Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет89/181
Дата06.02.2022
өлшемі15,85 Mb.
#34550
түріСабақ
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   181
Психологиялық ахуал

Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық жағдай: Психогеометриялық диагностика
3 топқа бөлу.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
Олай болса, біз қазір топ болып, 3 топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз. Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.
Топтастыру. 3 топқа «Адам», «Қасқыр» «Табиғат» сөздері жазылған плакат беріледі. Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза береді..
Адам – тірі ағза, еңбектенеді, сөйлейді, ойлайды, оқиды,қоректенеді.
Қасқыр – жыртқыш, ит – құс, бөрі, қомағай, табиғат перзенті, дала тағысы, дала санитары
Табиғат- құбылыстар,тау,тас,күн,ай,жер,жануарлар,өсімдіктер
Тапсырмалар 1. «Көксерек» сөзі сендерге қалай таныс?
2. «Көксерек» кімнің шығармасы? Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады?
3. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихына тоқталу.
«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын оқушылардың көмегімен анықтау.
Оқиғаның мазмұнына тоқталу.
1. Көксерек Қараадыр ауылында.
2. Көксерек – түз тағысы.
3. Жекпе – жек.
1.«Көксерек» шығармасының идеясын түсінеді.
2. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихын біледі.
3.Оқушылар өз пікірлерін әңгіме желісімен талдайды.
4.Оқиғаның мазмұнына жоспар құрып, тұжырымдайды.
Сергіту сәті Жұмбақ шеше білейік
Күші десең, күші бар, Белестен шыққан бесті ит,
Тісі десең, тісі бар. Бүкір келген желісті ит.
Торуылдап ауылды Бейғам елді іздейді,
Түнде жортар ісі бар. Малдан күдер іздейді.
Ырғақты жаттығулар жасалады
Жаңа тақырып
Кубизм.
Кубизм әдісі бойынша мына кубикті үш топқа кезекпе – кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз.
1. Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4. Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
6. Талда. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?
1.Көксерек бейнесін суреттейді.
2. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырады.
3.Қасқыр туралы жан-жақты зерттейді.
4.Көксеректің жыртқыш аң екенін дәлелдейді.
5.Көксеректің қатыгездігін талдайды.
ІІІ. Ой толғаныс
Екі жақты түсініктеме күнделігі
Мәтіннен қатты әсер еткен тұстары
1. Адамдар қолынан қасқыр күшіктерінің өлтірілуі.
2. Құрмаштың күшікті бағып алуы мен Көксерек деп атауы.
3. Көксеректің алғаш рет табиғатқа қарап ұлуы.
4. Ауылға шабуы, Құрмашқа шабуыл жасауы.
5. Әжесінің қайғыруы. Құрмаштың қайтыс болуы.
Өз пікірің
Құрмаштың таза көңілі мен мейрімді жан екенін білдім.
Қасқыр табиғаттың бір бөлшегі. Қасқыр қашанда қасқырлығын қылады.
Көксеректің бұл іс – әрекетіне адамдардың өздері себеп болды. Ол санасыз, тағы қасқыр, әбден өшпенді болып алған.
Күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұясы, талбесігі – табиғатты аялау.
1.Мәтіннен алған әсерін айтады.
2.Өз пікірлерін ортаға салып.жинақтайды.
Бекіту
Шығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал – мәтел айтады.
1. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
2. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.
3. Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.
4. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар
Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.
«Көксерек» әңгімесі қалай аяқталушы еді?
Жауабы: Әңгіме кемпірдің қарғысымен аяқталады.
Қалай ойлайсыңдар, кемпір қарғысымен әңгімені аяқтауына не себеп?
Жауабы: Бұл кемпір қарғысы – Әуезовтің озбырлыққа, жауыздыққа, қаталдыққа деген қарғысы.
Жазушы неге үндейді?
Жауабы: Жазушы жер бетіндегі адамдарды татулыққа, бір – бірін, өзін сыйлауға, құрметтеуге үндейді.
1.Сәйкес мақал- мәтел дер арқылы табуда шығармашылық жұмыс жасайды.
2.Жан-жақты ізденіс жұмыстары нда ойлау қабілеті дамиды
Үйге тапсырма беру
«Менің әңгімеден алған әсерім». эссе
Бағалау

Топта ортақ бағалау парағын дағы тап-сырмалар нәтижесінде бағаланады


Бағалау парағы


Рефлексия «Бағдаршам» Кері байланыс









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет