«Ауыз әдебиеті үлгілері» тарауына арналған тапсырмалар мен тест сұрақтары.
«Асып Бырыл жөнелді, Қарсы келген қабақтан Қарғып басып жөнелді» деген өлең жолдары қай жырдан алынған және ненің шабысын суреттеп отыр?
А. Қамбар батыр жырынан. Қарақасқа ат.
Ә. Қобыланды батыр жырынан. Тайбурылдың шабысы. Б. Алпамыс батыр жырынан. Қаракер.
Сүлеймен патшаның жарлығын орындамаған құс қай ертегіде айтылады?
А. Ғажайып бақ Ә. Бес ешкі. Б. Сатқын жапалақ.
3. Ертері түрлерін дәптерге жазып
шық.
1). 2). 3). 4.
«Ол өзінің сиқырлы ғажап кілемімен су бетінде қалықтап жүзе береді, көздің жасындай мөлдір суға қадала қарап, қобыз күйін тарта береді» деген үзінді қай шығармадан алынған?
А. Өнерлі жгіт. Ә. Қорқыт. Б. Ғажайып бақ.
Әсірелеу дегеніміз не?
А. Бір нәрсені немесе оқиғаны күшеейтіп, үлкейтіп айту.
Ә. Екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату.
Б. Әр түрлі жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттеу
Ертегідегі әмірші жарлығын ары қарай толықтырып жаз. «Уа, тұтқындар! – дейді әмірші. – Күншуақ елінің әйел затына азаттық беремін ...». «Уа, тұтқындар! – дейді әмірші. Күншуақ елінің әйел затына азаттық беремін. Қолынан ұстар баласын жетектеп, иығы көтерер жүгін арқалап, мына тас қамаудан шығамын десе, қазір қақпаны ашқызамын!»
7.«... Қап-қара қараағаштың шыбықтарымен дос болмаңдар. Мінезі дойыр. Түрлері сиықсыз. Ішсе ішкенге, жесе жегенге тоймайтын қанағатсыздар ...» деген сөз кімнің сөзі, қай мысалдан алынған? А. Ормандағы оқиға. Тобылғының сөзі. Ә. Ағаштар неге ашуланды?
Қараағаштың сөзі. Б. Ормандағы оқиға. Ақ қайыңның сөзі. 8. А. Байтұрсынұлының мысалдары жазылған кітаптың аты.
А). Аққу, Шортан һәм Шаян
Ә). Қырық мысал.
Б). Екі шыбын. 9. «Ара мен Шыбын» мысалындағы негізгі ой қай тұста ашылады?
А). Мысалдың басында. Ә). Ортасында.
Б). Соңында. 10. Монолог деп нені айтамыз?
А). Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлеуін айтады. Ә). Кейіпкерлердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен- өзі сөйлескен сөзін айтады. Б). Шығармада суреттеліп отырған оқиғаға көзқарасын айтады.
|