Сабақтың бөлімі: Сабақтың тақырыбы: Мәдениет: тіл және қарым -қатынас Ана тілі ұлт байлығы



бет4/7
Дата08.02.2022
өлшемі1,3 Mb.
#117637
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5-сынып 2-сабақ қазақ тілі

Оқылым кезіндегі тапсырма:
1. «Ана тілі» атты өлеңді түсініп оқы.
2. Оқылым барысында сіз болжаған түйінді 3 тірек сөзбен өлеңнің негізгі ойын салыстырыңыз (Өз бетінше жұмыс).
3.Оқу барысында таныс емес сөздердің астын сыз (Мұғалім жетекшілігімен топтық жұмыс).
Ана тілі
Ана! - десем, ана тілі ойға оралар,
Баладай қуанарсың тойға барар.
Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл,
Олжам да қанжығама байлап алар.

Тере білсек бір-бір ауыз қара өлең,


Неше миллион інжу-маржан шамамен?!
Қанша гүлден қазақ тілі бақшасы,
Қандай дана өлшер қандай бағамен?!

Ерке тіл,еркелеткіш тілім – кенім:


Еркежан, айналайын, күнім менің,
Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым.
Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің!

Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым,


Өміршең өзіміздің тілден таптым.
Тіл екен жемістісі, жұпарлысы,
Аялап халық баққан гүл мен бақтың.
(Мұзафар Әлімбаев)
Дескриптор:
1.Мәтінді түсініп оқиды.
2.Оқылым барысында сіз болжаған түйінді 3 тірек сөзбен өлеңнің негізгі ойын салыстырады.
2. Топ болып таныс емес сөздің мәнін ашады (Мұғалімнің қолдауымен)
ҚБ: «Өзара бағалау»
Мұғалімнің тиімді кері байланысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет