Оқулықпен жұмыс.
Кім болсам екен?
Жолкелді үйіне келді. Әкесі мен шешесі дөңгелек үстелде дойбы ойнап отыр. Марат сияқты келе салысымен бұл да шешесіне еркеледі.
Қалай, ойынның жоспарын толтырдың ба, балам?- деді шешесі құшақтап.
Мараттың шешесінің айтқаны әлі есінен кетпеген екен.
Жолкелді әкесіне сұрақ қойды.
Әке, мен кім болам?
Сен бе, өскен соң жігіт боласың. Тоқтар ағаңдай ғарышкер
боласың,- деді бар зейінін дойбыда отырған әкесі әдеттегі айтып жүрген жауабын қайталап.
Әнші болайын ба?-деді Жолкелді.
Несі бар, дауысың болса, әнші боласың.
Мараттың апасы «әнші боласың»,-деді маған.
Әкесі мен шешесі жалт қарады.
Мараттың апасы деген кім?
Ол-әнші. Менің бетімнен сүйді.
Е, біздің баламыз бізден бұрын танысып қойыпты ғой көршілермен,-деп күлді әкесі.
Тағы кімді танисың?
Дариғаны ... Бірақ оның апасы жаман.
Неге ?
Жолкелді үнсіз тұрып қалды. Неге жаман? Айта алмады ол.
Қой үлкен кісіні олай деме.
Әкесі жақтырмай қалды.
Көршіні жаман деуге болмайды.
Жолкелді қысылды. Көзі жыпылықтап, шешесіне қарады
Ұйқын кеп тұр-ау, Жолкелді?-деп шешесі орнынан тұрып,оны
қолынан жетелеп ішкі үйге кірді – Шешін бүгінге жетер ойының.
Жолкелді қысылды Көзі жыпылықтап, шешесіне қарады
Жолкелді көпке дейін ояу жатты. Дариғаның апасы жаман ба? Жоқ жаман емес шығар . Жолкелді аузын ашып есінеп қойды. Ғарышкер болсам ба екен?... Әнші болсам ба екен?.. Сол замат кірпіктері жабылып,ұйқыға кетті.
Оқушылардан мәтінде қандай мамандықтар жайында айтылғаны жайлы сұрау. Сұрактар қою
Сергіту сәті.
Оңға оңға- түзу тұр,
Солға, солға- түзу тұр.
Артқа-артқа екі адым
Жоғары төмен қарадым,
Орнымды тез табамын.
Достарыңызбен бөлісу: |