Кіріспе бөлім
1.Ұйымдастыру
2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Армысың, жарық күнім,
Шуағымен берген білім.
Ертегі, өлең үйрететін
Құрметтейтін ана тілін.
Көңіл-күйім ашылады,
Өзіңдей боп жарқырайды.
Бүгін бізде мол дайындық,
Қабыл алшы жарық күнім!
(Балалар бір-біріне жүрегінен шыққан жылы лебіздерін білдіреді)
Балалар «Мәуелі бақ» дегенді қалай түсінесіңдер?
Адам неше шақта өмір сүреді?
Сендер қай жақта өмір сүріп жатырсыңдар?
Мұғалім: Маған бақыт- сабақ өткізу сендерге,
Көріп тұрмын қуаныш бар жүздерде.
Балалықтың бал дәурені шат күліп,
Бәрімізге болсын серік сәттілік!
Ой қозғау. («Менің атым Қожа» фильмінен үзінді )
Оқушылардың ойларын тыңдау.
Ендеше, бүгінгі өтілетін сабағымыз Бердібек Соқпақбаевтың
«Менің атым Қожа» әңгімесіндегі Қожа туралы болмақ.
Бердібек Соқпақбаев ( 1924-1992) – Алматы облысы, Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келген. 8 жасында анасы қайтыс болалды.
Жиырмадан астам әңгіме,, повесть, роман кітаптарын жазған.
Шығармалары: «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Аяжан», «Он алты жасар чемпион», т.б
Достарыңызбен бөлісу: |