Сабақтың әдісі: түсіндіру,әңгімелеу, қимылмен көрсету, сұрақ-жауап, т б. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулық



Дата11.01.2017
өлшемі338,84 Kb.
#6676
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Әпкемнің сүйікті ісі. 4 сынып.

1) Білімділік мақсаты. Сауатты жазуға, қазақ тіліне тән дыбыстарды білуге үйрету. Сүйікті ісі жайында әңгімелей білуге үйрету. Тәуелдің жалғауы мен ілік септігі,  тұйық етістігін меңгерту.

2) Дамытушылық мақсаты. Жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру,жаңа сөздерді меңгерту. 

3) Тәрбиелік мақсаты. Оқушылардың бойына мәдениеттілік, әдептілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,әңгімелеу, қимылмен көрсету, сұрақ-жауап,   т.б.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулық. 

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, бейнелеу өнері.

 

САБАҚ БАРЫСЫ:



І. Ұйымдастыру:

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін қандай күн? Сабаққа дайынбыз ба?

-Оқушыларды түгендеу;

- Күннің ретін, тақырыптың атын жаздыру. Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Мәтінді мазмұндау.

ІІІ. Сөздікпен  жұмыс. 

Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріңе жазыңдар.

Сүйікті іс – любимое дело.

Дойбы ойнау – играть шашки

Атқа міну – кататься на лошадях

Сурет салу – рисовать

Еңбекқор – трудолюбивый

Аға – брат

Әпке-Старшая сестра

ІV. Жаңа сабақ.

Әпкемнің сүйікті ісі.

Ілік септігі – притяжательный 

Кімнің? Ненің?(чей, чье, чья?)

Жалғаулары:

Глас. и  М,Н,Ң+-ның/-нің

Ж,З,Р,Л,Й,У+-дың/-дің

Глух. и Б,В,Г,Д+-тың/-тің

 

Мысалы: Әпкемнің  сүйікті ісі – сурет салу.



                  Ағамның сүйікті ісі – атқа міну.

                  Інімнің сүйікті ісі – дойбы ойнау.

1 – тапсырма.

Мәтінді тақтаға жазамын, орыс тіліне аударыңдар.тәуелдік жалғауын табыңдар. Осы мәтіннен қазақтың төл дауысты дыбыстарын теріп жазыңдар.

Менің сүйікті ісім – кітап оқу. 

Анамның сүйікті ісі – қолғап тоқу.

Диманың сүйікті ісі – доп ойнау, сурет салу.

2 - тапсырма.

Диалогты рөлге бөліп оқыңдар

3-тапсырма.

Ойын:  тақтада бірнеше сөз жазылған, осы сөздердің ішінен артық сөзді сызып таста.

Ата, әже, әке, кітап, шеше, іні.

Алма, алмұрт, шие, қалам, өрік. 

4- тапсырма: Мәтінді оқы, мазмұнын айт.

Менің әпкем, інім бар. Інімнің сүйікті ісі – атқа міну, дойбы ойнау. Ал, әпкемнің сүйікті ісі – сурет салу. Ол көп сурет салды. Менің інім – дойбыдан жарыста бірінші орын алды. Ал әпкеммектепте сурет жарысынан екінші орын алды. Менің әпкем де, інім де еңбекқор. Мен оларды мақтан тұтамын. 

5-тапсырма. Диалогті досыңмен оқы.

Аға:   Сәлем, інім! Қалын қалай?

Әпке :  Сәлем, аға менің қалым жақсы.

Аға : жақсы, сен сабаққа сурет салып барасың ба?

Әпке : иә, менің сүйікті сім – сурет салу ғой. 

Аға : ал мен бугін дойбы ойнаймын.

Іні : сау бол, аға.

Аға : Рақмет, сау бол әпке.

 

Қорытынды.



Бүгінгі сабақтың тақырыбы не?

-Әпкемнің сүйікті істері.

- Сендерге бүгінгі тақырып ұнады ма?

- Несімен ұнады?

Бір оқушыны орнынан тұрғызып: 

- Сенің сүйікті ісің бар ма?

- Иә, менің сүйікті ісім – кітап оқу.

- Ал, Маринаның сүйікті ісі бар ма?

- Иа, оның сүйікті ісі – жүгіру, анасына көмектесу.

Үй тапсырмасы: мәтінді мазмұндау. Жаңа сөздерді жаттау.

Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойып көшіріп жаз.

Менің сүйікті істерім: сурет сал...,  жаз..., оқ.., сыз..., жүгір....  .

Бағалау:

4 сынып


Сабақтың тақырыбы: Жемістер.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жемістердің атауларын дұрыс атай және

ажырата алуға баулу.



Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау

қабілетін арттыру. Ауызекі сөйлей білуге ,топпен

жұмыс істеуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту,

сауатты жазу, оқуға дағдыландыру, тілдеріжаттықтыру



Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын қорғап,

оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік

әңгімелер жүргізу. Еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.


1слайд . Қызығушылықты ояту:

Қазақ тілім-өз тілім, дана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым қазақ тілім.

Өткенге шолу.

Сұрақ-жауап

Біз қай модульді аяқтадық?

-демалыс

2 слайд (Жыл мезгілдерінің суреті)

Бір жылда неше жыл мезгілі бар? Оларды атайықшы.

Бұл қай жыл мезгілі? ( қыс)

Қыс айлары? Қыста не болады?

Қысқы демалыста балалар не істейді?

Қыстан кейін қай жыл мезгілі келеді?

Көктем айлары? Көктемде не болады?

Үш ай бойы қай жыл мезгілінде демаламыз?

Жаз айлары?Жазда күн қандай ?

Балалар демалыста не істейді?

Сен демалыста қайда барасың?

Саған қай жыл мезгілі ұнайды? Неге?

Оқу жылы қай жыл мезгілінде басталады?

Күз айларын ата. Күзде күн қандай? Табиғатта қандай өзгерістер болады?

Бір аптада неше күн?

Біз қай күні демаламыз?

Сен демалыс күні не істейсің?

Жексенбі аптаның нешінші күні?

Бүгін аптаның қай күні?

Күздің қай айы? Қазанның нешесі?

Өте жақсы.Ендеше дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді жазып алайық

3слайд Суретпен жұмыс

Бұл не? -алма.

Алма неге жатады? - Жеміске.

Бұлар нелер? -Жемістер.

Жемістер қайда өседі? Ағашта, бақта.

Дұрыс. Бүгінгі сабағымыздың лексикалық тақырыбы.»Жемістер» деп аталады. Жазып алайық.



4Слайдка назар аударайық. Мұзафар Әлімбаевтің “Біз осылай өсеміз” өлеңі

Таулар көріп өсеміз,

Баулар егіп өсеміз.

Жеміс теріп өсеміз,

Жеңіскер боп өсеміз.

(Мұзафар Әлімбаев)

(Бір-екі оқушы мәнерлеп оқиды.Енді осы өлеңді бірінші,екінші,үшінші түрде оқып көрейік). Балалар біз не істедік? Яғни қандай тапсырманы орындадық. (жіктедік)

Дұрыс.Бүгінгі грамматикалық тақырыбымыз : Жіктік жалғауды қайталау.

Жазып алайық.

5 слайд Сөздік жұмысы.(тыңдау, оқу)


  • Бақ-сад

  • Алхоры-слива

  • Анар-гранат

  • Құрма-курма

  • Же-еш, кушай

  • Ек-посади

  • Суар-поливай

  • Күт- ухаживай

Өсір-выращивай

Осы сөздер сабақта сендерге өз пайдасын тигізеді деген ойдамын.

Ал енді сендер қандай жемістерді білесіңдер?

Көрнекілікпен жұмыс

6Слайд кезек-кезекпен жемістердің суреттері шығады

Оқушылар қай жеміс екенін айтады.

1Жемістердің адам ағзасына пайдасы бар ма?

2Жемістерде не бар?

Дәрумендер бар. (А,В,С,Д)

3Жемістер қашан піседі? (күзде)

Алманы көп жесеңдер түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады, шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді.
Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.
Банан қан мөлшерінің бір қалыпты болуы мен қан қысымының өзгермеуіне ықпал етеді. Сүйек, тырнақ, шаш өсуіне оң әсерін тигізеді.
7слайд Шығармашылық жұмыс ( сөйлем құру)


  • Керекті сөздер: бақ, жеміс, тәтті, піседі.

8слайд Жазбаша жұмыс.

Жақшадағы сөздерді аударып жаз.

Мен базардан (фрукты) сатып алдым. (Они) өте дәмді және пайдалы. Әжем маған екі (груши) берді. Ағам үш (яблоки) жеді.



9 слайд Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру.

Жеміс-адам үшін өте пайдалы. Жемісте дәрумен көп. Дәруменді орысша “витамин” дейді. “вита” латын тілінен аударғанда “өмір” деген мағынаны білдіреді. Жеміс ағашта, бақта өседі. Оларға күн шуағын себеді. Барлық жемістерде дәрілік қасиеті бар. Жеміс жеген адамның дені сау болады. Жеміс жесең, жетілесің!



Сұрақтар

Адам үшін не пайдалы?

Жемісте не бар?

Неде дәрілік қасиет бар?

Қандай адамның дені сау болады?

10 слайд Сергіту сәті.

Балалар, енді «Жүректен жүреке» жылы да шырайлы шеңбер бойына жиналып, 
бір-бірімізге жылы лебіздер айтайық.


11 слайд Өздік жұмыс Сөйлем құрап үйрен

Тапсырманың шарты: сөздерді жоғалтпау

1 Сөз.


2 Сөз тіркес.

3 сөзден құралған сөйлем.

4 сөзден құралған сөйлем.

5 сөзден құралған сөйлем.



12 слайд Тақтамен жұмыс
Жіктеу


Суар, өсір, ал сөздерін жіктеу

13 слайд Дұрыс па? Бұрыс па?

1Жемісте дәрумен аз.

2Жеміс ағашта өседі.

3Жемісте дәрілік қасиет жоқ.

4Алма жерде өседі.

5Лимонның дәмі тәтті.

6 Алмұрт-қышқыл дәмді жеміс.

7 Қазақстанда жеміс өспейді.



14 слайд Үйге тапсырма.

1 Жеміс атауларын білу.

2 Мәтін бойынша түсінгенін айту.

3 Жіктік жалғауларын қайталау



15 слайд Қорытынды

1 Сонымен бүгін біз не туралы өттік?


2Жемістер туралы.
3Олардың бізге пайдасы бар ма?
Бағалау. Сау болыңыз

4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Базарда.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа тақырып бойынша, окушылардың білімдерін арттыру. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту. Жаңа сөздермен таныстыру және оларды сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету. Ойын түрлерін жүргізу арқылы оқушылардың білім деңгейін байқау.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын толығымен жеткізе алуға және қойылған сұрақтарға нақты да дұрыс жауап беруге үйрету.
Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, өздерін дұрыс ұстауға, сыпайылыққа тәрбиелеу. Тілге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталау, аудару, грамматикалық ойын элементтері.
Сабақтың көрнекілігі:тақырыпқа байланысты суреттер, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
— Сәлеметсіздер ме балалар!
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қазір қыстың қай айы?
—бүгін нешесі?
— Бүгін аптаның қай күні?
II. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Тақтадағы суретке қарай отыра сабақтың тақырыбын ашу.(Тақтада базардың суреті бейнеленген).
— Балалар, суретте не бейнеленген?
-Базарға не үшін барамыз?
— Онда нелер сатылады?
— Ендеше, өздерің түсінгендей біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Базарда» тақырыбы.
(Сабақтың тақырыбын,мақсатын айту)
2. Жаңа сөздермен жұмыс.
Не киді? – что одел(а)?
Бас киім – головной убор
1. Тақтада жазылған сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
2. Оқушыларға тізбектетіп оқыту
3. Жіңішке, жуан сөздерді бөлек оқыту
4. Жаңа сөздерден сөйлемдер құру

3. Тақтадан «Базарда» тақырыбына байланысты суреттерді көрсету. Қай базарда ненің сатылатынын берілген суреттер бойынша анықтатып, жаңа тақырыпты түсіндіріп өту.


4.Тақтада жазылған сөйлемдерді аяқтау.
Базарда…, …, …, … сатылады.
Мен базарға шешеммен … алуға бардым.
Базарда дәптер мен қалам сатып … .
5. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
6.Оқулықпен жұмыс. 5-тапсырмада үлгі бойынша үш сөйлем жаздыру.
Мен кітап, доп сатып аламын.
Мен телефон, гүл сатып аламын.
Мен көйлек, туфли сатып аламын.
7. Оқулықпен жұмыс. 2-тапсырмадағы диалогты оқып, аудару.
— Кто это:
— Это – Сауле.
— Где Сауле?
— Сауле на базаре.
— Что купила Сауле?
— Сауле купила платье.
— Сколько стоит платье?
— Платье стоит 1300 тенге.
ІV. Сабақты қорытындылау
1.Оқушыларға «Тасталынған әріпті тап» грамматикалық ойынын өткізу.
Б…зар, д…кен, жейд…, ет…к, ой…ншық, к…йлек, ки…м, қанша т…рады?, шалб…р.
2. Қорытындылау үшін сұрақтар қою.
— Бүгін сабағымыздың тақырыбы қандай болды?
— Сабақ сендерге ұнады ма?
— Сабақта біз не істедік?
V. Үй жұмысы:
Сөздік жаттау. 4-тапсырманы жазбаша орындап, зат есімнің тәуелденуін қайталау.
VІ. Бағалау
VІІ. Сабақты аяқтау.

Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы: Саябақта.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:   Бау-бақшада өсетін жемістер мен көкөністер туралы мәлімет беру. Тілдесу әрекетіне бағыт жасау.

Дамытушылық: Сауатты оқуға, жазуға баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, тазалыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сурет бойынша жұмыс,  сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:   суреттер, оқулық

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сбақ.

   Тақырып бойынша жемістер мен көкөністердің адам өміріне, денсаулығына тигізетін пайдасы туралы түсініктер беру. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыра өткізу. 1-тапсырмадағы сурет бойынша сұрақ – жауап жасау.



1. Сөздікпен жұмыс.

2. Оқылым әрекетін тыңдалым әрекетіне ұштастыру мақсатында 1-тапсырмадағы мәтінді оқушыларға кезекпен оқыту. Мәтіннің мазмұнын түсіндіру. Оқу техникасын жетілдіру.

3. Қисынды ойлау, еске сақтау қабілетін дамыту үшін 2 – тапсырманы орындау. Бірнеше рет қайталап алған соң, оқулықты жауып, әр оқушы неше суретін атауын естеріне сақтағандарын тексеру. Оқушыларға қолдау көрсетіп, мадақтап отыру. Осы тапсырманы сауатты жазу дағдысын молайту мақсатында тақта алдында жалғастыру.

4. «Кім ең әдемі сурет салады?» атты жарыс ұйымдастыру. Суреттерді сараптап, ең әдемі суреттерді тақта алдына іліп қою.

5. Жазылым.

Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін жандандыра отырып, 3 – тапсырманы оқушылардың өз бетімен орындауларын қадағалау. Тапсырманы тексеру.



Сергіту сәті.

6.  Тілдесім.

Тілдесім әрекетін 4 – тапсырма арқылы жалғастыру. Суреттегі жемістер мен көкөністердің атауларын қайталап алған сон, оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасау.



7. Айтылым.

«Саябақ » тақырыбы бойынша (осы жыл мезгіліне байланысты) түсініктерді қалыптастырып бекіту үшін 5 – тапсырмадағы сурет бойынша сурет жасау. Айтылым әрекетін үй жұмысымен ұштастыру.



IV. Сабақты қорытындылау

а) күзгі жемістер мен көкөністердің атауларымен сөз тіркесін жасату;



ә) күзге байланысты атауларды жатқа қайталау.V. Үйге тапсырма. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Қысқы демалыс. 4 сынып.
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: тақырып бойынша жан - жақты мәлімет бере отырып, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сөйлесу, деңгейлік тапсырмалар, суретпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, интерактивті. тақта, суреттер
Күтілетін нәтиже: сын есімді меңгеру, қысқы демалыс туралы әңгімелей білу
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Фонетикалық жаттығу. Жаңылтпаш.
Қыста
Күн қысқа
Күн қыста
Тым қысқа

III. Лексикалық жаттығу. Жыл мезгілдері. Қыс айлары. сұрақ - жауап


IV. Ассоциация ойыны «Қыс», «Қысқы демалыс»

V. Сөздікпен таныстыру: Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрау
Демалыс - каникул
Өткіздім - проводил
Демалдым - отдохнул
Шана - санки
Шаңғы - лыжи
Тептім - катался

VI. Жұптық жұмыс. 88 бет 1 - тапсырма.
1. Сұхбатты оқу, аудару
2 Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру


Деңгейлік тапсырмалар орындау. Мақсаты: Бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергендерін тексеру.
ІІІ деңгей: 1. Демалыс сөзін жекеше, көпше түрде тәуелде.
2. Сөздіктегі сөздермен сөйлем құра.

ІІ деңгей: 1. Мәтін бойынша сұхбат құра. 2.«Қыс» тақырыбына 10 сөз жазып , олармен сөз тіркестерін құраңдар.

І деңгей, Балалардың қысқы демалысы туралы айтып беріңдер.

V. Жаңа сабақты бекіту: Тапсырмалар орындау
1. Берілген сөздермен сөйлем құра:
2. Демалыс сөзін септе.
3. Берілген сөздерге тәуелдік жалғауын жалғап жаз: демалыс, шана, шаңғы

VII. Үй тапсырмасын беру: жаңа сөздерді жаттау, «Менің қысқы демалысым» тақырыбына әңгіме жазу
VIII. Сабақты қорытындылау. Бағалау.
IX. Рефлексия жүргізу. 1. Қыс мезгілі саған несімен ұнайды?

Сабақтың атауы: Жазғы демалыс. 4-сынып
Жалпы мақсаттар: - Жаңа сөздерді меңгеру; Өзара бағалау арқылы тақырыпқа деген қызығушылықты арттыру; Тапсырманың түріне қарай сөздік қорды жаңғырту; Өзін-өзі бағалау арқылы білім деңгейін анықтау;
Зерделеу нәтижелері: Жаңа сөздердің алдағы сабақтарда немесе сөздік қорды байытуда керек екендігін білу; Тапсырмалардың дұрыс орындалуына мән беріп, зейін аудару; Өзара немесе өзін-өзі бағалау арқылы нәтижеге жетуді көздеу;

Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу;
- "Қысқы демалысты мен қалай өткіземін" эсселерін жинап аламын;
- Сыныпты жасыл, сары, қызыл гүлді пайдаланып 3 топқа бөлемін.
- Тілек айту (мұғалім оқушыларға, 4 топтан бір оқушыдан мұғалімге); мыс: Бүгінгі сабақ нәтижелі өтсін!
- Бүгінгі сабаққа қатысты "мақсат парағын" таратамын, партаның шетіне қояды. Сабақ соңында қолданады;
- Сабақтың күні, тақырыбын жазады; 4 мин

Іс-әрекеттер
1 әрекет
Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді әрқайсысы дәптерлеріне жазып алады. Жаңа сөздер
(4 сынып, "Қазақ тілі"оқулығы. 198-беттен алынған) интерактивті тақтада PowerPoint бойынша жасалған.
А4 форматтағы қағазға жаңа сөздерді пайдаланып топпен диалог құрау. Тапсырманы орындап болған соң парақтарын мұғалімге жинап беріп, әр топтан 2 оқушы шығып диалогты ауызша орындайды;
- Осы тапсырманың нәтижесін топ ішіндегі спикер бағалайды;
Бағалау критериилері:
- Жазбаша жұмыс кезіндегі қарым-қатынас;
- сөйлемнің дұрыстығы;
- Ауызша жұмыстың кемшіліктері мен жетістіктері; 15 мин

2 әрекет
А4 форматтағы тірек сызба бойынша жұбымен 1 сөйлем құрап шығару. Әр жұп тапсырманы орындап болған соң оқиды; Бағалау үшін тапсырманың тиімді жақтары мен қиындық туғызған сәттерін түсіндіру; 7 мин
Сергіту сәті "Қара жорға" биін билеу. Интерактивті тақтадан видео сюжетті көру арқылы.
4,5 мин
3 әрекет
Венн диаграммасы. "Қысқы демалыс" пен "Жазғы демалыстың" ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
"Джиксо" стратегиясы бойынша әр топтан бір оқушы шығып қалған топтарды аралайды. Тобына келіп талқылайды, ой қосады;
Бағалауды топ спикерлері жүргізіп, бағалау критерийлерін өздері құрады.
4 әрекет
Тақырып бойынша үш топ сұрақ ойластырады. Сұрақтың жауабы міндетті түрде суретпен салынуы керек. Әр топта өз сұрағын қоспағанда 2 суреттен шығу керек.
Әр сұраққа 4 мин уақыт беріледі. Тапсырма аяқталған соң топтан бір адам шығып топтарды аралап жауаптарын тексереді. Жауаптарына қарай әр топ спикері қалған топтарды бағалайды.
Бағалау критерийлерін өздері құрайды.
8 мин
Тапсырманы аяқтаңыз:
- "Мақсат парағын" алып топта бір оқушы оқиды. Мақсатқа жеткен, жетпеген жерлерін анықтайды; 2 мин
- А4 форматтағы қағазға маркер немесе фломастермен әр оқушы тобында кіммен қандай қарым-қатынаста болғанын смайликтер арқылы көрсетеді. Кіммен тығыз қарым-қатынаста болса қызыл, тіл табыса алмаса жасылмен белгілейді. Талқылайды. Не себептен тіл табыса алмағандары туралы айтады; 2 мин
- Бағалау;
Оқылымды аяқтаңыз
Үй тапсырмасы: "Жазғы демалыстағы менің бір күнім" тақырыбына эссе жазу.


Сабақтың  тақырыбы:      « Менің көшем» 4 сынып

 

Сабақтың мақсаты :  көшеде не бар еенін айта алуға, көшенің қандай екенін сиппатауға үйрету, сөздерді көпше түрде дұрыс қолдана алуға жаттықтыру.

 

Күтілетін нәтижес:

Пәндік: көшеде бар нәрселердің атауларын меңгерту, көшеде не бар екенін және көшенің қандай екенін айта алу, тақырып бойынша берілген белсенді сөздік қорды сөйлеу барысында қолдану.

 

Тұлғалық: қоршаған ортаға, өз көшесіне ұқыпты қарау.

Жүйелік әрекеттік: сабақ барысанда меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

 

Көрнекілікгі: жаңа технологияның элементтері арқылы жасақталған танымдық қбілеттерін арттыру бағытындағы жаттығулар, суреттер, конструктор.



Пәнаралық байланыс: аралас сабақ.

 

Әдіс тәсілдер: топтық, сұрақ- жауап, іздендіру, ой шақыру, көрнекілік әдістер.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а. Амандасу

ә. Алақан – балалардың қызығушылықты ояту сатысы.

- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы Менің көшем. Көптік жалғау.

Сынып 3 топқа бөлінеді.

Сабаққты бағдыршам арқылы бағалаймыз, жасыл түс – 5, сары түс – 4, қызыл түс – 3.



1 аялдама.

Мынау – көше. Көшемен байланысты сөздерді айтып бер және көптік жалғауларды жалғастыру.

                        Машина+лар   аялдама+лар    бағдаршам+дар    үй+лер   ағаш+тар   

                        дүкен+дер     автобус+тар   көше+лер.

 

2 аялдама.

Мәтінмем жұмыс –көптік жалғауы бар сөздерді теріп жаз.

 

Айдын хайуанаттар бағына келді. Бақты аралап, алуан түрлі аңдарды көрді. Оған маймылдар, аюлар, түлкілер, барыстар ұнады. Ол аңдардың тор ішіндегі қимыл- қозғалыстарын қызықтап ұзақ қарады.



3 аялдама.

 Суретке сәйкес сөздерді жа  Машина  алма  бағдаршам     үй

   

                                              кітап    аялдама   кітап   доп  ата 



                                              мектеп  көше  балық әже  театр

 

4 аялдама.

Сөйлемді дұрыс – құра.

 

 1. Абай, көшесі, Мынау -  



 2. көшесі кең, Абай, ұзын. 

 3. аялдама, бар, Көшеде.

 4. әже, тұр, Аялдамада.

 

Сергіту сәтті.

 

5 аялдама.
Сұрақ –жауап. «Балық аулау»

 

-  Сен қай көшеде тұрасың?



-  Мен Достық көшесінде тұрамың.

-  Сен нешінші үйде тұрасың?

- Мен төртінші үйде тұрамың.

 

Ойын «Автобус» - балалар – өз автобустарың табуға жасыл, сары, қызыл билет арқылы тиісті.

 

6 аялдама.

 Сөйлемге  керекті сөздерді қойып, көшіріп жаз.

 

Мынау- ....................... көшесі.

Желтоқсан көшесі......................, ұзын.

Аялдамада...................... тұр.

Керекті сөздер: Желтоқсан, кең, аялдама, ата. 

7 аялдама.

Көшені құрастыру. 



- Мынау не?

- Көшеде нелер бар?

- Көше қандай?

- Мынау  қандай көше?
Сабақты қортындылау.

Бағалау.  Ұй жұмысы.

 

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ Біздің үй.


4-сынып.
МАҚСАТЫ: Білімділік:
«Біздің үй» лексикалық тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.Көмекші есімдерді есте бекіту.
Лексикалық тақырыпты практикалық жолмен түсіндіру.
Тәрбиелік:
Бейнелеу өнері, еңбекке баулу оқушыларды көркемдікке тәрбиелеу. 
Ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Берілген сөз тіркестерінен сөйлем құрай білуге, әңгіме құрастыруға жетелеу. Сөйлесім әрекетін дамыту.

МІНДЕТТЕРІ Оқушылардың ауызша және монолог түріндегі тілін дамыту;
Орфографиялық сауаттылықтарын дамыту;
Грамматикалық білімін дамыту мақсатында жаттығулар орындау.
РЕСУРСТАР Стикерлер, маркерлер, түрлі-түсті жапырақшалар, ақ қағаздар (А2), флипчарт, оқулық
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ 
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгендеу
Сабаққа деген ынталарын байқау, бағыттау. 

Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз өзімізді білімді, мәдениетті, үлгілі оқушылар екенімізді көрсетейік.
Сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберінде бір-бірімізге сәттілік тілейік!
Психологиялық ахуал Барлығы хормен айтады:
Сабағыңды жөндеп
Әзірленсең-еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек!

БІЛУ.
Ой қозғау.

Оқушылар, жан-жағымызға назар аударайық. Не байқадыңдар? Бағыттаушы белгі сыныптың қай жерлерінде және нені білдіреді?

Шкафтың үстінде,терзенің алдында,тақтаның жанында, қасында, партаның астында,
портфельдің ішінде, тақтаның артында

Топтық жұмыс береді.
Топ мүшелерінің жұмыстарын бақылайды.

Топ көшбасшылары (топта бөлінетін рөлдерді ) бөледі. Оқушылар топпен ақылдасып, бір шешімге келеді. Оқушылар өз жауаптарын ортаға салады. 
ТҮСІНУ.

Грамматикалық анықтағыш 

Көмекші есімдер дегеніміз- ...

Фонетикалық жаттығу.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру

үстінде-на, над
ішінде-в, внутри
жанында,қасында-возле, около
артында-за
алдында-перед
астында-под

Көмекші есімдер –негізгі сөздермен тіркесіп келіп, олардың кеңістікке қатысын толықтырып, нақтылап тұрады. Служебные имена, сочетаясь с именем существительным в родительном падеже, образуют словосочетания, имеющие пространственное значение. Служебные имена в местном падеже выполняют функцию предлогов и соответствуют русским предлогам: в,на, над,за, перед, возле, под.
үстінде-на, над
ішінде-в, внутри
жанында,қасында-возле, около
артында-за
алдында-перед
астында-под
Ереже.
Топ мүшелерінің жұмыстарын бақылайды.

Оқушылар грамматикалық анықтағыш кестесін толтырады
(Ауызша) оқушылар топ ережесін сақтай отырып, өз қызметтерін дұрыс орындау керек.

ҚОЛДАНУ
Үй тапсырмасын сұрау.

Топтық жұмыс.
Көмекші есімдерді қатыстыра отырып,«Біздің үй» тақырыбына постер( жоба) қорғау

Сергіту сәті.
«Топ-топ»
Топтық жұмыс кезінде топ мүшелерінің жұмыстарын бақылайды.Көмекші есімдерді дұрыс қолдануын қадағалайды 


Топтық жұмыстың дұрыс бағалануын қадағалайды.
Топтық жұмыс кезінде топ мүшелері өз жұмыстарында көмекші есімдерді дұрыс қолдану керек. Оқушылар өз жұмыстарын қорғайды.

ТАЛДАУ

Тақырыпқа байланысты суретпен жұмыс. 
Көмекші есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.

(үстінде-на, над
ішінде-в, внутри
жанында,қасында-возле, около
артында-за
алдында-перед
астында-под)
Суретпен жұмыс орындауды тапсырады.
Көмекші есімдерді дұрыс қолданылуын бақылайды.
Топта суретпен жұмыс жасайды.
Көмекші есімдерді қолданады.

ЖИНАҚТАУ. 

Көп нүктенің орнына тиісті көмекші есімдерді қойып жазу.

Үйдің ... дәріхана бар. (возле)
Үстелдің ... кітап, қалам және дәптер жатыр. (на)
Еденнің ... қызыл кілем жатыр. (на)
Үйдің ... үлкен саябақ бар. (за)
Үстелдің ... орындық бар. ( возле)
Үстелдің .... мысық отыр. (под)

Топтық жұмыс орындатады.
Топ мүшелерінің жұмысын бағалайды.

Топтық жұмыс орындайды. Көп нүктенің орнына тиісті көмекші есімдерді дұрыс қойып жазады.

Фонетикалық талдау
Сөздер Дауысты дыбыс-р Дауыссыз дыбыстар
жуан жіңішке қатаң ұяң үнді 
пәтер - ә,е п,т - р
бөлме
терезе
орындық
үстел
кілем
Грамматикалық тапсырма орындатады.
Фонетикалық талдау. Грамматикалық тапсырма орындайды.

Топта фонетикалық талдау жасайды.
Дыбыстық талдау-дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

БАҒАЛАУ
Өзін-өзі бағалау парағын толтыру.

Сабақты бекіту.
Көмекші есімдер –негізгі сөздермен тіркесіп келіп, олардың кеңістікке қатысын толықтырып, нақтылап тұрады.
(үстінде-на, над
ішінде-в, внутри
жанында,қасында-возле, около
артында-за
алдында-перед
астында-под)

Үйге тапсырма:142-бет, 2-тапсырма.
Көмекші есімдерді қатыстыра отырып, сөйлем құрау.
Қорытынды.


Оқушыларға өзін-өзі бағалау парағын таратады.

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады.
Стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады.

РЕФЛЕКСИЯ

Сабақтың тақырыбы: Менің күн тәртібім

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың қазіргі кезең балалар әдебиеті бiлiмiн кеңейту.2.Дамытушылық: сөздік қорын молайту. 3. Тәрбиелік: тәрбиелік әңгіме жүргізу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемедесу:Сәлеметсіздер ме? Отырыңыздар.

ә) Түгендеу: Кезекшіге сынып тізімін беріп белгілету.

б) Уақытына қарай қосымша сұрақтар қою.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Бекіту.



IV. Фонетикалық талдау.

Сыныпты үш топқа бөлу. Әр топ өз тапсырмасын алады. Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Содан кейін жауап үлгісі бойынша бір-бірінің тапсырмасын тексереді.

I топ: күн тәртібі

ІІ топ: күнтізбе

ІІI топ: мәлімет

V. Сөздік жұмыс.

ояну - просыпаться кесте - график

шешіну - раздеваться ауысым - смена

серуендеу - гулять біраз - немного

орындау - выполнять ұйықтар алдында - перед сном

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

3. Жана сөздерден сөз тіркестерін құрау.

4. Сөйлемдер құрау.

5. Жана сөздерді сездік дәптерге жазу.

VI. Оқулық бойынша жұмыс. «Менің күн тәртібім» мәтінімен жұмыс.

а) Мәтін бойынша «Даналық ағашы» ойыны.

Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы керек. Енді әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап, неғұрлым толық жауап беруі тиіс.

ә) Мәтін бойынша «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойыны.

Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығады. Шеңбер бойымен отырады. Ортада жүргізуші көзін жұмып, кез келген ойыншыға нұсқайды. Мәтінді ойдан жаңғыртуды сол бастайды. Бұдан өрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.



VII. Сергіту жаттығу.

VIII. Грамматикалық тақырып. Мұғалім оқулықта берілген сызба бойынша грамматикалық тақырыпты еске түсіреді. Оқушылар осы сызбаны дәптерлеріне кешіріп жазады. Мұғалім грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сұрақтарға жауап береді.

IX. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру. Әр оқушы өз орнында отырып, өз бетінше жұмыс істейді. Дайындыққа 3 минут уақыт беріледі. Бірнеше оқушының жауабын тыңдау.

Үлгі: Таңертең мен сағат жетіде оянамын,



X. Бекіту. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.

1. Сен нешеде оянасың?

2. Таңертеңгі асты нешеде ішесің?

3. Мектепке дейін немен барасың?

4. Мектепте сабақ нешеде бітеді?

5. Қай уақытта үйге келесің?

6. Қанша уақыт үй тапсырмасын орындайсың?

XI. 5-тапсырма. Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.



XII. Үй тапсырмасы 4-тапсырма.

Сабақтың тақырыбы: Жолбарыс


Сабақтың мақсаты:

Білімділік.Өткен сабақта жануарлар жайлы алған білімдерін жалғастыра отырып, жолбарыс жайлы мәлімет беру.

Дамытушылық. Жануарлар жайлы өз ойларын айта білуге дағдаландыру,ауызекі сөйлеу, әңгімелеу арқылы сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік.Таза, ұқыпты жазуға баулу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі 

 (Сәлемдесу, оқушыларды  сабаққа  даярлау,сынып тазалығына мән беру) 

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

- Отырыңдар!

- Сыныпта кім кезекші?

- Бүгін кім жоқ?

- Сабаққа дайынсыздар ма?

ІІ. 1. Үй тапсырмасын сұрау. 2. Өткен сабақты пысықтау. 

ІІІ.Жаңа сабақты өтпес бұрын,өткен сабақта танысқан сөздерді есімізге түсірейік.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жолбарыс»

Сабағымыздың мақсаты: жануарлар тақырыбын жалғастырып,жолбарыс жайлы өз білімімізді толықтыру

Алдымен балалар, жалпы жануарларға не жататынын атап өтейікші. Жануарларға: Аю,піл, жолбарыс, тасбақа, кит, керік, т.б. жатады. Осы аталған жануарлардң ішінен балалар, біз бүгін жалбарыс жайлы сөз қозғаймыз.

Енді балалар, жолбарыстың қандай екенін білу үшін, бүгінгі сабақтың жаңа сөздерге назар аударайық

Жолбарыс – тигр

Күшті – сильный

Жыртқыш – хищник

Қабан – дикая свинья

Оңай – легко

Ертеде – давным-давно

Қамыстың жағасында – в прибережных камышах

1-тапсырма. Мәтінді оқы, әңгімеле

Жолбарыс - өте күшті жыртқыш аң. Ол 9-10метр жерге секіреді. Жолбарыс қабанды, сиырды, жылқыны оңай өлтіреді. Ол аюды да өлтіре алады. Жолбарыс сағатына 120 км жүгіре алады. 

Ертеде Қазақстанның Іле, Балқаш, Сырдария,Зайсан сияқты өзен, көлдерінің қамысты жағасында жолбарыс көп болған. 

Алдымен оқушыларға оқытамын. Аудартамын.

Мәтін бойынша сұрақтар қоямын.

- Жолбарыс қандай аң?

- Ол қанша метр жерге секіреді?

- Жолбарыс қандай жануарларды өлтіре алады?

- Сагатына неше мерт жүгіре алады?

- Ерте заманда жолбарыстар еліміздің қай өңірінде мекендеген?

2-тапсырманы орындату. Сөйлем құрап үйрен.Ұқсас тапсырма жазу

1. Жолбарыс

2. Үлкен жолбарыс

3. Үлкен жолбарыс көрдім

4.Мен үлкен жолбарыс көрдім

5. Мен хайуанаттар бағында үлкен жолбарыс көрдім

3-тапсырма. Сөйлемдерді жаз.

Сен білесің бе?

Ең ірі маймыл – горила

Ең ірі бақа – голиаф

Ең кіші кенгуру – валлаби

Ең жүйрік сүтқоректі – гепарт

Ең ірі қолтырауын – Ніл қолтырауыны

Ең ірі- көбелек – агриппитина

4-тапсырма. Оқы, біліп ал. Тапсырманы ауызша орындау

Оңай жаттығу, оңай жазу, оңай есеп, оңай тапсырма, оңай сабақ

5-тапсырма. Сөзжұмбақты шеш.

ІҮ.Сабақты қорытындылау

Балалар, біз бүгінгі сабақта біз қандай тақырыппен таныстық?



Қане есімізге түсірейікші, жолбарыс қандай жануар?

Ү.Үйге тапсырма. Жаңа сөздерді жаттау,1-тапсырма, оқып, мазмұнын айту

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет