Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет145/181
Дата06.02.2022
өлшемі15,85 Mb.
#34550
түріСабақ
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   181
Психологиялық ахуал

Күн көзіндей күлімдеп,
Көңілді болып жүрейік.
Казіргі болар сабаққа
Жүректен ақ жол тілейік!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту

Тақтаға алдын – ала ілініп қойған мақалды 1 оқушыға оқытамын. «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ер көгереді». Осы мақалдың мағынасын кім түсіндіреді?
Мағынасын өз сөздерімен түсіндіреді.






Мағынаны тану

Балалар, бұл мақал жаңа тақырыбымызбен байланысты. Бүгінгі сабақта Несіпбек Айтовтың «Алтын сөз» атты өлеңін өтеміз. Бұндағы мақсатымыз: Батаның қай уақытта айтылатынын, не үшін айтылатынын білу және оның түрлерімен танысу.
Несіпбек Айтов 1950 жылы туған, белгілі жазушы.
ә) Негізгі бөлім.
Түгелдей кітабымыздың 259 бетін ашайық. Мұқият тыңдаймыз.
Мәнерлеп оқу.
Іштей оқыту.
Оқушыларға мәнерлеп оқыту. (2-3 оқушыға)
Тізбектей оқыту, шумақ бойынша.
Өлеңдегі батаның мағынасын кім түсіндіреді?
Өлеңдегі «ата» сөзіне қатысты тіркесті кім айтады?
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып
Біз демалып аламыз.
в) Қосымша материалмен жұмыс. (Ағайын-туыс арасында жиі айтылатын ізгі ниетті ақ бата, игі тілектер)
Бағың жансын.
Өмір жасын ұзақ болсын.
Құтты болсын.
Сапарың оң болсын.
Босағаң берік, шаңырағың биік болсын.
Мың жаса.
Құдай сәтін салсын.
Бауы берік болсын.
Дастарханыңа береке берсін.
Әр тілектің қай кезде айтылатынын түсіндіреді.




Ой толғаныс

Топтастыру:
Дәптермен жұмыс: үш топқа тапсырма беру:
1) Бата түрлері туралы білетіндерін жазу.
І топ Жол батасы
Жол батасы – ұзақ жол, киын сапарға аттанарда үй иесі құдайы тамақ беріп, аузы дуалы ақсақалдан бата алады т.б.
ІІ топ Ас батасы
Ас батасы – ас келгенде және асты қайыру кезінде жасалады. Ас, дәмге ризашылығын білдіріп, рахметін айтады.
ІІІ топ Наурыз батасы
Наурыз батасы – ұлыстың ұлы күнінде «наурыз көжеге» шақырғандарға, «Наурызнама» тойын өткізіп халықты риза қылған адамдарға, өнер көрсеткен өнерпаздар мен ақындарға ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары, билер қол жайып бата береді.
2) Батаны жалғастыру:
Автордың орындығы:
І топ Жол батасы: Жорыққанда жолдарын болсын,
ІІ топ Ас батасы: Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа береке берсін,……………….
ІІІ топ Наурыз батасы: Ұлыс оң болсын,
Ақ ол болсын,……………………
Бес жолды өлең құрастыру:
Зат есім: бата
Сын есім: ________, _________
Етістік: ________, __________, _________
Сөз тіркесі: ______, __________, __________, ________
Мәндес сөз:___________
«Жалғасын тап» ойыны:
Берілген мақал мәтелдердің жалғасын табу, мағынасын түсіндіру.
1. Жаңбырмен жер көгерер,
(Батамен ел көгерер.)
2. Ұлы кісіден бата алсаң,
(Сонда олжалы жол болар.)
3) Ақ тілек аянды болсын,
(Ақ бата баянды болсын.)
4) Ақыл көпке жеткізер,
(Өнер көкке жеткізер)
5) Ата өнері – (балаға мұра.)
6) Асыл тастан шығады,
Өнер жастан шығады.
7) Көп жасаған қария –
Ақылы теңіз – дария.
8) Ақылдының сөзі қысқа…
( көпке болар нұсқа).
9) Шешен сөз бастар,…
( батыр қол бастар).
Кубизм:
Қыдыр атаның қонаққа келуі, сиқырлы текше арқылы оқушылардың білімдерін тексереді.
 Бата дегеніміз не?
 Батаны кімдер береді?
 Батаны қай кезде береді?
 Батаның қандай түрлері бар?
 Батаны не үшін береді?
 Батаның қандай пайдасы бар?
Жақсы білім көрсеткендері үшін бата береді.
Бата беру:
Әлемнің бетін жарық ет,
Ұл – қызды түгел білімді ет,
Келесі оқу жылына
Аман – есен түгел жет!
«4» пен «5»-болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз!
Өнер білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Әумин! Қыдыр атаны шығарып салу.




Үйге тапсырма

Бата жаттау

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет