Массаларының ортақ центрінен айнала отырып, екі жұлдыз периодты түрде кезекпен тұтылады. Қос дұлдыздың ең жарығы тұтылғанда Жер бетінде жылтыраудың әодеқайда терең минимумын көреміз және керісінше.
1956 ж. Д. Фабрициус Кит шоқжұлдызындағы бір жұлдыздың айнымалы екенін ашты. Оның жарқаруы 331,65 тәулік ішінде 1600 рет өзгереді. 1884 ж. Цефей шоқжұлдызындағы бір жұлдыздың жылтырауының периодты өзгеретінін Гудрайк байқады. Жұлдыздардың жылтырауының өзгерісі олардың қойнауларынан беткі қабатқа ыстық газдардың атқылауынан болуы мүмкін.