Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үнтаспадан ҚР әнұраны тыңдалады. Шаттық шеңбері: Оқушылар шеңберге тұрып (бірге)



Дата28.01.2018
өлшемі31,86 Kb.
#35442
түріСабақ
Қазақстан-менің елім.

Оқыту мен тәрбиелудің міндеттері:

1.Оқушылардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту;

2.Елорда туралы мәліметтер беру;

3.Отанын сүйуге тәрбйлеу,туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру,потриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі:Қазақстан картасы,еліміздің рәміздерінің суреттері,Қазақстан туралы суреттер мен буклеттер, қазақстанда өсетін өсімдік түрлерінің кеппешөптері(гербарий),жүрекшелер,үнтаспа.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Үнтаспадан ҚР әнұраны тыңдалады.

Шаттық шеңбері:

Оқушылар шеңберге тұрып (бірге):

Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан-үлкен,

Қазақстан туған ел.

Мұғалім.Бүгінде Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылып отыр.Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері 120-дан астам тату-тәтті өмірсүріп жатыр.Сіздер қазақ елінің ең жас ұланысыңдар. Өзжерімізді,елімізді,Отанын қорғаған ағаларымыз, апаларымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіспіз.№1слайд:қазақ батырларының суреттері.(Ә.Молдағұлова,Б.момышұлы,Қ.Рұсқылбеков,Л.Асанова және т.б.)

Қазақстан жері өте бай.Еліміздің жерінен мұнай,көмір,минералдар,алтын,түсті металдар және тағы басқа қазба байлықтар шығады.Қазақстан Республикасында 14 облыс бар.(ҚР картасы нан көрсетіледі).

1-оқушы.Абай туған Сәкен туған,

Құрметте,достым, қазақтың жерін,

Қамбаға жылда мол астық құйған,

Қазақстан Республикам менің!

Қазақстан Республикасының астанасы-Астана қаласы.

№ 2:Бәйтерек суреті.

Балалар, бұл Бәйтерек самұрық құстың алтын жұмыртқасын аспанға көтерген алып киелі ағаш- бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған ұлы мақсат көрінісі.

№3слайд. Пирамида.

Пирамида-әлем кереметінің бірі.Зорлық пен зомбылықтан бас тарту нышаны ретінде есептелінеді.

№4 слайд:Хан шатыры.

Хан шатырының аумағы 1млн 700шаршы метр,биіктігі 150метр,7қабаттан тұрады.

№5слайд:Ақ орда.

Ақорда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мәжілістері өткізетін және Республикамыздың ең маңызды ғимараты.,

2-оқушы.Алтыншы шілде-Астана күні

Жадынан, шырақ ,тастама мұны.

Жаңа шаңырақ көтеріп биік.

Жаңа дәуірге бастама күні.

3-оқушы.Астанадан тарайды елге бақыт шуағы.

Астана-бейбітшілік пен достық классы.

Өркенде өолей бер,төрлей бер,арайлы ақ орда Астана!

4-оқушы.Елбасы арқасында ел жаңарып,

Арқаңа Астанадай қала тұрды.

Сергіту сәті«Кім жылдам?»ойыны.

(Сұраққа жауап берген әр оқушы жұлдызша жинайды)

Қазақстанның ақша бірлігі(теңге)

Қазақстан астанасы(Астана)

-ҚР рәміздері (ту,елтаңба,әнұран)

Тұңғыш қазақ ғарышкері(Т.Әубәкіров)

ҚРмемлекеттік тілі(қазақ тілі)

-Қазақтың ұлттық киімдерін ата(камзол,тақиа,мәсі,бкшрент,бөрік,шапан)

-Астананың бұрынғы атауы (Ақмола)

-Қазақтың ұлтық тағамдарын ата (бесбармақ,бауырсақ,қазы-қарта,құрт,май т.б.)

-Қазақтың ұлттық ойындары(асық,көкбар,қазақша күрес,тоғыз құмалақ)

-Қазақтың жаңа жылы(Наурыз мейрамы)

-Қазақтың бұрынғы астанасы(Алматы)

ҚР тұңғыш президенті (Н.Ә.Назарбаев)

-Тәуелсіздік алған күн (16 желтоқсан)

Мақалдарды аяқтау

Отансыз адам...(ормансыз бұлбұл)

Ердің көркі-ерімен...(Отан көркі-жерімен),

Отан елдің анасы...(Ел ердің анасы).

Отан...(оттан да ыстық)

-Арың үшін алыссаң-өлмейсің...(Отан үшін отқа түс-күймейсің).

Жүректен жүрекке:балалар жүрекшені бір-біріне ұсынып Отанға арналған өз тілектерін (Мен Отанымды көзімнің қарашығындай қорғаймын,

Мен үшін Отанымнан ыстық еш нәрсе жоқ,

Мен Отанымды гүлденуіне өз үлесімді қосамын,



Мен Отанымды сүйемін,

Мен Отанымды әлемге танытамын...) айтады. «Атамекен»әні орындау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет