Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Мұғалім: Сәлемдесіңдер! Оқушылар: Саламатсыздар ма?!



Дата18.02.2017
өлшемі117,31 Kb.
#9915
түріСабақ
Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Дамытушылық: Байланыстыра дұрыс сөйлеулерін дамыту,сөздік қорларын молайту.Көріп-есту арқылы берілген сөздік материалды қабылдай білу.

Түзетушілік: Дыбыстарын қадағалап, түзету.

Тәрбиелік: Отанын, туған өлкесін, Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Суреттер, рәміздер,көрсеткіштер, карта.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. .

Мұғалім: - Сәлемдесіңдер!

Оқушылар: - Саламатсыздар ма?!

( мемлекеттік ән ұран орындалады)

Мұғалім: -Отырыңдар

Балалар сендер қандай ән тыңдадыңдар?



Оқушылар:-Қазақстан Республикасының әнұраны.

Мұғалім:-Дұрыс

1. Тіл жаттығуы.



Мұғалім: Біз дұрыс сөйлейміз.

Арайлы таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Мұғалім: Біз не істедік?

Оқушы: Біз сөйледік.

2. Сұрақтарға жауап беру.

Мұғалім: -....., ...... сұра, қазір қандай сабақ болады?

Оқушы: - ...... қазір қандай сабақ болады?

Оқушы: -Қазір айналамен танысу сабағы болады.

Мұғалім: -Бұл нешінші сабақ?

Оқушы: - Бұл үшінші сабақ.

Мұғалім: - Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Менің Отаным -

Қазақстан».



3. Сабақтың жоспарымен таныстыру

Жоспар:

1. Мемлекттік рәміздермен танысу

2. Өлең оқу

3. Сұрақтарға жауап беру

4. Картамен жұмыс

5. Мақал- мәтел оқу

6. Тапсырманы орындау.

II. Негізгі бөлім

1.Мемлекеттік рәміздермен танысу

Мұғалім:-Мемлекеттік рәміздерге не жатады?

Оқушы:-Мемлекеттік рәміздерге ту, елтаңба, әнұран жатады.

Мұғалім: -Кім туды сипаттап береді?

Оқушы: -Мынау біздің туымыз.Тудың түсі аспан

түстес. Ортасында күн, астында бүркіт бейнеленген.



Мұғалім: -Кім елтаңбаны сипаттап береді?

Оқушы: -Мынау біздің елтаңба.Елтаңбада шаңырақ,

күн сәулесі, пырақты ат, жұлдыз, Қазақстан – деген

жазу бар.

Мұғалім: -Әнұранның авторы кім?

Оқушы:-Әнұранның авторы Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев. Әні Шәмші Қалдаяқовтікі.



Мұғалім: -Дұрыс балалар, біз еліміздің рәміздерін

құрметтеп сыйлай білуіміз керек.

- Біз не істедік?

Оқушы: Біз мемлекеттік рәміздермен таныстық.

2. Өлең оқу

Мұғалім: Кім Отан туралы өлең оқиды?

Оқушы:

Отан деген-атамекен,

Отан деген –туған жер.

Отан-ана,

Отан-өлкең,

Қазақстан – туған ел !



Оқушы:

Отан жерім, Отан суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан ұран,Отан туым.

Отан- мәңгі гүлденеді.

Оқушы:

Астана –арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Мұғалім:-Жарайсыңдар,өлеңдеріңді тыңдап, бәріміз

қуанып қалдық.

Отан- адамның туып өскен жері, туған туыстарымен

бірге тұратын атамекен.

-Біз не істедік?

Оқушы: - Өлең оқыдық

3. Сұрақтарға жауап береміз.

- Біз қандай республикада тұрамыз?

- Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

- Қандай әуенді қолымызды жүрегімізге қойып айтамыз?

- Әнұранды қолымызды жүрегімізге қойып, айтамыз.

- Пырақты ат, шанырақ бейнеленген символ қалай аталады?

- Пырақты ат, шанырақ бейнеленген символ – ол елтаңба.

- Көк түсті, күн мен бүркіт бейнеленген символ қалай аталады?

- Көк түсті, күн мен бүркіт бейнеленген символ – ол

еліміздің туы.

- Қазақстан Республикасының елбасы кім?

- Қазақстан Республикасының елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

- Біздің облысымыз қалай аталады?

- Оңтүстік Қазақстан облысы.

- Біз қай қалада тұрамыз?

- Біз Шымкент қаласында тұрамыз.



Мұғалім: -Жақсы, балалар өздеріннің білімдеріңді көрсеттіңдер.

Біз не істедік?



Оқушы: Біз сұрақтарға жауап бердік.

Сергіту сәті:

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелері керіліп,

Өрімдей болып өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй болып көрінер.

4. Картамен жұмыс

Мұғалім: - Қазақстан Республикасының қалаларын

картадан көрсетейік.



Оқушы:

Алматы- жері жайсаң қала.

Атырау - мол Қазақстанның мұнайы.

Ақтөбе- ақ тарысы мол ырысы.

Тараз-жайлау, қазыналы.

Көкшетаудың көп көгілдір аймағы.

Қарағанды- қара алтынның қоймасы.

Қостанай- қызыл бидай қамбасы.

Қызылорда- күрішті даласы.

Талдықорған – жер жанаты.

Шымкент – ыстық өлкем мақталы.

Астана- елімнің бас қаласы.

Мұғалім: -Біз не істедік?

Оқушы: -Картамен жұмыс жасадық.

5. Мақал-мәтелдермен жұмыс

Мұғалім: -Отан туралы мақал-мәтелдерді толықтырып, оқимыз.

Отан- ......( отбасынан басталады)

Отан- ......( оттан да ыстық)

Туған жердің ........(топырағы ем)

Туған жердей ....... (жер болмас)

Туған елдей ....... (ел болмас)



Мұғалім: -Біз не істедік?

Оқушы: -Біз мақал – мәтелді толықтырдық, оқыдық.

6. Тапсырманы орындау.

Мұғалім: -Көгершін бейбітшіліктің белгісі.Отанымызға деген тілектерімізді осы көгершін арқылы жазып жіберейік.

(Оқушылар өз тілектерін үлестірмелі «көгершін» қағазға жазады)



І І І. Қорытынды

Мұғалім:- Балалар өз Отанымыз – Қазақстан туралы білімдерінді

көрсеттіндер. Отанымызды сүйіп, қорғауға, құрметтеуге ант

берейік.

Оқушылар: -Ант береміз!!!

Мұғалім: -Бүгін сабақта не істедік?

Оқушы: -Біз сөйледік

-Сұрақтарға жауап бердік

- Мемлекеттік рәміздермен таныстық

- Өлең оқыдық

- Картамен жұмыс жасадық

- Тапсырманы орындадық



Бағалау.

.


Мұғалім: 2-ші суретте кімдер бейнеленген?

Оқушы: -Суретте: әже мен бала, қызы мен анасы бейнеленген.

Мұғалім: Олардың іс – әрекеті қандай?

Оқушы: Үлкенді құрметтемеу, үлкенді тыңдамау.

Мұғалім: 3-ші суретте кімдер бейнеленген?

Оқушы: Суретте: әже, бала және қыз бейнеленген.

Мұғалім: Олардың іс – әрекеті қандай?

Оқушы: Үлкендерге көмектесіп, рахметін алуда.

Мұғалім: Біз не істедік?

Оқушы: Біз сурет бойынша әңгімеледік

VI. Өлең оқу.

Мұғалім: -Балалар кім әдептілік туралы өлең оқығысы келеді?

Оқушы: -Дана апай, менің өлең оқығым келеді.

Атам маған қашан да,

Кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.

Мұғалім: -Дұрыс, тағы кім өлең оқығысы келеді?

Оқушы: -Мен.

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Мұғалім: -Дұрыс, тағы кім өлең оқығысы келеді?

Оқушы: -Мен.

Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Ізетпен бас иемін,

Үйге қонақ келгенде.

Мұғалім: -Дұрыс,енді біз осы өлеңдерді бірге оқимыз.

(Балалар хормен өлең оқиды.)



Мұғалім: -Біз не істедік?

Оқушы: -Біз өлең оқыдық.

VIІ. Мақал – мәтел оқу.

Мұғалім: (Біз мақалды дұрыс оқысақ түйеге құдық басына баруға көмектесеміз)

1.Берекеден мереке кетпес.

2.Бірлік бар жерде тірлік бар.

3.Көп жүрген жер көңілді,

Көп еңбегі өнімді.

4.Әдептілік белгісі –

Иіліп сәлем бергені.

Мұғалім: Біз не істедік?

Оқушы: Біз мақал – мәтел оқыдық.

VIII. Ойын.

Мұғалім: Біз ойнаймыз

Мұғалім: (Балалар бізге қонаққа әжеміз келіп отыр. Біз бәріміз бірігіп, әжемізге көмек көрсетейік. Ол үшін тез арада бізге үй құрастыру керек.)

Оқушылар:

Іргетасын қаладым

Қабырғасын көтердім

Шатырын жаптым

Мұржасын орнаттым

Мен үйдің Баспалдағын қойдым

Есігін қойдым

Терезесін салдым

Шарбағын қоршадым

Ағашын отырғыздым

Гүлін ектім.



Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, сендер әжемізге жаксы көмек көрсеттіңдер.

Әже: Рахмет балалар! Мен бұл жай үй емес «Достық үйі, Шаттық үйі, Бірлік үйі». Жарайсыңдар рахмет!!!

Мұғалім: Біз не істедік?

Оқушы: Біз ойнадық.

IX. Портфолиомен танысу.

Мұғалім: Кім өзінің портфолиосын таныстырғысы келеді?

Оқушы: Мен. ( өзінің отбасымен таныстырады )

Мұғалім: Тағы кім таныстырғысы келеді?

Оқушы: Мен. ( өзінің достарымен таныстырады )

Мұғалім: Біз не істедік?

Оқушы: Біз портфолиомен таныстық.

X. Үлес қағазбен жұмыс жасаймыз.

Мұғалім: Үлес қағазды ашыңдар.

Мұғалім: Берілген тапсырманы орындаңдар. ( балалар берілген тапсырманы орындайды. )

Мұғалім: Біз не істедік?

Оқушы: Біз үлес қағазбен жұмыс жасадық.

XI. Ой түю.

Мұғалім: ( Балалар әдептілік жайында ойымызды түйіндеп, қорытындылаймыз. )

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет