Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі Негізгі бөлім Кіріспе әңгіме



Дата14.04.2017
өлшемі61,96 Kb.
#13963
түріСабақ
Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет»

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке,кішіпейілділікке баулу арқылы өз халқының салт-дәстүріне үйрете отырып,жаман әдеттерден аулақ болуға, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарауға, ізетті болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме

Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Негізгі бөлім

    1. Кіріспе әңгіме

«Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады.

Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиетін білдіреді. Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және жаман )

ізге ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны түсініп ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз.Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ғұлама Әл-Фараби. Адамның жоғарғы қасиеті – оның адамгершілігі. Адамгершілік қасиет дегенді қалай түсінесіңдер?




2 )Слайд көрсетіледі. Суреттер бойынша әңгімелету.

-Балалар енді мына суретке назар аударайық.Жаңа аталған адамгершілік қасиеттерінің қайсысын көруге болады?



Адамгершіліктің қарапайым қағидалары:Қамқорлық, амандасу, тілін сыйлау, мейірімділік, дінін саттау, үлкенді құрметтеу, Отанын қорғау.

Бекзат: Үлкен адамға сәлем беру- кіші адамның міндеті. Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем ермей кетсе, ол - әдепсіздік, көргенсіздік.

Джамиля: Дұрыс тамақтану, мезгілінде ұйықтау, ата-ананы сыйлау- халықтық дәстүр, әдеп. біз осы адамгершілік қағидаларды сақтай білсек, ұлттық әдетті қорғай білеміз.

Ринат: Қарсы алдымнан шыға келсе үлкендер,

Қашан да мен үлкендерге жол берем.

Абайсызда қалса біреу сүрініп,

Сол мезетте сүйініш боп қол берем.



Асар: Өзгелерден өзімді

Санамаймын жоғары

Артық айтып сөзімді

Желпінгенім жоқ әлі.



Мұғалім: Әдепті, ақылды бала қандай болу керек екенін мына өлең жолдарын тыңдайық.

Арайлым: Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егерсен жалқау болсаңтілазар,

Ондай қылық жақсылыққа жатпайды.



3) Ақыл әліппесі:

Жанарыс: Ата-ананың тілегі

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенің.



Станислав: Әдептілік дегенің

Әрқашан да керегің.

Әсемпаздық дегенің

Әуре-сарсаң әлегің.



Насихат: Тәртіпті бала сүйеніш

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш

Төмендеп басың кетеді.



Арайлым: Іштарлыққа жол берме,

Бақталастық білдірме.

Мақсат қоймай алдыңа,

Қыдырып құр қаңғыма.

Сыйла үлкен кісіні

Қамқорлыққа ал кішіні.



Мұғалім: Жақсылық жасау- адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге,жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Жақсылық жасау – жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игшілік жасаутарқылы мейірімділік таныту.

4) Ізеттілік әліппесі.



Алихан: Атам менің әрқашан Азат: Атам менің әрқашан

Кішіпейіл бол деген. Бол дейтұғын бауырмал.

Ақыл сөзі санамда Мынау байтақ ғаламда

Мақтанбауды жөн көрем. Қаншама дос, ауыр бар.



Мұғалім: Адамда асыл, игі қасиеттермен қатар жағымсыз жаман қасиеттері де болады. Олар қандай қасиеттер? ( Ызақорлық,қызғаншақтық,жалқаулық, ұрлық, өтірік айту,ұқыпсыздық, өзімшілдік ).

5) Слайд көрсетіледі. Сурет бойынша әңгімелету.

Сондай ақкүнделікті өмірде қолданылатын сиқырлы сөздер де бар, біз оны жиы айтамыз.



Сиқырлы сөздер:Қайырлы таң! Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз! Рұқсат етіңіз, рақмет,кешіріңіз.

Оқушылардың орындауында «Жас дәуірдің түлегіміз» әні.

Енді біз әдепсіз балалар туралы тақпақ айтайық:

Бекзат: Кеше ғана қадалған, Ринат: Ілгек түйме жұлынып

Өміртайдың түймесі. Кешке дейін алысар.

Орнында жоқ апыр-ай! Әркімге ір ұрынып

Қайда кеткен, бұл несі? Құспен, шаңмен жарысар.



Насихат: Етек кетер салақтап, Жанарыс: Шашы түсіп көзіне,

Бос жүрісен далақтап. Түсінбей ақыл сөзіне

Дұрыстап сабақ ұқпайды, Мұғаліммен таласар

Өз бетімен алақтап Дәлел тауып өзіне.



6) Сұрақ-жауап.

-Балалар біз жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру үшін үлкендердің ақылына құлақ түреміз.



1. Адамға ақыл беретін кімдер? ( ата-ана, дос, ұстаз)

2.Адамның ақылы қайда?

Рамазан: Ханнның ақылы тағында,

Әкімнің ақылы жанында,

Ғалымның ақылы басында,

Ананың ақылы жасында,

Жігіттің ақылы жақсылығында,

Ақымақтың ақылы кім көргеннің қалтасында.



3.Дос табу оңай ма?

Өмірде ақылдыға дос тау қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп. Ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ.Жақсылығы жоқ адамның қастығы аяқ астында жатады.



4.Үйдегі алтын қазық кім?

Үйдегі алтынқазық – ана. Ана ақылды болса, ала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәриесі ұлғаүдгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың.



5. Өмір сүру үшін не қажет?

Адам өмір сүруі үшін –су, от,тұз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді,от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, ақыл –мәнін береді.



6. Достықты нығайтатын не? Достық пен жолдастықты нығайтатын ынтымақ, ірлік, теңдік, бауырмалдық. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рақмет те айта алады. Жөн сөз көңіліңді көтереді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді.

7.Мақал – мәтелдерді жатқа айту.

- Балаларосы бүгінгі тақырыпқа байланысты кім қандай мақал мәтелдерді біледі? Соны тыңдап көрелік.

Оқушылар кезекпен кезек өздері жаттаған мақалдарды айтады.

8. Ырымдар мен тыйымдар.

Тыйым сөздер арқылы үлкендер жаман әдет, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.



  1. Үлкеннің жолын кеспе, сөзін бөлме.

  2. Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.

  3. Дастарқанды, тамақты баспа.

  4. Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.

  5. Үйге жүгіріп келме, үйде ысқырма.

Қорытынды.

Сонымен балалар, әдептілік., үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, бүгінге тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр.


Үлкенге иман керек,

Кішіге иба керек.

Адамдар бірін-бірі

Құрметтеп сыйлау керек.

- Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!


Жаңаталап орта мектебі

Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет»

( Ашық тәрбие сағаты)



Өткізген: Уразова Ж.Ж..

2012-2013 оқу жылы




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет