Сабақтың аты §11 Отынның энергиясы Жалпы мақсаты


Талқылау үшін сұрақтар беріледі



бет2/5
Дата06.02.2022
өлшемі73,48 Kb.
#81893
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
mzh.-otynny-energiyasy

Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

  1. Табиғатта отынның қандай түрлері кездеседі?

  2. Отынның энергиясы дегенді қалай түсінесің?

  3. Отынның меншікті жану жылуы дегеніміз не?

Жаңа сабақ

Денені қыздыруға қажетті энергияны отын жаққанда алады. Қарапайым отын – көмір, мұнай, бензин және тағы басқаларының құрамында көміртек бар. Жану кезінде көміртек атомдары ауадағы оттектің атомдарымен қосылып, көмірқышқыл газының молекулаларын құрайды. Нәтижесін мол энергия бөлінеді (35 - сурет)




Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды.


q – отынның меншікті жану жылуы. Өлшем бірлігі 1 Дж/кг.
Кез келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін Q жылу мөлшерін есептеу үшін q меншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек:
Қазақстан Республикасында отын - энергетикалық ресурстардың мол қоры бар. Соңғы жылдары еліміздің отын - энергетикалық баланс құрылымында аса көп өзгерістер болды. 50 - жылдары отынның негізгі түрі көмір болса, қазіргі кезде көмірсутекті шикізат – мұнай мен газ алдыңғы қатарға шықты.
Қазақстанда 300 - ден астам көмір кен орындары белгілі, олар көбіне Орталық Қазақстанда шоғырланған. Бұл аймақтарда тас көмір көп, ал еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде қоңыр көмір жиі кездеседі. Көп қолданысқа ие болған көмір кен орындарына Қарағанды және Екібастұз кен орындары жатады. Қарағандының тас көмірінің жану жылуы 33, 5 - 33, 6 МДж/кг, ал Екібастұз таскөмірінің жану жылуы 31, 8 - 34, 3 МДж/кг, ал Торғай өңірінің көмірінің жану жылуы 27, 2 - 28, 9 МДж/кг, Майкөбенің қоңыр көмірінің жану жылуы 29, 3 - 31, 4 МДж/кг.
Көмірсутекті шикізаттың жалпы қоры бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде Ресей мемлекетінен кейін екінші орынды иеленеді, ал әлемдік деңгейде Сауд Арабиясы, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері мемлекеттерімен қатарласа алады. Жанатын пайдалы қазбаларға жататын мұнай мен газ бассейні Қазақстанның батыс аймағында кездеседі. «Атырау, Ембі, Маңғыстау».
Өткен ғасырдың 80 - жылдарынан бастап ас ірі мұнай қорын игеру басталды. Ол – Атырау облысының оңтүстік - шығысындағы «Теңіз» мұнай кен орны.
Отын - энергетикалық өндірістің болашағы газ болып табылады, себеі газ жанады, ауаны ластамайды және құбырлар арқылы жеңіл тасымалданады. Қазақстандағы ірі газ кен орны – Қарашығанақ, онда еліміздегі бүкіл газ қорының 70%- і жинақталған.




16 және 36 – суреттерде көрсетілген тәжірибелерге назар аударайық. Қорғасыннан жасалған шар қорғасын тақтаға соғылған кеде шардың толық механикалық энергиясы шар мен тақтаның ішкі энергиясына айнала алтындығын көрсетеді.


Егер цилиндрдегі газды қыздырсақ (38 – сурет), онда қыздырғыштан газға берілетін Q жылу мөлшері, оның ішкі энергиясының артуына әкеледі., сол мезетте поршеньді биіктікке В жағдайдан С жағдайға көтеру үшін жұмыс атқарылады. Бұл газдың ішкі энергиясының артуы және өзінің ұлғаюы кезінде поршеньді көтеріп жұмыс істеуі, оған біршама жылу берілгендіктен болатындығын білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет