Сабақтың әдіс тәсілдері: сто стратегиялары, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, іздену, жоба



Дата28.01.2018
өлшемі31,08 Kb.
#34708
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Жері байдың –елі бай.

Мақсаты:


Оқушыларды туған елінің байлығымен жан - жақты таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту;

Оқушыларды іздендіру арқылы шығармашылық қабілетін дамытып, күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыландыру.

Өз Отанын, елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері:СТО стратегиялары, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, іздену, жоба.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақ барысы

Ι.Ұйымдастыру кезеңі.

Треннинг «Уақыт»

1) сәлемдесу, топқа бөлу, сарапшыларды тағайындау.

1-топ - Географтар.

2-топ- Тарихшылар.

Оқушылар арасынан әр топтың сарапшысы тағайындалады. Ол сабақ соңында оқушылардың білімін бағалайтын болады.

2) психологиялық дайындық

Оқушылар өзін – өзі таныстырады..

«1» мен «2»-ні алмаңдар,

«3»-ке алданып қалмаңдар,

Кілең «4»-ке оқитындар

«5»-ті ғана армандаңдар.

ΙΙ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.


  1. -Ал енді, балалар, сабақтың тақырыбы мен мақсатын білу үшін біз мына сөзжұмбақты шешеміз.

1. «Город» сөзі қазақша.

2. Столица.

3. Көктемде қандай мереке болады? (Наурыз)

4. Қостанай перзенті, ақын. (Ыбырай)

5.Космодром. (Байқоңыр)

6. Қазақстан - біздің (отанымыз)

7.Біздің мемлекетіміз қандай? (бай)

8. Мемлекеттік рәміз. (Әнұран)

-Ал, енді қандай сөз шыққанын көрейік.

-( Қазақстан)

- Сонымен біз бүгін не туралы әңгімелейміз?

-(Қазақстан туралы, табиғаты, байлығы туралы.)

2) Сөздерді қайталау.

-Ал онда Қазақстан тақырыбына қатысты сөздерді қайталап өтейік. Әр топ өзіне қатысты сөздерді ғана атайды.

Суреттердің астында сөздердің аудармасы жасырылған.

(Елбасы, Астана, орман , тау, өзен, ескерткіш, ұлы ақын,Ту, Елтаңба, Әнұран, құстар, жануарлар.)

ΙΙΙ.Жаңа сабақ.


  1. Сөздік: көмір, мұнай, темір, алтын, мыс, ақ мақта, мыс, пайдалы қазбалар.

  2. Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, сөйлемдерді толықтыру.

(Әр топ атауына байланысты өзіне қатысты сөйлемдерді теріп жазуы керек.)

Қазақстан – (наша Родина). 16- желтоқсан – (День Независимости). Қазақстанның (природа) тамаша, жері кең әрі бай. Мұнда асқар тау да, (река) де, көл де бар.

Біздің елімізде (полезные ископаемые) мол. Нұрсұлтан Назарбаев – (первый президент). Қарағанды (уголь) береді. Қостанай –астыққа бай өлке. Қостанай облысында (железная) рудасы мол. Қазақстан – тәуелсіз (государство).

Оңтүстікте (хлопок) өседі.Алматы облысынан (Золотой человек) табылған.



  1. «Ойлан, тап» ойыны.(Құстар мен аңдардың , табиғат көріністерінің суреттері).

  2. Бейнесұрақ.

-Балалар, біздің сабағымызда бейнесұрақ бар. Ол сұрақты қоятын Затобол мектеп- гимназиясының үздік оқушысы, «Тіл шамшырақтары» байқауының жеңімпазы – Лыгановский Вадим.

(- Менің атым –Лыгановский Вадим. Менің тапсырмам - Отан туралы мақал-мәтелдерді айтыңдар.)



  1. Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықта.

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.

Лисаковск қаласы Қостанай облысында орналасқан.

Елімізде пайдалы қазбалар аз.

(Данияр) Алматыда турады.

Көмір, темір, алтын – жануарлар.

Лисаковск қаласы тауларға бай.

Жылқы, қой, сиыр Қостанай облысында жоқ.


  1. РАФТ стратегиясы.

ΙV.Екі топқа шығармашылық жұмыс беріледі.Олар өз жобасын қорғайды.

(Географтар да, тарихшылар да «Қазақстан байлығы» деген тақырып бойынша өз жобасын қорғайды..,

пайдалы қазбалар мен табиғат байлықтарының суретін салуы мүмкін немесе өлең, шығарма жазуы мүмкін..)

V.Үйге тапсырма: сұхбат құрастыру



VΙ. Бағалау. Рефлексия.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет