Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет74/181
Дата06.02.2022
өлшемі15,85 Mb.
#34550
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   181
Психологиялық ахуал



А) Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық даярлық.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.
«Бұл дәуірде өз тілін,
әдебиетін білмеген,
қадірлемеген адам
толық мәнді адам емес». М.Әуезов.
Жаңа сабақ. Блум таксиономиясы (сұрақ-жауап)
Негізгі бөлім.
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жеңіл тиіп,
Теп – тегіс, жұмыр келсін айналасы
- Балалар бұл кімнің өлеңі?
- Абай
- Абай Құнанбаев кім?
- Қазақтың ұлы ақыны.
- Дүние жүзіне, әлемге әйгілі еткен кім?
- Мұхтар Әуезов.
- Ол Абай Құнанбаев туралы қандай эпопея жазды?
- «Абай жолы» 4 томдық эпопеясын жазды.
Мұхтар ес білгелі Абайдан үлкен тәрбие алды, үлгі – өнеге алды. Атам ескіше оқып, хат танып, әріпті жаза бастаған соң, Мұхтарға, бәрімізге Абай өлеңін, қара сөзін үйрете бастады.
(Ахмет Әуезов)
Мен, балалар, сендерге Мұхтар туралы мини лекция айтайын. Сонымен Абайды әлемге танытқан Мұхтар. Ал өзін әлемге танытқан «Абай жолы» эпопеясы болды.
Абай жолының сөздік қоры, мәні өте зор. Бұл кітапта 1000-ға жуық кейіпкерлер рөлге қатысады. Осы кейіпкерлерді диалогке түсіріп жазу кез-келген жазушының қолынан келмейді, әрине.
Бұл тақырып үзінді Мұхтардың балалық шағы туралы. Бұл әңгімені жазған Мұхтардың інісі Ахмет Әуезовтің естелігінен.
Мұхтар – дана.
Мұхтар – дара, жазушы.
Ал енді оқулықпен жұмыс жүргізейік «Жас Мұхтар»
1. Мәнерлеп іштей оқиық.
2. Мәнерлеп дауыстап оқиық
Демалыс минутын жасау.
Шығармашылық жұмыс. Эссе. Әңгіме өлең жазу.
Дәптермен жұмыс: Абайдың 1-2 қара сөзін жаз.
Әңгімеге жоспар құрайық;
А) Абай ауылында
Ә) Атамның тапсырмасы.
Б) Естігенді ұмытпау
В) Абайдың қара сөздері
Г) Ауыз әдебиеті
Д) Мұхтардың шығармалары.
1 – топ
1. Тақырып кім туралы?
2. Мазмұнын кім әңгімелейді?
3. Кейіпкерлер кімдер?
4. Қанша азат жол бар?
5. Естіген нәрсені ұмытпас үшін әрбір оқушы қандай болу керек?
6. Диалог сөйлемдерді тауып оқу.
7. Мазмұнын әңгімелеу.
8. Абайдың қарасөздерін кім біледі?
Демалыс минутын жасау.
2 – топ
1. Құрмалас сөйлемді табу, оқу.
2. Қаратпа сөйлемді тап.
3. Мұхтар Әуезов бала күнінде қандай болды?
4. Оны бала күнінде атасы мен әжесі кім деп атады?
5. Қос сөздерді тақырыптан тап.
6. Мұхтар Әуезовтің шығармаларын ата?
7. Мұхтар Әуезов қандай ойынды жақсы көрген?
8. Мұхтар Әуезовке мінездеме берейік.
Мұхтарға көзқарас – болжам.
Мінезі жұмсақ
Өте ұқыпты
Ұлы жазушы
Жазуға өте сауатты.
Нәтижесі Абайша сауаттанып ілім білім жинаған ұлы ғалым.
Қорытынды бөлім:Рефлекция: М.Әуезов кім? Мен Мұхтар Әуезов туралы не білдім ? 6 азат жолда Ауыз әдебиеті туралы айтылған. Демек ауыз әдебиеті дегеніміз не?
Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады.
Үй тапсырмасы.
Жас Мұхтар, М Әуезов туралы деректер ізде,
Абайдың қарасөздерін жаттау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет