құрастыру сызбалары туралы жалпы мағлұмат беру, түрлерімен таныстыру, логикалық және кеңістік ойын дамыту, оқушыларды тиянақтылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
өзара біріктірілген құрама бөліктердің орналасуы мен байланысы туралы түсініктері қалыптасады.
Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқу құралдарын дайындайды.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақтағы материал сұрақтар қою арқылы пысықталады.
200-сурет
Оқушылар сабақ айтады.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
IV.Практикалық жұмыс:
V.Қорытындылау
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма
Құрастыру бөліктердің кескінін қамтитын, өзара біріктірілген құрама бөліктердің орналасуы мен байланысы туралы түсінік қалыптастыратын және құрастыруды, құрастырмалы бөлікті бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін құжат құрастыру сызбалар деп аталады. Бұйымның құрастыру сызбасы көріністерді, қималарды және тіліктерді қамтиды.
Оқулықпен жұмыс істеу. 203-суретте «Параллель бұрандалы қысқыш» бұйымның құрастыру сызбасы берілген. Тетіктерді верстакта қысып қою үшін, станоктарда тетіктерді желімдеу кезінде қолданылатын құралды бұрандалы қысқышдеп атайды. 204-сурет.
Сызбадан бұрандалы қысқыштың төрт тетіктен тұратындығын байқауға болады: тіреуіш ерін (1), жылжымалы ерін (2), тіреуіш винті (3), реттеуіш винті (4)
Құрастыру сызбада бұйым жергілікті тілікті қамтитын алдыңғы көрініспен сол жақ көрініспен берілген. Құрастыру сызбада габариттік, біріктіру және тағайындау өлшемдері қолданылады.
203-сурет.
Көріністердің құрастыру сызбасында орналасу ережелері қандай?
Құрастыру сызбаларында тіліктер мен қималар қолданыла ма?
Бұйым құрастырылатын тетіктердің аттары сызбалардың қай жерінде көрсетеді?