Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)
8-сынып курсын еске түсіріп шолу жасау
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)
Физика ғылымында дененің қозғалғанын қалай білеміз?
Механикалық қозғалыс дегенді қалай түсінесіңдер?
Материя дегенді қалай түсінесіңдер?
ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№
|
Бағалау өлшемдері
|
Көш
басшы
|
Хатшы
|
Баяндамашы
|
Уақыт сақшысы
|
1
|
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
|
|
|
|
|
2
|
Міндетін атқару
|
|
|
|
|
3
|
Топтық жұмысқа атсалысуы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
Берілген сөздерге шағын эссе жазады
Қозғалыс
Материя
Табиғат
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
V. сергіту сәті (3 минут) (видео)
VІ. Жеке жұмыс «тест жұмысын орындау» (10 минут)
.Механикалық қозғалыс дегеніміз не?
а) Санақ денесімен байланысқан координат жүйесі ;
б) Өлшемі мен пішінін ескермеуге болатын дене ;
в) Басқа денелерге қатысты кеңестіктегі орын ауыстыруы;
г) Орын ауыстырудың жолға қатынасы;
2.Ұзындық бірлігі.
а) Дж;. б) Метр; в) секунд; г) Вт
3.Орын ауыстырудың формуласы
а) s=v t; б) v=s/t E) s=u0t+at r) s=u0t + at0
4.Серпінді дегеніміз не?
а) Орын ауйыстырудың жолға қатынасы;
б) Бірдей уақыт аралығындағы жылдамдық;
в) Жұмыстын жолға көбейтіндісі;
г) Жүкті алып тастағаннан кейінгі деформация;
5.Еркін түсу үдеуінің сандық мәні ?
а)10,1 Дж; б) 8,7 Вт, в) 9,8 м/с , г)9,7м/с
6.Бұрыштық ығысуы қандай әріппен белгіленеді ?
а) U ; б) S ; в) T ; г) φ
7. « Динамика» қандай мағына береді?
а) Суреттеу; б)Күш; в) Ғалым; г) Жазамын.
8. Исаак Ньютон қай жердің ғалымы?
а) грек ; б)француз; в)ағылшын; г)қытай.
9.Жылдамдықты өлшеуге арналған прибор
а) термометр; б) барометр; в) амперметр; г) спидометр.
10.Төмендегі ғалымдардың қайысысы дене еркін түскенде бір қалыпты үдемелі қозғалыста болатынын ж/е үдеуі барлық денелер үшін бірдей екенінін тапқан?
а) Архимед; б)Галлилей; в) Ньютон; г) Гьюгенс; д) Гук.
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
|