Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Топқа бөлу: 1-топ: Қамқорлық 2-топ: Сыйластық 3-топ: Мейірімділік ІІ. Кіріспе



Дата03.02.2017
өлшемі101,3 Kb.
#8585
түріСабақ
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Қарттарым-асыл қазынам
Мақсаты: Оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиеттерін арттырып, имандылыққа тәрбиелеу.
Міндеті: Оқушыларды өзінен үлкендерді құрметтеуге баулу.

Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге, инабаттылыққа және имандылыққа тәрбиелеу. Қарттарын қадірлейтін, қайырымды, мейірімді, адамгершілікті азаматты қалыптастыру.


Көрнекілігі: Интерактивті тақтада слайд, суреттер, бейнекөрініс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Топқа бөлу:

1-топ: Қамқорлық

2-топ: Сыйластық

3-топ: Мейірімділік

ІІ. Кіріспе.

Мұғалім сөзі.

Армысыздар, құрметті ұстаздар,ата-аналар және бүгінгі кештің қонақтары.

«Арайлап атты жаңа күн,

Шуағын шашып баршаға.

Қане досым күлімде,

Қуаныш орнасын жер жүзінде» - деп жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.

Бала тәрбиесіндегі маңызды саланың бірі оларды сыйластыққа, ізеттілікке, қайырымдылыққа баулу.

«Ақылды қария-ағып жатқан дария» деп тегін айтпаған.

Асыл қарттарымыз-бәйтерек болса, біз оның жапырағымыз. Адам өміріндегі игі іс, ізгі ниеттің бірі, ата-ананы құрметтеу, ата-әжелерге қамқор болу.

Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын дей отырып, «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Кезекті екі жүргізушілеріме беремін.

ІІІ. 1-жүргізуші:

Уа, ағайын, бүгін қызық той-думан

Осы тойға барлық жұрттар жиналған

Осы тойдың құрметіне ағайын,

Қарттар күні барлық елде тойланған.

2-жүргізуші:

Есенсіз бе, қазыналы қарттарым,

Бабалардың бойға жиған салттарын.

Өзіңіздей ұлағатты болуға

Өсиетіңді жүрегімде сақтадым.

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті келген қонақтар!

2-жүргізуші:

1-қазан Қарттар мерекесі құтты болсын! Біз сіздерге өмір

1-жүргізуші: Ешқашан таусылмайтын бақыт, сөнбейтін шырақ

Бірге: Әрқашан орындалар арман тілейміз.

1-жүргізуші:

Аталатын құрметпенен аттарың,

Сіздерсіздер алтын қазық қарттарым.

Ұрпақтарың керегесін кең жайған

Ғанибет қой осынау бір шақтарың.

2-жүргізуші:

Бәрін білер ата салты, ғұрыптың,

Жақындығын туған-туыс, іліктің.

Тілейсіздер барша мынау ғаламда

Тұрса екен деп шуақ шашып, күліп күн.

Ұжымы боп 4 «б» сыныптың.

1-жүргізуші:

«Қарттарым-асыл қазынам» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Олай болса әр топ басшысы өз топтарымен таныстырып өтсін.

1-топ: Қамқорлық (топ басшысы) Намаз А.

2-топ: Сыйластық (топ басшысы) Қожамхан М.

3-топ: Мейірімділік (топ басшысы) Тұрғанбай М.

1-жүргізуші:

Адам өміріндегі ең игі істің бірі-қаріп кісілерге қамқорлық, мейірімділік, түсіністік, сүйіспеншілік, жанашырлық, сыйластық таныта білуіміз.

Олай болса сөз кезегін өзімнің достарыма беремін.

IV. Қамқорлық:

Қарттар деген-әр үйдің дара шыңы,

Отбасының қамқоры, жанашыры.
Сыйластық:

Кіммен болсын сыйласқанға не жетер

Сыйластық қой үйдің төрін кең етер.
Мейірімділік:

Төгетін ұрпағына мейірім нұрын

Қарттар деген- үйдегі жарық күнің.
Түсіністік:

Қоймай қарттық қас-қабағын қату ғып

Болу керек түсіністік, татулық.
Сүйіспеншілік:

Қарияңа сүйіспеншілік болмаса

Жасы көре қоймас сені ол да аса.
Жанашырлық:

Қариялар үміт жібін үзбейді

Ұрпағынан ол да жылу Іздейді.
V. 2-жүргізуші:

Жыл өтеді, уақыт алмасады,

Сол жылдардың қарттарсыз бар ма сәні?

Қарттар күнгі тәрбие сағатымыз

Мектепшілік әне-күймен жалғасады-дей отыра кезекті әр топтың жаттаулары мен әндеріне береміз.
1-топ: Қамқорлық

1-оқушы: Мейірімі жел жібек,

Күндей ыстық құшағы

Ет жүрегі елжіреп

«Құлыным» деп құшады.

Жан жуытпай маңына

Ас сақтайды кәрі әжем.

«Бес» ап келсем алдымда

Биіктейді дәрежем.
2-оқушы:

Әлемдегі ақылды адам

Бәрінен де жақын маған

Жанымда әжем жүрген кезде

Бақытты да батыл болам

Менің әжем-бал әжем

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем
3-оқушы:

Жақсы ісімді мақтан қылып,

Жамандықтан сақтандырып

Жүрген алтын ақ әжемді

Жүрсем деймін шаттандырып.

Әжем ешбір сыр жасырмай

Ой бөлісер сырласардай.

Әжеме ыстық сағынышым

Жүреді ылғи бір басылмай
4-оқушы:

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен-кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.
5-оқушы:

Аршып ап батпақ, балдырдан,

Арқалап өткен сан жылдан.

Намыспен арды мұра етіп

Ұрпақтарына қалдырған.

Уызымен елдік, кендіктің,

Ұл-қызын уыздандырған.

Әкеңнің жоғын білдірмей

Аймалап шығар алдыңнан.

Бәйтерегі биік бақтарым,

Қайыңдай қайсар қарттарым!
VI. Ән «Анашым»

Орындайтын: Парахат Ерасыл


6-оқушы: ІІ-топ:

Қағыс естіп қалбаңдайды баладай,

Ниеті ақ, пейілі кең даладай

Кімге болса қарттық жетер аяңдап,

Мәпелеңдер қарт біткенді аялай.
7-оқушы:

Әжем менің

Асыл адам қымбатты

Бір мен үшін

Сұлу, ғажап сымбатты

Әжем менің

Құрақ ұшып аймалап

Туған күннен еркелетіп сол бақты.


8-оқушы:

Өз-өзіңнен қайран ғап

Таңданасың көргенде

Омырауы мейрамда

Толып кетер орденге
9-оқушы:

Жүзі жарқын жаны ізгі

Жан бар ма екен атамдай!

Бірақ бала тәрізді

Тұрады әкем бата алмай.

Кім үлкенді тыңдаса, кім үлкенді сыйласа

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.


10-оқушы:

Әкем менің мейірімді

Сыйлайды үлкен-кішілер

Әжеге деген пейілді

Әжесі барлар түсінер

Ақ жаулықты әжемді

Ай жүзіне теңедім

Қайырымды, қасиетті,

Ең ардақты ақ әжем.
VII. Ән «Асыл әжем»

Орындайтын: Қожамхан Мөлдір.


11-оқушы: ІІІ-топ

Әр бір сөзі өсиетті

Баға жетпес ақ әжем

Аман-есен жүріңізші

Бар тілегім сол әжем.
12-оқушы:

Мәнді және маңызды

Толған ылғи ой-басы

Ертегімен аңыздың

Таусылмайтын қоймасы

Айтады ертек жан атам.

Ақ сақалын салалап

Құмарымды таратам

Жермен көкті аралап

Бір шегетін сапарды

Ардақтаймын өмірде

Асқар таудай атамды.


13-оқушы:

Асыл әжем, ақ әжем

Құтты болсын мерекең

Қуантып әр балаңыз

Таси берсін берекең.

Менің әжем-жан әжем

Шуағы мол нұр әжем

Ақ таяққа сүйеніп

Аман-есен жүр әжем.
14-оқушы:

Атамыз-біздің панамыз

Атамыз-біздің данамыз

Атадан ақыл аламыз

Атадай адам боламыз

Мейірімді жүрегі

Атамды ел біледі

«Жүз жасағын балам»-деп

Бата беріп жүреді.
15-оқушы:

Қарттар күні ұмытылмас ешқашан,

Жүрейікші қарт кісіні аялап

Қадірлі де, құрметті ғой әр қашан

Жүрсін адам қарт кісіні мадақтап.

Қайран қазақ қарттары, қадірменді

Сіздерге Алла биіктің бәрін берді

Мына әлемде таба алмас еш адамзат

Өздеріңіздей білікті тәлімгерді.
Ән: «Әкелер»

Орындайтын: Қанат Рустам


VIII. Бейнефильм
IX. Көрсетілген бейнефильм бойынша әр топқа сұрақтар қою.

І-топ: Қамқорлық тобы.

Ата аналарымыз бен қарияларымызды қарттар үйіне берген дұрыс па?

Өз пікірлеріңіз.

ІІ-топ: Сыйластық тобы.

Ата-анасын және қарияларын қарттар үйіне тапсырған адамдарға деген өз ойларыңыз қандай?

ІІІ-топ: Мейірімділік тобы.

Ата-аналарыңыз бен қарияларыңызға деген сезімдеріңіз қандай?


X. Көрініс: «Қарттар үйінде»

Келген қонақтарға (қарияларымызға) сұрақтар қою.


XI. Би «Қамажай»
XII. Мұқағали Мақатаевтың қарттар туралы өлеңдерін оқу.

  • Тақта балам атаң келеді артыңд!

  • Мен қарапайым қарттарды сүйем.

1-жүргізуші:

Ұрпағыма айтар мақтаным

Сендермен бірге салт қаным

Алдымда дәйім жүріңдер

Қазыналы асыл қарттарым

Бірге:


Барша ата-әже

Құтты болсын мерекеңіз

Әрқашан сіздермен бірге берекеміз-деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Ара мен шыбын»

(Әдебиеттік оқу)


Сабақтың мақсаты: Оқушының жеке қабілеті мен белседілігіне сүйене отырып мысалдағы түйінді ойды ашуғ жағдай жасау. Байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, оқулық, плакаттар, суреттер.
Әдісі: Жаңа әдіс СТО технологиясы, ойын.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

А) топқа бөлу

Ә) шаттық шеңбері

Әр топ жеке шеңбер құрып, бір-біріне жұмсақ жүректі ұсына отырып тілек білдіру.
ІІ. Қайталау-білім анасы.


  1. Үй тапсырмасын сұрау

«Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалын жатқа айту

  1. Сюжет түрінде көрсету.

  2. Сұрақтарға жауап алу.

ІІІ. Сен білесің бе?



  1. Жаңа сабақтың авторы туралы түсінік беру.

  2. Сатира туралы түсінік беру.

  3. Дәптермен жұмыс: күннің жадын жазу.

  4. Сыр-сандық: (сөздікпен жұмыс)

  • Нығымдап-нығырлап, батыл түрде.

IV. Білім керек бәріне.



  1. Іштей оқу

  2. Тізбектей оқу

  3. Топтасып талқылау

  4. Сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларды орындау.

V. Кім мықты?

1-топ. «Өнер» тобы: «Ара мен шыбын» мысалын рөлге бөліп оқу.

2-топ. «Оқу» тобы: Мысалдағы түйінді ойды табу, айту.

3-топ. «Жазу» тобы: «Егер мен Шыбын болсам...» тақырыбына эссе жазу
VI. Кім ұтқыр?

1-топ. «Өнер» тобы: Қонақжай дегенді қалай түсінесің?

2-топ. «Оқу» тобы: Қонақ деген кім? Қонақтың қандай түрлері бар?

3-топ. «Жазу» тобы: Қонақжайлылық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?


VII. Үйренгенім көп менің.

(Постермен жұмыс)

1-топ. «Өнер» тобы: Оспанхан Әубәкіров жөнінде не білдік?

2-топ. «Оқу» тобы: Ара қандай?

3-топ. «Жазу» тобы: Шыбын қандай?
VIII. Қорытынды

Балалар, қандай жақсы қасиеттерді білесіңдер? Сол жақсы қасиеттерді жұлдызшаларға жазып, айдың қасына жинақтайық.



Әрқашанда жақсы қасиеттерді бойымызға жинап, ай мен жұлдыз секілді жарқырап жүрейік! – деп бүгінгі сабақты аяқтаймын.
XI. Үйге тапсырма: мысалды мәнерлеп, рөлге бөліп оқу.
X.Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет