ҮІ. Бағдаршам көздерін түстеріне қарай бояу.
СЕРГІТУ СӘТІ: Балалар, қазір бағдаршам ойынын ойнаймыз.
Қызыл жанса – тыныш тұрамыз.
Сары жанса –оң аяғымызды көтеріп, дайындаламыз.
Жасыл жанса –топ-топ басып жүреміз
ҮІІ. Бағдаршам: Көрегенмін, қырағымын.
Үш көзім бар, үш сыншым.
Сақтап халық өмірін
Тәртіпті мен орнаттым.
Ортаға үш көмекшім, үш сыншымды шақырамын,
Қайдасыңдар достарым?
Қызыл көз: Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орнында тұр қозғалма,
Ереже бұл «Сен тоқта!»
Сары көзі: Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды.
Жасыл көзі: Мен көзімді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білгендер,
Өтуге еш қорықпайды.
БАРЛЫҒЫ БІРГЕ:: Жолды кесіп өтерде,
Сол жағына қарайла.
Жарты ортаға келгенде,
Оң жағына қарайла.
Білгенінді басқаға
Үйрете жүр, жарай ма?
Достарыңызбен бөлісу: |