Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар: Қандай жағдайда рентген сәулелері пайда болады? Оның басқа сәулелермен салыстырғанда ұқсастығы және айырмашылығы неде?
Рентгендік түтікшенің жұмыс істеу принципі қандай физикалық құбылысқа негізделген?
Электродтарға кернеу түсірілсе, зарядталған бөлшектер не себептен үдеу алады? Электр өрісіндегі оң және теріс зарядты бөлшектердің үдеулерінің бағыттары бірдей бола ма?
Рентгендік астрономияның астрофизикалық зерттеулердегі мәнін немен түсіндіруге болады?