Сабақтың әдістемелік нұсқауы «Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру»



бет14/59
Дата15.07.2020
өлшемі210,33 Kb.
#75246
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59
Байланысты:
лекция казакша

100 минут

Дәріс жоспары:

1.Ауру-сырқаулық халық денсаулығын сипаттайтын негізі

2.Қаралуға өздігінен келу мәліметтері бойынша жалпы ауру-сырқаулық.

3.Медициналық тексеру мәліметтері бойынша ауру-сырқаулық.

4. Денсаулық сақтау субъектілері

Дәрістің қысқаша мазмұны.
1.Ауру-сырқаулық халық денсаулығын сипаттайтын негізі

Ауру-сырқаулық халық денсаулығын сипаттайтын негізгі белгілердің бірі болып табылады. Ауру-сырқаулық деп халық арасында немесе бөлек топтарда (жастық, жыныстық, аймақтық, кәсіби және т.б.) бір жыл ішінде алғашқы рет анықталып, тіркеуге алынған аурулардың жиынтығын айтамыз.

Ауру-сырқаулық денсаулық сақтау мекемелерінің ғылыми зерттеу және тәжірибелік қызмет объектісі ретінде бір бірімен байланысты түсініктер жүйесі болып табылады:


  • ауру-сырқаулық (алғашқы ауру-сырқаулық, incidence) халық арасында немесе бөлек топтарда бір жыл ішінде алғашқы рет анықталып, тіркеуге алынған аурулардың жиынтығы;

  • аурудың таралуы (сырқаулық, жиналған ауру-сырқаулық ргеvаlеnсе) – биылғы жылы бірінші рет анықталған аурулар мен өткен жылдары анықталып, биылғы жылы бірақ рет тіркеуге алынған аурулар жинағы;

  • дәрігерлік қарауда айқындалған аурулар (патологиялық зақымдалу, роint-ргеvаlеnсе) — дәрігерлік қарауда айқындалған аурулар мен түрлі морфологиялық және функционалдықөзгерістердің жиынтығы.

Ауру-сырқаулық туралы мәліметтердің негізгі көздері:

  • емдеу алдын алу мекемелеріне қаралуға өздігінен келу мәліметтері бойынша;

  • медициналық тексеру мәліметтері бойынша;

  • өлім себептері туралы мәліметтері бойынша.

Қосымша ресми көзі – мүгедектік себептерін зерттеу мәліметтері бойынша.

Қаралуға өздігінен келу мәліметтері бойынша ауру-сырқаулық статисткасы: жалпы ауру-сырқаулық, жедел жұқпалы ауру-сырқаулық, эпидемиялы емес аурулық, госпитализацияланған аурулық, уақытша еңбекке жарамсыздық аурулығы болып бөлінеді. БДҰ айтуы бойынша ауру-сырқаулықтың әр бір көрсеткіші есептелген кезде мынадай талаптарға сай болу керек: берік, объективті, сезімтал, нақты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет