ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:ЫСТЫҚ ОРЫНДЫҚ
Бұл оқиға қай кезде болған деп ойлайсың?
Балалар Қажымұратқа неге қызыға да қарайтын еді?
Қажымұрат пен Айтуар Абыралы тауына не үшін барды?
Дегелең үстінде жарылған не нәрсе? (Ядролық бомба).
Осы жарылыстың әсерінен Қажымұрат қандай жағдайға душар болды?
Қажымұрат пен Айтуардың орнында болсаң, жарылыс кезінде не істер едің?
Әңгіме саған қалай әсер етті?
Бұл үзіндіні оқыған кезде қандай ойда болдың?
Қажымұратқа жазған хатың жайлы не аитар едің? Әңгімені өз ойыңмен қалай аяқтар едің?
Қажымұратқа хат
ОЖСБ
1. Жұптық жұмыс. (үлестірме карточкасы бойынша).
1. Халық ауыз әдебиетіне мыналар жатады: 1) ертегілер; 2) батырлар жыры; 3) аңыз; 4) бесік жыры; 5) жұмбақ - жаңылтпаш; 6) айтыс; 7) төрт түлік туралы жырлар; 8) мысалдар; 9) мақал-мәтелдер; 10) шешендік сөздер.
2. Анықтаманы аяқтап жаз: Батырлар жырлары әдебиетте эпикалық жырлар деп аталады.
3. Қандай жырларды білесің?
1) «Ер Тарғын» жыры; 2) «Қамбар батыр» жыры; 3) «Қобыланды батыр» жыры; 4) «Алпамыс батыр» жыры; 5) «Батыр бала Бөген мен Шұбар ат».
4. Мына сөзжұмбақ батырлар жырының мазмұнына сәйкес келеді.Екі әріп қалдыра отырып оқысаң (сызық та әріпке есептеледі), мақал шығады. Ол қандай мақал? «Жақсы ат – ер қанаты».
5. Ертегілердіңқандай түрлерін білесің?
1) Қиял-ғажайып ертегілер; 2) Шыншыл ертегілер; 3) жан-жануарлар туралы ертегілер
6. Аитыстың түрлері: 1) қыз бен жігіт айтысы; 2) тұрмыс-салт айтысы; 3) жан-жануарлар айтысы; 4) жұмбақ айтыс.
7.Мысалды ертегіден қалай ажырата аласың?
8). Мына мақалдар қай мысалға сәйкес келетінін тап.
1. Бірлік болмай, тірлік болмас. «Аққу, Шортан һәм Шаян»
2. Күлме босқа, келер басқа. «Арыстан мен Тышқан»
9).Мына суреттерге қарап, оларға қатысты мысалдың және кейіпкерлерінің атын ата.
1). Аққу, Шортан һәм Шаян; 2) Ара мен шыбын; 3). Арыстан мен тышқан; 4). Шыбын мен көбелек.
10). Мысалдың бір кейіпкерінің атынан (мысалы, Тышқан) шағын әңгіме жаз.
... мен Тышқанмын. Бір күні ұйықтап жатқан Арыстанға кез болдым...
11). «Қарабатыр» , «Әйел-ана» ертегілерінің халық ертегісінен қандай айырмашылығы бар екендігін айт.
12). «Көкжиектен арқан бойы күн де көтерілді. Көршілер бір-біріне оқты көзбен қарасты» деген үзінді қай шығармадан алынған?
А) Ормандағы оқиға Б) Ең жақын кім адамға
Ә) Аққу, Шортан һәм Шаян В) Қарабатыр
13). Қазына көтерген бала кім?
А) Қаныш Сәтбаев Б) Әліби Жангелдин
Ә) Шоқан Уәлиханов
14). «Мені іздеп жүр. Ұстамақшы». Үзінді қай шығармадан алынған? Кімді ұстамақшы? Неліктен?
Сәуірбек Бақбергеновтың «Құрманғазы» шығармасынан үзінді.
15). Мына мақал қай шығармаға сәйкес келеді?
Еңбегің қатты болса,
Татқаның тәтті болады. (Алғашқы көмек. )
А) Бала Тұрар (Ш. Мұртаза)
Б). Дегелеңдегі жарыс (А.Алтай)
Ә). Өткен күн (М.Жұмабаев)
В). Алғашқы көмек (Б.Тұрсынбаев)
16). «Әй, тоқтаңдаршы, мен сендерге кешегіден де қызық ертегі айтамын» деген сөз қай шығармада кездеседі?
А). Қазына көтерген бала (Ә. Жапаров)
Б). Жусан иісі (С.Мұратбеков)
Ә). Қажымұқан (Қ. Әбдіқадыров)
В). Құрманғазы (С.Бақбергенов)
17) . «Аспан өртеніп, топырақ жанды. Шың-құздан тас құлап, тау төсінен арқар ауды». Бұл оқиға қай шығармада баяндалады? ( Дегелеңдегі жарылыс. Асқар Алтай.)
|