Сабақтың тақырыбы:Ы.Алтынсарин .Кел ,балалар, оқылық!
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды өлең мазмұнымен таныстыру. Өлеңдегі негізгі идеяны ұғындыру; 2) Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Ойлау қабілетін дамыту; 3) Балаларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету.Білімді,ақылды,іздемпаз етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер.тақта,кітаптар, «Ойлан» кестесі, үнтаспа, мақал-мәтел, Ыбырай атаның суреті.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, ой қозғау, болжау әдісі,топпен жұмыс.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды төрт топқа бөліп, назарларын сабаққа аудару.
а) Біздің бүгінгі сабағымыз топқа бөлініп жұмыс істеу арқылы жүреді;
ә ) Мақалдарға назар аудару. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» , «Жеке жүріп жол тапқанша ,көппен жүріп адас» . Мақалдар арқылы халық топтық іс-әрекеттің жемісті болуы бірлікке байланысты екенін ертеден-ақ дәлелдеген;
б ) Топтық жұмыс ережесімен таныстыру.
ІІ.Қызығушылықты ояту.Үнтаспадан Ы.Алтынсариннің өлеңін тыңдату. Өлең туралы оқушыларға болжату.Оқушылардың пікірін тыңдау.
ІІІ.Мағынаны тану.
Ыбырай Алтынсарин жайлы білетін білімдерін еске түсіру.
-Сендер бұрын Ы.Алтынсариннің қандай шығармаларын білесіңдер? Кел.балалар,оқылық! Өсиет.Өзен. Өнер білім бар жұрттар.
Ендеше бүгін біз сол Ы.Алтынсариннің «Кел ,балалар ,оқылық! атты өлеңімен оқып танысамыз.
Ы.Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Торғай даласында туған.Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып ,атасы Балқожаның тәрбиесінде өседі.
1864 жылы 8 қаңтарда мектеп ашып ,онда мұғалім болады.
Қазақ балаларына арналған ана тіліндегі тұңғыш оқулық «Қазақ хрестоматиясының» авторы. Ы.Алтынсариннің қаламынан туған аудармалар, өлеңдер , мысалдар ,ертегілер оқырман жүрегімен жол тауып жатыр.
Оқулықпен жұмыс.
Топпен жұмыс.
І топ. Білімнің пайдасы туралы Ыбырай ата не дейді екен? Неге өлең Кел,балалар,оқылық! деп аталады.
ІІ топ .Өлеңнің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған ? ат қой.
ІІІ топ. Өлеңнің 2-ші бөлімінде ше? ІІ бөлігіне қандай ат қояр едің?
(Топтағы жұмыстарды арнайы уақыт бөлінеді. Пікірлерін тыңдау. 5-7 минут)
ІҮ.Сөздік жұмыс.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
1864 жылы мектеп ашты.
Сергіту сәті
Ү. Ой толғаныс.
Ыбырай шығармалары.
Бай баласы мен жарлы баласы.
Таза бұлақ.
Әке мен бала.
Асыл шөп.
Аурудан аяған күштірек.
Өрмекші ,құмырсқа,қарлығаш.
Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс.
ҮІ.Кубизм.
1.Алғашқы мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)
2.Ыбырай атаның ізбасарлары кімдер? (А.Байтұрсынұлы,С.Көбеев)
3.Қандай әңгімелерін білесіңдер?
4.Ыбырай әңгімелерінің тақырыбы қандай?
ҮІІ.Шығармашылық жұмыс.
Плакаттағы сөздерді пайдаланып мақалдарды дұрысжазу.
І топ.
1.Азбайдф,тозбайды,Ақыл,білім.
2.Білім ,бітеді,басқа,Қына,бітеді,тасқа.
Аты,өлмейді,жақсының,Хаты ,өлмейді,ғалымның.
ІІ топ. Ақыл азбайды,Білім,тозбайды.
2.Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
3.Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
ІІІ топ.Болашаққа болжам.
7.Табанды
1.Батыл 8.Әдепті
Мұғалім болсам...
2.Тапқыр 9.Төзімді
10.Талғампаз
3.Қарапайым 11.Әділ
4.Іскер
5.Меірімді 12.Биязы
6.Шыншыл
ҮІІІ.Үйге тапсырма.
Кел,балалар,оқылық! өлеңді түсініп оқу.ІІ бөлігін жаттау.Ыбырай ата ағашын бұтақтармен толықтыр.
ІХ.Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин .Малды пайдаға жарату.
Сабақтың мақсаты: әр оқушы өз алдына қойған мақсатқа жету үшін ізденеді.
Міндеттер: Мазмұнына байланысты міндет:
Мәтінді оқып танысады ,мазмұнын ашады. Кейіпкерлерді салыстырып ,айырмашылығы мен ұқсастықтарын сипаттай алады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндет:
Ұсынылған мәтінді оқып ,кейіпкердің ісіне талдау жасайды.Өзінің алға қойған мақсатына еңбек ету арқылы жететінін түсінеді.
Топтық жұмыс процесіне байланысты міндет:
Оқушылар бірін-бірі оқытады.
Мұғалім ролін атқарады.
Топтастарының сұрақтарына жауап береді.
Қорытынды шығарады.
Бағалау: 1. Топтағы қорытынды жауаптар.
2. Жазба жұмыстар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Өлеңді жатқа айтқызу.Ы.Алтынсарин туралы қысқаша мағұлмат айтқызу.
ІІІ.Қызығушылықты ояту сатысы: Ой қозғау.Балалармен «Ой ашар» ойыны ойнатылып , сабаққа деген қызығушылығы артады.Тақтаға салынған суреттер ілініп , болжау әңгіме құрастырылады. Мына суреттер бойынша:
(табиғат туралы сурет ілініп тұрады)
Не болады деп ойлайсыз?
|
Неге? Дәлелдеңіз.
|
Шын мәнісінде не болды?
|
|
|
|
Ол үшін әрқайсысыңыз өз бетінше жеке әңгіме құрап жазыңыз ,топ ішінде талқылап,әр топтың лидері шығып оқып берсін.
ІҮ.Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс.
Шын мәнісінде әңгіме не жайында болды , ол үшін ЖИГСО-1 стратегиясы қолданылады.
Жаңа мәтінмен таныспас бұрын сөздік жұмыс жүргіземін: мына сөздерді қалай түсінесіңдер?
Асырау,өсім,борыш,міндет,қанағат.
Малды пайдаға жарату мәтінін таратамын.Мәтін үш бөлімнен тұрады.Ол үшін оқушыларды үш топқа бөлемін.Әр бөлімді аяғына дейін оқып шығасыңдар.Яғни сендер зерттеуші топ боласыңдар.
-Енді сарапшылар тобын құрайық , әр бөлімді оқыған оқушылар топтасып,мәтіннің мазмұнын ашады. Қайтадан өз топтарына барып, бір-біріне мәтінді бөлім бойынша түсіндіреді.
Ортада қаламсап.
Әр топтан бір нөмірлі бала тақтаға шығады ,оған әр топтан сұрақтар қойылып ,жауап алынады.
Сергіту сәті
Ү. Ой толғаныс.
1.Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс.
Мәтіндегі кейіпкерлерді ата.
Үйшінің сөздерінен не түсіндің?
Үйші тапқан малын қайда жұмсайды екен?
«Борыш» сөзін басқаша қалай айтуға болады?
Үйші балаларын оқытып,асырап бағуға беретін ақшасын неге «өсім» деп атайды екен.?
Сен ата-анаңның еңбегін қалай ақтар едің ?
2.Әңгіме кестесі.
І-ІІ топтар
1
|
Әңгіменің аты
|
Кел,балалар,оқылық!
|
Малды пайдаға жарату
|
2
|
Әңгіменің,өлеңнің авторы
|
|
|
3
|
Кейіпкерлер
|
|
|
4
|
Әңгіме немен аяқталды?
|
|
|
5
|
Негізгі ойы? Не үйретті?
|
|
|
.
ІІІ топ.Сен ата-анаңның еңбегін қалай ақтар едің?
ҮІ.Сабақты қорытындылау.
ҮІІ.Үйге тапсырма.
Мәтінді оқып мазмұндау.
ҮІІІ.Бағалау
Сабақтың тақырыбы:Суретпен жұмыс.Ө,Тұрманжанав.Мектеп-біздің анамыз.
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды өлең мазмұнымен таныстыру. Өлеңдегі негізгі идеяны ұғындыру; 2) Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Ойлау қабілетін дамыту; 3)Оқушыларды білімді,ақылды,іздемпаз етіп тәрбиелеу.Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер.тақта,кітаптар, «Ойлан» кестесі, сюжетті суреттер,жыл мезгілдері суреті.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап , түртіп алу, әңгіме кестесі, көрнекілік стратегиясы, суретке қарап әңгіме құрау стратегиясы,ассоциация,салыстыру.
Сабақтың типі: аралас абақ.
Сабақтың барысы.
І .Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Малды пайдаға жарату.
Екі оқушы әңгімелейді.Қосымша оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылайды.
ІІІ.Қызығушылықты ояту.Суретпен жұмыс:
Достарыңызбен бөлісу: |