Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі.
Мақсаты:
1.Оқушыларды бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуына және пәндік бейімделуге көмек көрсету;
2.Жаттығуларды орындауда оқушылар бастауыш сынып кезіндегі жағымды сәттерді өздерінің табыстары мен жетістіктерін естеріне түсіру;
Әдіс-тәсілі: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тренингтер.
Көрнекілігі: бейнетаспа, интербелсенді тақта, суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Сәлемдесу.
Психологтың «5 сынып оқушысы» атты тақырыпта кіріспе сөзі.
Оқушылардың ойларын тыңдау, салыстыру.
Бастауыш сыныпта өткен қызықты шақтар. Топпен отырып оқушылар өз ойларын жинақтап, ортаға салады.
№1 тапсырма. «Ой қозғау»
Оқушыларға есте сақтау қабілетін дамыту тапсырмалары орындатылады.
Мысалы:
1.Жапырақ, қарлығаш, қалам, дәптер,қуыршақ.
2.Сауысқан, дүкен, көктем, ағаш, алма.
3.Мектеп, дала, бор, кітап, гүл.
Оқушылар осы айтылған сөздерді орындарын ауыстырмай тез арада айтып шығулары керек.
№2 тапсырма. «Көру арқылы есте сақтау»
Балалар сурет бойынша мини шығарма жазады.
Мысалы: «Күз кереметі», «Біздің сынып».
№3 тапсырма. Суреттердің айырмашылықтарын табу. (қарындашпен белгіле)
№ 4 тапсырма. Оқушыларға «Жүректен-жүрекке» атты жылы лебіз білдіру тренингі ұйымдастырылады. Әр оқушы бір-біріне жылы лебіз, тілектерін білдіріп, сұрақтар қояды. Жауап беру арқылы жалғастырылады.
Талдау.
1.Көңіл-күйі
2.Алған әсері
Қорытынды:
Бесінші сынып оқушыларының қоршаған ортаға бейімделуі Бесінші сынып ата-аналары балалардың бейімделу кезінде олардың оқуды өз күшімен немесе ата-анасының көмегімен жетілулеріне үлкен көңіл бөлгендері дұрыс. Бесінші сыныпта оқу шарттары түбегейлі өзгереді: балалар бір негезгі мұғалімнен сынып жетекші жүйесіне көшеді – пән мұғалімдері, сабақтар әр кабинеттерде өтеді. Кей кезде балалар бір мектептен екінші мектепке ауысады (мысалы гимназияға түседі), ол жақта жаңа мұғалімдерден бөлек жаңа сыныптастьары болады. 10-14 жасқа толған балалардың бейімделу ерекшеліктері 5-сынып оқушысы үшін ең қиын кезең – ол өзінің үйренген бір мұғалімінен кетіп бірнеше мұғалімдермен байланысу болып табылады. Үйренген стереотиптер, баланың өзін-өзі бағалау бұзылады – себебі оны енді бір емес бірнеше мұғалім бағалайтын болады. Әрине егер мұғалімдердің іс әрекеттері үйлесімді түрде жүрсе жақсы, ол балаларға жаңа жүйеде қарым – қатынастарға, әр пәннен қойылған әр түрлі талаптарға үйренуде қиындық туғызбайды. Бастауыш сынып мұғалімі келесі (5-ші) сыныпқа өткен сынып жетекшісіне әр баланың барлық ерекшеліктері туралы айтып беретін болса тіптен жақсы. Әр бір ата-ананың міндеті, ол сіздің сыныпта жұмыс жасайтын барлық мұғалімдермен танысу, осы жастағы балаларда мектепте және мектептен тыс туатын қиындақтар туралы сұрақтар шеңберіне ену. Осы кезеңде қаншалықты көп мәлімет алатын болсаңыз, соғұрлым балаңызға көмегіңіз көбірек тиеді. Бастауыш буыннан орта буынға өтудің қандай жақсы жақтары бар? Психологиялық тұрғыдан қарағанда баланың тұлға ретінде жетілуінде қандай пайдасы бар? Біріншіден балалар өздерінің күшті және әлсіз жерлерін біледі, өздеріне басқалардың көзімен қарауды үйренеді, араласатын адамдар арасында өздерінің мінез-құлықтарын жағдайға немесе адамға байланысты өзгертуге үйренеді. Сонымен қатар осы кезеңде басты қауіп туғызатын жағдай ол оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі. Көп ата-аналар балаларының оқығысы келмейтіндеріне, оқуы үшке төмендеп кеткендігіне және оларды ештеңе қызықтырмайтынына шағым айтады. Әрине бұл толғандырады! Жасөспірімдер жасы ең алдымен қатынасатын ортаның қарқында өсуімен, әлеуметтік тұрғыдан өз тұлғасын таба білумен тығыз байланыста, балалар шынайы ортаны мектептен және сыныптан тыс игереді. Сондықтан осы қиын жағдайда ата-аналардың көмегі қажет. Балаларыңыздың құрбы достарымен танысып, оларды қонаққа шақырып, олардың қызығушылықтарына қөңіл бөлгендеріңіз дұрыс болады. Бұл жаста әдетте сыныпта қызығушылықтары бөлек жеке топтар қалыптасады. Солардың қайсысына сіздің балаңыз тартылады? Неге? Әрине оқушыны міндетті түрде бақылаған дұрыс, әсіресе алғашқы 1-2 ай бойы. Бірақ қандай жағдай болса да «жақсы оқушы» және «жақсы адам» деген ұғымды шатастырмау керек, жасөспірімнің жеке жетістіктерін оқудағы жеке жетістіктері деп бағаламау керек. Егер баланың оқу үлгерімі жағынан мәселелер туындап жатса және оған көмек беру де қиын болып тұрса, онда оған осы кезеңде өзін басқа жағынан көрсетуге мүмкіншілік беріңіз. Ол өзін құрбыларының алдында көрсете алатындай жағдай болсын. Оқу мәселелеріне үлкен көңіл бөлу, екілік алған жағдайда ұрыс-керіс шығару мұндай жағдайлар көбінесе балаңыздың сізден алшақтауына әкеліп соғады. 10-11 жастағы оқушылардың тағы бір ерекшелігі, ол оларда өзіндік қасиеттерінің өсуі. Бір жағынан бұл баланың өз бетімен сіздің көмегіңізсіз әрекет етуіне көмек болады, әсіресе тұрмыстық жағдайларда. Бірақ дәл осы өз сенімділіктерінің арқасында балалар әр түрлі эксперименттерге барады, ал кей кездерде бұл өміріне қауіп тудыратын жағдайлар да болуы мүмкін. Бұл жаста көп балалар нашаны да байқап көреді, олардың күдікті таныстары пайда болады. Дәл осы кезеңде жасөспірімнің бос уақыттары қалмайтындай жоспарлаған дұрыс. Баламен БІРГЕ отырып қандай да бір үйірмелерді таңдаңыз, оның құрбыларының қайсысы онымен бірге болатынын біліңіз. Мақтанышпен және үреймен Қазіргі кезде бастауыш буыннан орта буынға өткен кезең баланың балалық шағының аяқталу кезеңімен дәл келеді. Тәжірибеде көрсетілгендей көп балалар бұл қадамды өзінің өмірінде ең маңызды қадам деп санайды. Олар енді «өздерінің кішкентай» емес екендеріне мақтанышпен қарайды. Әр түрлі талабы бар, әр түрлі мінезді, әр түрлі қарым-қатынас стилдерімен бірнеше мұғалімнің пайда болуы олардың есейгендерін көрсетеді. Олар ата-анасына, өзінен кіші інісіне, достарына «Мейрімді математика мұғалімі» немесе «Қатал тарих мұғалімі» туралы үлкен мақтанышпен айтады. Одан бөлек көп балалар өздерінің жаңа жағдайларын мектеп өмірін жаңадан бастау деп түсінеді. Бастауыш буыннан орта буынға өту бұл адамның психикасына ауыртпашылық жүктеумен байланысты. Психологиялық және психофизиологиялық зерттеулер дәлелдегендей, 5 сыныпқа көшкенде оқушылар жаңа жағдайларға үйренулері 1 сыныпқа келген үйрену кезеңімен сәйкес келеді. Оқу шарттарының аяқ асты өзгеруі, алуан түрлілік, оқушыға әр түрлі мұғалімдер қойған талаптардың өзгеруі, тіпті бастауыш буындағы «үлкен» позициясы орта буында «ең кішкентай» позициясына ауысу – мұның бәрі оқушының психикасына үлкен ықпалын тигізеді. Талаптардың келіспеушілігі Бейімделу кезінде балалар айтарлықтай үрейлі, жасқыншақ немесе керісінше әдепсіз, шектен тыс шуылдақ, күйгелек болулары мүмкін. Жұмысқа деген қабілеттіліктері төмендеп олар ұмытшақ және ұйымдастырылмаған болады. Кей кездері ұйқылары бұзылып, тәбеті қашады. Мұндай фнукционалды қарым-қатынастар 70-80% оқушыларда болады. Көп балаларда мұндай ауытқулар көп жағдайларда оқудың басталғанынан кейін 2-4 аптаның ішінде кетеді. Дегенмен кейбір балаларда бейімделу үрдісі 2-3 айға дейін немесе одан көп созылады. Бейімделу кезеңі баланың ауруымен байланысты болып келеді. Мұндай аурулар психологиялық мінез-құлықты болады. Бейімделу кезінде балаға тыныш жағдай қамтамасыз ету керек, нақты тәртіп, бұл жағдайда бала өзін қолдайтынын білуі қажет. Бейімделу кезеңі ұзаққа созылған жағдайда, сонымен қатар өте көп функционалды ауытқулар болған жағдайда психологтің көмегіне жүгінген дұрыс. Баланың орта мектепке деген бейімделуін не қиындатуы мүмкін? Бұл ең алдымен әр түрлі мұғалімдердің талаптарының қарама-қайшылылығы: математика дәптерінде сызық екі жағында болу керек, ал орыс тілі дәптерінде бір жағында, шет тіліне 3 дәптер арнау қажет және оның үшеуі де әр түрлі жүргізіледі; тарих пәнінің мұғалімі оқушы кітаптағы мағлұматты ұстануды сол бойынша сабақты айтқанын талап етеді, ал әдебиет пәнінің мұғалімі өз пікірін айтқаны үшін мақтайды. Осындай ұсақ-түйек мәселелер оқушылардың жағдайын қиындатады. Ата-аналардың көңілін осындай келіспеушіліктердің оң жағына аударған дұрыс. Оқушы осындай көптеген талаптардың арасына біріншіден келеді, егерде ол осы талаптарды ескеріп, оларды жеңе білсе, онда ол ересектер өмірінде қажетті ептілікке ие болады. Сондықтан ата-аналар балаларына бұл ерешеліктердің қандай байланысы бар екенін түсіндіргені дұрыс, жасөспірімге туындаған мәселелерді жеңуге көмек беруі керек (сабақ кестесін талаптарға сәйкес құру). 5 сынып оқушыларында қиындықтар әр сабақтың қарқынына бейімделу кезінде және әр мұғалімнің сабақты беру кезінде болуы мүмкін. Еркіндік немесе жалғыздық Оқушылардың мұғалім қолданатын және оқулықта кездесетін терминдерді дұрыс түсінгені абзал. Қазір неше түрлі арнайы мектеп сөздіктері бар, бірақ оларды бала түсініп оны дұрыс қолдана алса жақсы. Сөздерді нақты немесе толықтай түсінбеу мектеп материалын дұрыс түсінуге кедергі келтіреді. Алғашқы кездері оқушылар ата-анасының көмегіне мұқтаж болады, үй тапсырмасын орындау кезінде, орта буында оқу кезінде кездесетін қиыншылықтарды жеңу кезінде де. № 62 мектеп-лицейінің психологі: А.Т Адилбекова Бесінші сыныптарға арналған бейімделу сабақтары Жеке тұлға – біреудің сыры, Махаббат – екеудің сыры, Ал жалпы ұжым тарихи организм, мәңгі өзін тұлға ретінде бекітуге ұмтылған – бұл бір, екі немесе үшеудің де сыры емес, бірақ бүкіл адамзаттың құпиясы А.Ф.Лосев. Мақсаты: Балалар сыныпта өзара достық қарым – қатынастаболуы үшін, өзара жәрдемдесу, сенімділік, тілектестік және ашық әңгімелесуі үшін жағдай жасау. Міндеттері: 1. Әр оқушымен жеке түйісу арқылы өзінің сыныптастарының қолдауымен пайдалана алуды және басқаларға жәрдем беруді қалыптастыру. 2. Балаларға жеке тұлғасын қалыптастыру үшін өмірге деген қызығушылық арқылы қалыптастыру. 3. Айналадағылармен бірге қызмет істеу арқылы қарым-қатынасқа түсуді қалыптастыру. 4. Өзін қабылдау және өзінің күшті жақтарын негіздеу қасиеттерін қалыптастыру. Құрал-сайман: әр түрлі суреттері бар жапсырмалар топтамасы, көгілдір түсті ғаламшардың суреті бар ватман, жұлдыздар, материктердің үлгілері, магниттердің топтамасы, магнитофон, аспапты музыкалық кассета, жұмсақ ойыншық, «Мінез ерекшелігі» жадынамасы. Сабақ барысы. Психолог: Бүгін мен сендерде сабақ өткіземін, демек бір-бірімізді түсініп бізге бөлінген уақытты қызықты ғана емес пайдалы да етіп өтеміз деп сенемін. Қане жақынырақ танысайық. Щеңбер құрып тұрыңдар. Қазір біз шеңбер бойымен жұмсақ ойыншықты бір-бірімізге береміз. Ойыншықты алып өз аттарыңды және нені қатты жақсы көретіндеріңді, өздеріңнің хоббилеріңді айтыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |