Энергия – дененің күйін сипаттайтын физикалық, скалярлық шама. Адамның күйі туралы айтқанда, оның қан қысымы, температурасы, сияқты, т.б. белгілі бір уақыт мезетіндегі жалпы жағдайын сипаттайтын мәліметтер туралы сөз етеміз.
Күй-дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы.
Механикада дененің механикалық күйі сөз болады. Оны көрсету үшін 2 мәселеге тоқталуымыз керек:
1. дененің берілген уақыт мезетіндегі орны 2. дененің қалай қозғалатынын сипаттай алуымыз керек.
Олай болса, бұл - нүктенің қайыбір уақыт мезетіндегі координаталары мен жылдамдығын көрсету деген сөз. Бұлар күй параметрлеріне жатады.
Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама - механикалық энергия деп аталады.