Сабақтың атауы Зоология жануарлар дүниесі туралы ғылым. Жануарлар дүниесін қорғау. Мақсаты


Зоология дегеніміз не? 2.Қазақстанда мекендейтін қандай жануарларды білесің? 3.Зоология сөзін грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?



бет2/2
Дата06.02.2023
өлшемі95,09 Kb.
#167565
түріСабақ
1   2
Байланысты:
7-???????? ???

1.Зоология дегеніміз не?
2.Қазақстанда мекендейтін қандай жануарларды білесің?
3.Зоология сөзін грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?

БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді











Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады




Биология

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Дүние, Дүние тармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, түр, популяция. Жануарларды жіктеудің маңызы.

Мақсаты

Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу

Көрнекілігі

Биология оқулығының әдістемесі

Топқа бөлу

Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу




Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту

Сабақты бастамас бұрын жануарлар әлемі туралы видеоролик көрсетіледі. Осыдан сұрақ туындайды: 1. Жануарлардың өсімдіктермен салыстырғанда саны қанша? 2. Неліктен әрбір жануарлардың сыртқы пішіндері әртүрлі? Греция ойшылы Аристотель б.з.д. 384-322 жж аңдар, құстар, балықтар, киттер, бунақденелілер деп бөлген. Карл Линней (1707 – 1778) Қосарлы атаутізімді енгізді. Мысалы: Ақ түбітті үйқоян, Күміс түсті үйқоян, Ақкіс үйқояны. «Ақ түбітті», «Күміс түсті», «Ақкіс» сөздері жеке түрге ғана қолданылады. Барлығына ортақ – екінші атау «Үйқоян». Жозеф Питон де Турнефор (1656-1708). ХVІІ ғасырдың соңында класс ұғымын енгізді. 1825 жылы француз зоолог-анатомы Анри Мари Бленвиль «Тип» терминін ұсынды. Жануарларды жіктеу сызбанұсқасы: түр туыс тұқымдас отряд класс тип жануарлар дүниесі Жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеудегі айырмашылықтар: Өсімдіктерде Жануарларда Өсімдіктер дүниесі Жануарлар дүниесі Ашықтұқымдылар бөлімі Қарапайымдар типі Бүрлі өсімдіктер класы Плазмалылар класы Қылқан жапырақтылар тұқымдасы Тамыраяқтылар тұқымдасы Қарағай туысы Амеба туысы Түрі – кәдімгі қарағай Түрі – кәдімгі амеба

Мағынаны тану

 Тест 1. Жануарларды зерттейтін ғылым саласы
А) ботаника в) зоология С) гельминтология Д) Анатомия
2. Жүйелеудің атасы деген атқа ие болған кім? А) Бленвиль в) Аристотель С) Линней Д) Ламарк
3. Жүйелеудің ең кіші өлшем бірлігі А) тұқымдас в) дүние С) класс Д) түр
4. Класс ұғымын енгізген кім? А) Бленвиль в) Турнефор С) Линней Д) Ламарк 5. Төменгі сатыдағы жануарларды тап. А) қандауырша в) құстар С) сүтқоректілер Д) балықтар 6. Омыртқасыз жануарларды тап А) жорғалаушы в) қосмекенділер С) бунақденелілер Д) қабықтылар
7. Ғаламшарымыздағы жануарлар саны А) 1млн в) 1,5млн С) 1,5мың Д) 1мың
8. Барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру қалай аталады? А) Жіктеу в) Жүйелеу С) топтау Д) Біріктіру
9. Жүйелеудегі ең жоғарғы өлшем бірлігі А) тұқымдас в) дүние С) класс Д) түр
10. Жануарларды аңдар, құстар, балықтар, киттер, бунақденелілер деп бөлген кім? А) Бленвиль в) Аристотель С) Линней Д) Ламарк V. Жұмбақ жануарлар
1. Аңыз бойынша бұл құстар періштелерді көргенде белгілі бір дыбыс шығарып, адамдарға белгі береді екен. (қораз)
2. Бұл үй жануары Библияда аты аталмаған жалғыз жануар, бірақ суретші Альбрехт Дюрер бұл үй жануарын Адам ата мен Хауа ананың аяқ жағында бейнелеген. Ресейде Мәскеу көпестері бұл жануарды семіртіп сайысқа қатыстырған. (Мысық)
3. Бұл құс Жаңа Зеландия символдарының бірі және дәл осылай аталатын өсімдік бар. Жемісін жеуге болады. (Киви)
4. Бұл таңғажайып секіруші аңға құйрығы денесін біркелкі ұстауға көмектеседі. (Кенгуру)
5. Бұл табиғатта маңызы зор біржасушалы жануар. Тұщы су қоймаларында мекендейді. (Кірпікшелі кебісше)

Ой толғаныс

1. Жануарларды дене құрылысының ерекшеліктеріне байланысты неше топқа бөледі? 2. Желілер типі деп неге аталған?
3. Адамдар жануарларға жата ма?
4. Қосарлы атаутізімді енгізген және жүйелеудің атасы деп кімді айтаыз?
5. Жануарларды жіктеу сызбанұсқасын ата
Екі жақты күнделік


Кітаптағы ой

Менің қосарым










Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет