
V. Сергіту сәті

Отан үшін отқа, суға түскендер,

Ел қамы үшін от жалынды кешкендер.

Батырлардың аруағын сыйлайық,

Тек жақсы боп, жаман жолға түспеңдер!
VІ. Топпен жұмыс

І топ

- Орнын тап ( Сөздерді орнына қойып мақалдар жазу, мағынасын түсіндіру)

1. Шешен, бастайды, қол, сөз, бастайды, шешен, батыр.

2. Жоламайды, батылға, жау, оқ, дарымайды, батырға.

ІІ топ

- Батырларға арнап төрт жол өлең шығару.

ІІІ топ

Әңгіме кестесі


Әңгіменің аты?




Әңгіменің авторы?




Әңгімедегі басты кейіпкер?




Кейіпкер несімен ұнады?




Жағымсыз кейіпкер?




Нені үйрендің?




Мәтіннен алған әсерің?





VІІ. Ой толғаныс

«Дыбыстарды сөйлетейік»



  • Кім туралы әңгімеледік?

М - мейірімді

ә - әнші болған

н - намысшыл

ш - шыншыл

ү - үздік, үлгілі

к – кішіпейіл


  • Мәншүк бойындағы осыншама қасиеттер оны майданға, ерлікке жетеледі.

  • Сендердің бойларыңда Мәншүк бойындағы қасиеттердің қайсысы бар?



VІІІ. Қорытынды

  • Тарихқа көз жүгірту.

  • Ауызша тест


ІX. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, «Батырларға бас иеміз» тақырыбында эссе жазу.

X. Бағалау. (Әрбір топтың бақылаушысы сабақ құрылымы бойынша құрылған критерий арқылы өз тобын бағалайды.)


Каталог: uploads -> doc -> 0c4e
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c4e -> Сабақтың тақырыбы: «Сәлем сөздің анасы»
0c4e -> Н. Назарбаев Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологияларды қолданып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес
0c4e -> Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке. Сабақтың мақсаты: Білімділік
0c4e -> Сабақ түрі Жаңа сабақты игерту сабағы Сілтеме
0c4e -> Сабақтың тақырыбы: Франция Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет