Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы



бет32/98
Дата01.04.2017
өлшемі8,96 Mb.
#12984
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   98



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

А.Байтұрсынов Екі шыбын

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Оқушыларға «Екі шыбын» өлеңінің мазмұнын меңгерту, мән - мағынасын ашу. Өздігінен жұмыс істеу арқылы ой - өрісін дамыту, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: автор суреті, тірек - сызбалар, кеспе қағаздар.
Түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: ой шақыру, сұрақ - жауап, түсіндіру.

Психологиялық ахуал

Мынау менің жүрегім
Елімді мен сүйемін
Жақсылыққа жақын боп
Әрдайым күліп жүремін.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Сапарғали Бегалиннің «Қырдың жас түлегі» әңгімесін мазмұндау.
Шоқанның суреті және өмірі туралы жазу.
1. 3 - сыныпта Шоқан туралы қандай әңгіме оқығаныңды есіңе түсір? (Қырдан келген жас қазақ)
2. Анатолийға мінездеме бер. (Қолынан ештеңе келмейтін, мақтаншақ, жағымпаз).
3. Шоқанға мінездеме бер. (Өз елін, табиғатын сүйеді. Ол мінезімен сыйлы. Жақсы мен жаманды айыра біледі).

Жаңа сабақты меңгерту.


Балалар бүгінгі өтетін сабағымыз Ахмет Байтұрсыновтың «Екі шыбын» өлеңі.
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы дүниеге келіп, 1938 жылы дүниеден өткен.
А. Байтұрсынов – көрнекті ғалым, дарынды ақын, қоғам қайраткері. Ол Қостанай облысы Сартүбек деген жерде туған. Ол арап әрпі негізінде тұңғыш рет қазақтың әліппесін жазды. «Қазақ» деген атпен газет шығарды. А. Байтұрсынов ұлтшыл деген жаламен тұтқынға алынған. Ол жазықсыз жалаға ұшырады.
Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Тізбектей оқу.
Дәптермен жұмыс
Шылауында - біреудің ырқында, жетегінде

Сергіту сәті

Қолды белге қояйық
Басты оңға бұрайық
Басты солға бұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Бір отырып, бір тұрып
Біз демалып алайық

Ой толғаныс

Кестемен жұмыс.
1 - ші шыбын қандай?
2 - ші шыбын қандай?
Мақтаншақ
Кішіпейіл
Сабақты бекіту.
«Шыбын аулау» ойыны
1. Өгіз қайдан келе жатты?
2. Шыбынға кім кездесті?
3. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары оның қай кітабына енгізілген?
4. Оның қандай мысалын оқыдық?

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

А.Дулатов Аяулы Жақаң

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Оқушыны Асқар Дулатовтың «Аяулы Жақаң» атты Міржақып Дулатов жайлы естелікпен таныстыра отырып, түсініп оқып, оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене,  әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі:аралас сабақ.

Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі:суреттер, кесте.



Психологиялық ахуал

Мен бақытты балам, 

Жан  дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Кіріспе.Міржақып Дулатов (1885-1935) – ақын, жазушы. Қостанай өңірінде туылған. «Оян, қазақ» атты кітабы бар. Автордан алғы сөз. Міржақып «Оян, қазақ»  кітабында ұран салып халқын өнер-білімге шақырған. Қазақ елінің басқа жұртпен терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген.

Оқулықпен жұмыс.Іштей оқу. Тізбектей оқу. Мәтіннен Міржақыпты сипаттайтын жерін тауып оқы. (Міржақып өзі қатарлас балалардан бойы аласалау ...).

Дәптермен жұмыс.«Қуанышы қойнына сыймай» деген тіркесті сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жаз.

Түсінгендерін тексеру:

-         Естелікті кім жазды?

-         Міржақып Дулатов нені армандаған екен? 

-         Міржақып Дулатовтың алғашқы кітабының «Оян, қазақ» деп аталу себебі неде?

-         «Кәмпескелеу» дегенді қалай түсінесің?


Қосымша

Мәтінге сүйеніп, төмендегі сызба бойынша Міржақып Дулатовқа сипаттама жаз.

Міржақып


Сыртқы түр-әлпеті:

Денесі тығыршықтай жұмыр

Бойы аласалау,

Киімі таза, жинақы

Қимылы шапшаң

Ерекшелігі:

Үздік оқуы,өжеттігі,



Ізденімпаздығы ...

Ой толғаныс

Автор көзқарасы дегеніміз шығармада суреттеліп отырған кейіпкерге, оқиғаға, өмір құбылысына автордың беретін бағасы, оның өз ойы мен пікірі.2. Мәтіннен анасының сөзін тауып оқы. Қалай ойлайсың, анасының үміті мен сенімі ақталды ма?

Үйге тапсырма

Мазмұнын айту

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет