Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау
Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру. . Ядролық реактордың негізгі бөліктері қандай? Олардың қызметтері қандай?
Ядролық реакцияларда энергияның сақталу және айналу заңы орындала ма?
Ядролық энергия энергияның басқа түрлеріне қандай ретпен түрленеді?
Термоядролық реакция жайында не білесіңдер?
Күн мен жүлдыздардың энергиясы жайында не білесіңдер?