Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Қызығушылықтарын ояту Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз



Дата28.06.2017
өлшемі52,03 Kb.
#20483
түріСабақ
Тақырыбы: « Достық деген не ? »

Мақсаты: Достық туралы терең түсінік бере отырып, адал достыққа, шынайылыққа баулу. Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып, оқушылар арасында достық сезім қалыптастыру.

Көрнекі құралдар: Ақ қағаздар, тағам ( тұссыз ), түсті қарындаш, фломастерлер.

Әдісі: Ойын сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қызығушылықтарын ояту

Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз.


  • Балалар, мына тағамды татып көріңдерші, дәмі туралы не айтар едіңдер? ( дәмсіз, тұзсыз)

  • Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы тағамға ұқсатуға болады.Доссыз адам өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді.

- Сонымен, балалар, «Доссыз адам – тұзсыз тағам!» деп бекерге айтылмаған. Ендеше, « ДОС » сөзіне дәм кіргізейікші, ол қандай болу керек, ол кім? Оның қазір көркі болмай, шуақсыз көңілсіз күндей, оған қасиеттер кіргізіп нұрын шашардай күндей етейікші. ( тақтада берілген күн « ДОС » сөзіне « шуақтарын » жазу )

Жолдас Адам , сыр бөлісетін адам

сенімді ДОС көмекші, мені өте жақсы түсінетін адам

қамқоршы қиындықта бірге болар

қандай жағдай болмасын бірге болатын адам


  • Ендеше, бір-бірімізбен қол алыса отырып, өз ұранымызды айтайықшы.

Дос болайық бәріміз,

Жарассын достық әніміз.

Иықтасып жүрейік,

Қиындықта бәріміз. ( қимылмен көрсету )



  • « Достық » дегенді қалай түсінесіңдер? Жауапты сурет арқылы бер.

( Әрбір оқушы өздері салған суреттерін түсіндіреді )

Ол – адамдар арасындағы байланыс, достықты шеңберге теңедім, бәйтерек, жүрек.



« Сиқырлы орындық » жаттығуын орындау. Ортада тұрған орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.

Сахналау: « Тақтаға қағылған шеге »

- Өткен заманда бір кісінің өте бұзақы, сотқар мінезді баласы болған екен.Баласының бұл мінезіне кейіген әкесі күндердің бір күнінде оны шақырып алып, былай дейді.



Әкесі: -Міне, мұнда тақта мен шеге, балға қойдым.Сен енді күнде қаншама адамды ренжітсең, тақтаға сонша шеге қағып жүр. Апта соңында тағы сөйлесеміз.

  • Аптаға толмай бала 3 күнде 37 шегені бірден қағып тастайды, апта соңында тақта толып, баланың шегесі таусылады.

Баласы: - Әке, мен тәртіпті бала болғым келеді. Ол үшін не істеу керек?

Әкесі: - Ендеше, күнде қанша адамды сыйласаң, сонша шегені алып тастап отыр.

  • Бала айтқанын істеп, шеге бір күнде 2-3, екінші күні тағы көптеу, солай барлық шегені тауысады.Сонда әкесі келіп:

Әкесі: - Балам, мұның жақсы, түзелгенің ғой.Бірақ мына тақтайдың беті алғашқыдай бола ма? Қанша тырыссаң да, енді оның бетіне дақ қалды.

Бұзақылық істелмес бұрын әр нәрсені ойланып істеу керек.



Қорытындыға келейік. Қалай ойлайсыңдар, бұзақылық болу керек пе?

Сыныптың ішінде сондай сотқар, бұзақы оқушы бар ма?

Бұзақы болсаңдар не істер едіңдер, қателеріңді қалай түзер едіңдер?

( кешірім сұрап, тәртіпті оқушы болу керек )



Сергіту сәті: « Досқа сыйлық » ( үй тапсырмасы )

  • Балдырған баламыз, ( өздерін көрсетеді )

Өзара достасып, ( бір- біріне қарайды )

Сенімді боламыз ( қол алысады )

( Сыйлықтарын табыс етеді )

- Достарыңның сыйлықтары ұнады ма?



  • Достық жайында кім қандай мақал- мәтелдер біледі екен?

  1. Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас

  2. Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды

  3. Достық қымбат өмірде

  4. Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіртіп айтар

  5. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көріне мақтар

  6. Күлме досыңа, келер басыңа

  7. 100 сом ақшаң болғанша, 100 досың болсын

  8. Сыйласаң – сыйлы боласың

  9. Бірлесе көтерген жүк жеңіл

  10. Түсінесе білу – жақсы қасиет

  11. Білімдімен дос болсаң, Сасқанда ақылын айтар

Білімсізбен дос болсаң, Топ ішінде бетің қайтады

  1. Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең

  2. Заттың жаңасы жақсы, Достың ескісі жақсы

  3. Дос адам артық сұрамайды

  4. Дос достың кемшілігін кешіре береді

  5. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас

  6. Екі ердің достығы, асулардан асырар

Екі елдің достығы, ғасырлардан асырар

  1. Дос табу оңай – сақтауы қиын,

Жау табу оңай – тоқтауы қиын
Ойын: « Ренжістік, достастық »

  • Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер немесе қолдарыңды бұлғайсыңдар.

  • « ТОҚТА » дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрылыңдар. Содан кейін « ДОСТАСЫҢДАР » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.

  • ( 3 рет қайталау )

  • ПІКІР АЛМАСУ: - Сендерге татуласу ұнады ма?

  • Не сездіңдер? ( қуаныш, бақыт )

  • Сендерге ренжіскен ұнады ма?

  • Не сездіңдер? ( уайым, қайғы )


Қорытынды: - Сонымен, балалар, біздің сынып қандай? Сынып арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба? Бүгін не туралы өттік? Дос дегеніміз не? Сабақ сендерге ұнады ма?

Осымен сынып сағатымыз аяқталды? Барлықтарың жақсы қатыстыңдар, көптен-көп рақмет. Мен сендерге өте қуаныштымын.

№ 38 жалпы негізгі білім беру мектебі

Сынып сағаты


Тақырыбы: « Достық деген не? »

( құқық бағыты )

Орындаған: Құралай Байтенқызы Тулеуова

Мойылды – 2011 – 2012 оқу жылы



Құрметті әріптестер!!!

27-қазанда 1 « А » сыныбында сағат 12-25 – те болатын

« Достық деген не? » атты ашық тәрбие сағаты болады. Келіп, көрем деушілерге есік ашық.

Қ.Б.Тулеуова.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет